
Арыс ауданы көлемінде көшелер мен қоғамдық орындарда құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жедел жағдайды тұрақтандыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау. Заңнамаға сәйкес ішкі істер органдары жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде құқық белгілейтін құжаттарды тексеру және көлік құралдарын, сондай-ақ, жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды және заттарын жеке тексеру, атыс, травматикалық, суық қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды тәркілеу, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды, заңсыз мигранттарды анықтауды жүзеге асырады.
Қоғам тыныштығы мен құқықтық тәртіпті сақтау барысында жүргізіліп жатқан жұмыстарға аудан халқы түсіністік танытып, заңға қарама-қайшы іс-әрекеттерге жол бермеуін сұраймыз.
Түркістан облысының полиция департаменті облыстың барлық тұрғындарына ескертеді, өңірде полиция қызметкерлері апта сайын сағат 23:00-ден кейін алкогольдік өнімдер сататын дүкендерді анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда сағат 23:00-ден 8:00-ге дейін алкогольді ішімдіктерді сатуға тыйым салатын заң бар.