Новости

(Қазақша) Түркістан: Ордабасында “Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу” тақырыбында мастер класс өтті

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

№18 колледждің 1 курс студенттеріне «Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Тренингке «Baglan Group» ҚҚ басшысы Ә. Құрбанов, «Шаңырақ» ҚБ басшысы С.Байзахова, «Жігерле» ҚБ басшысы А.Әбдінабиева және аудандық аурухананың нарколог дәрігері М.Сүлейменов, Жастар ресурстық орталығының психолог маманы Б.Сағымбек қатысты.

Шараның мақсаты — жастар арасында нашақорлыққа жол бермеу, тәуелділікке бой алдырмау, нашақорлық — ғасыр дерті екендігін, нашалық заттар адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Кездесуде жастар арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік алдын алудың өзекті теориялық және қолданбалы мәселелері айтылды. Қазақстан жастарының өмір сүру салты, еліміздегі нашақорлық деңгейі, статистикалық көрсеткіштері талқыланады. Сонымен қатар бұл жұмыста нашақорлық және жасөспірімдер қылмысы проблемасы, кәмелетке толмағандардың есірткіге құмарлығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар жайлы айтылды. Сөз соңында сала маманы жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді істермен айналысуға шақырды.

Тренинг барысында түрлі ойындар ойнатылып, белсенді студенттерге ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар таратылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button