Зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары түсіндірілді

Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы А. Утебаева мен Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығының аумақтық психолог маманы П.Мүтәлі, тұрмыстық зорлық – зомбылықтың алдын алу, жолын кесу, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту, арнайы сенім телефондардың бар екендігі жөнінде ақпараттық – насихаттау жұмыстарын жүргізді.
Атап айтсақ, Шаян ауылында адам көп шоғырланған орындарда, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінде арнайы жадынамалар таратылып, халыққа құқықтық кеңес берілді.
Сонымен қатар жайсыз отбасылар мекенжайы бойынша тексеріліп, психологиялық көмек көрсетілді.
Түркістан облысының полиция департаменті тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің көбі ішімдік пен есірткіге мас күйінде болатынын еске салады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда сағат 23:00-ден кейін алкогольді ішімдіктерді сатуға тыйым салатын заң бар.