БастыЖаңалықтар
Түркістан: Созақта сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша жиын өтті

Созақ ауданы әкімі аппаратының басшысы Абдуахат Бакировтің төрағалығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатқан ішкі талдау нәтижелері бойынша жиын өтті. Жиынға аудан әкімінің аппараты қызметкерлері, қоғамдық кеңес мүшелері, аудан әкмідігінің дербес бөлім қызметкерлері мен жауапты мамандар қатысты.
Жиында аудан әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы Ұлжан Шекеева жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін баяндады. Жиынды қорытындылаған мәжіліс төрағасы Абдуахат Бакиров мемлекеттік қызметшілерді лауазымдық міндеттерін үлгілі, мінсіз атқаруға шақырып, мемлекеттік қызметте тиімді және нәтижелі жұмыс жүргізіп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.