ГлавноеНовости

(Қазақша) Түркістан: облыс полицейлері 20-дан астам мекенжайда тұрғындарды қабылдап, құқықтық кеңес берді

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Түркістан облысында полицейлердің ұйымдастыруымен «Жолда қабылдау» акциясы өтті. Тәртіп сақшылары облыс бойынша барлығы 22 орында азаматтарды қабылдады.

Нәтижесінде бірінші күні 250-ге жуық тұрғынның мәселесіне ден қойылды. Азаматтардан келіп түскен әрбір сауал жауапсыз қалмай, заң аясында құқықтық кеңес берілді.

Мәселен жұртшылық тарапынан автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәлігін алу және айыппұлдарды мерзімінде төлеу, көші-қон қызметіне қатысты сауалдар көптеп қойылды.

Айта кетсек, іс-шара 15-маусым күні таңғы сағат 09:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жалғасады. Егер полицияға қатысты сұрақтарыңыз, ұсыныс-пікірлеріңіз болса, қапы қалмаңыз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button