Түркістан: Сауранда сервистік тәсілді енгізу бойынша топ мүшелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Аудан әкімінің аппарат басшысы, аудан әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Бахытжан Полатов аудан әкімдігі жанынан құрылған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топтың мүшелерімен жиналыс өткізді.
Жиын барысында мемлекеттік қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптары мен міндеттері жөнінде мағлұмат берді.
Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсіл – бұл азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қылмысқа қарсы тиімді күрес жүргізу және халықтың билік органдарына сенімін арттыру үшін мемлекеттік органдар мен қоғамның тығыз ынтымақтастығын білдіретін ұйымдастырушылық стратегия болып табылады.
Аудан әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Бахытжан Полатов қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу бойынша жұмысшы топ мүшелеріне жұмысты жандандыру бағытында нақты тапсырмалар берді.