ГлавноеНовости

(Қазақша) Түркістан: Келесте мектеп бітіру кешіне рұқсат етілмейді

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Келес ауданындағы мектеп бітірушілері үшін оқу жылының аяқталуына арналған «Соңғы қоңырау» іс-шарасы 25 мамырда өтетін болады. Мектеп бітіру кешіне орай іс-шараларды өткізуге аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, жеке студияларды тартуға, мерекелік үстелдерді ұйымдастыруға, жалға берілетін автокөліктерді тарта отырып, аудан бойынша көшпелі экскурсиялар өткізуге, әкімшілік пен педагог қызметкерлерге сыйлықтар үшін ақшалай қаражат жинауға рұқсат етілмейді. Бұл туралы Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариевтің төрағалығымен «Келес ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия» отырысында айтылды.

Жиын барысында тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық іс-шаралар қабылданатындығы, сонымен қатар Халықаралық нашақорлық және есірткі бизнесімен күрес күніне және балаларды қорғау күніне орай жасөспірімдер арасында спорттық іс-шаралар ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

– Мектеп бітіру кеші аяқталғаннан кейін іс-шараларды өз бетімен жалғастыруға болмайды. Барша ата-аналарға және түлектерге тәртіпті сақтауға шақыру қажет. Сонымен қатар, ата-аналар мен түлектерді судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша ісшаралар қабылдансын. Барша ісшаралар жоспар аясында жүзеге асу қажет, — деді аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы Даурен Сариев.

Жиынға аудандық полиция бөлімі, аудандық кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтары қорғау жөніндегі комиссия мүшелері, Келес ауданының білім бөлімінің қызметкерлері қатысты. Айта кетейік, мектеп түлектеріне арналған «Соңғы қоңырау» 25 мамыр күні соғылады. Осы жылы ауданымыздан 2000-нан аса бітіруші түлек үлкен өмір жолына қадам басқалы отыр, оның ішінде 89 оқушы “Алтын белгі” төсбелгісіне және 144 оқушы “үздік аттестатқа” үміткер.

Басқа жаңалықтар

Back to top button