ГлавноеНовости

(Қазақша) Мектеп оқушыларына профилактикалық шара жүргізілді

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Түркістан облысы Полиция департаменті Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шомылу маусымының басталуына байланысты мектеп оқушылары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында оқушыларға белгіленбеген су арналарының жағалауында суға шомылуға қатаң тыйым салынатынын хабарлай келе, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау жөнінде ескертілді.

Бұл профилактикалық шара адамдардың белгіленбеген орындарда суға шомылуының алдын алу, суға түсу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауға бағытталып, алдағы уақытта да жалғасатын табатын болады

Түркістан облысының полиция департаменті суда қаза болғандардың басым көпшілігі мас күйінде болатынын ескертеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button