ГлавноеНовости

(Қазақша) Жыл басынан бері жемқорлыққа қатысы бар 660 шенеунік әшкере болған

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады. Агенттік басшысы  жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. 

Жыл басынан бері елімізде 947 жемқорлыққа қатысты қылмыс тіркеліп, 660 адам әшкереленген. Оның 104-і — әртүрлі деңгейдегі басшылар.

Тергеу амалдары аяқталған қылмыстық істер аясында 193,5 миллиард теңге өтелген.

Жалпы, 2022 жылдан бері мемлекетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1,03 триллион теңге көлемінде мүліктік активтер мен қаржы қайтарылған.

Биыл білім, ғылым, спорт, дәрі-дәрмек сатып алу, құрылыс, жер телімдерін бөлу салаларына жүргізілген талдау және мониторинг жұмыстарының қорытындысы бойынша 113 есеп әзірленген.

Мемлекеттік органдарға жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған мыңнан астам ұсыныс берілген.

Алдын алу шаралары аясында, соның ішінде «Бірыңғай сатып алу терезесі» порталына мониторинг жүргізу арқылы 31 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берілмеген.

«Бизнеске жол» жобасын жүзеге асыру кезінде 7,5 мыңға жуық кәсіпкердің құқығы қорғалып, 67 түйткілді кейс шешімін тапқан.

Жол саласындағы жемқорлық әрекеттерді жоюға қатысты тапсырмасының орындалу барысы жөнінде баяндады.

«Ақшаны бояу» пилоттық жобасын әлеуметтік маңызы бар салаларда, соның ішінде жол құрылысында іске асыру жоспарланып отыр.

Жыл басынан бері Қатар, Гонконг, Әзербайжан және Ресей Федерациясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволарымен ынтымақтастық туралы 4 меморандумға қол қойылғаны жайында мәлімет берді.

Аталған құжаттар құқықтық көмек көрсету, активтерді қайтару, адамдарды іздестіру, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына және сатып алу үдерісіне мониторинг жүргізу мәселелері бойынша серіктестікті нығайтуға бағытталған.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан Облыс әкімінің төрағалығымен Түркістан облысы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өткен болатын. Онда мәжілістің күн тәртібінде 5 мәселе қаралып, оны шешу жолдары талқыланды.

Басқосуда облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындысын баяндалды. Сондай-ақ ұзаққа созылған құрылыс нысандары және инфрақұрылым бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына енгізілген жылу электр станциялары мен жылыту қазандықтары бойынша өзекті мәселелер, апатты жағдайлардың алдын-алу жұмыстары туралы және сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жер сілкінісіне төзімділік бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Білім беру ұйымдарындағы есеп-қисаптағы сыбайластықты жою бойынша бірыңғай цифрлық есептеу жүйесін автоматтандырудың пилоттық жобасы аясында іске асырылып жатқан жұмыстар баяндалды.

Түркістан облысының әкімі ауыл шаруашылығы саласындағы субсидия беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша нақты шаралар қабылдауды, заңсыз берілген субсидияларды мемлекетке қайтару жұмыстарын жүргізуді, анықталған кемшіліктерді жоюды және алдағы уақытта жол бермеу мақсатында жүйелі шаралар қабылдауды тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button