
26 маусым — Халықаралық нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай, Түркістан облысы Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің бастамасымен, және «Жастар ресурстық орталығының» қатысуымен «Эра.KZ» қоғамдық бірлестігі «Біз есірткісіз өмірді таңдаймыз!!!» атты шара өткізді.
Шараға аудан әкімінің орынбасар Б.Шомпиев, аудандық орталық ауруханасының өкілдері және жастар мен жасөспірімдер қатысты. Іс-шараның мақсаты жасөспірімдерді зиянды әдеттерге әуестігінің жолын кесіп, тисінше оларды спортқа, мәдениетке, білімге және қоғамдық ортадағы тәрбиелік шараларға деген белсенділіктерін арттыру. Сонымен қатар, жастармен жақын араласып, оларды психологиялық тұрғыдан сүйемелдеу.