БастыЖаңалықтар

Түркістан: Сайрамда нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы отырыс өтті

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған отырыс өтті.

Аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов төрағалық еткен жиынға аудан прокурорының орынбасары Мерлан Шотыков, аудандық полиция басқармасының бірінші орынбасары Руслан Ендібаев және тиісті мекеме мен бөлім басшылары, ауыл округ әкімінің орынбасарлары, ауыл билері және белсенді жастар қатысты.

Күн тәртібінде нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру мәселесі қаралды. Аталған тақырып аясында аудандық полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Р.Ендібаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Хамраев, аудандық орталық ауруханасының нарколог дәрігері С.Камалов баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстары жайында кеңінен тоқталды.

Отырыс қорытындысында аудан әкімінің орынбасары М.Бақтыбайұлы аталған мәселеге әрбір қызметкердің жауапкершілікпен қарауы қажет екенін жеткізді. Сонымен қатар, нашақорлықтың алдын алу мен жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды ұдайы жүргізу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button