ГлавноеНовости

(Қазақша) Полиция жертөлеге есірткі еккен азаматты анықтады

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Түркістан облысы Ордабасы ауданында учаскелік полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс шарасын атқару барысында жергілікті тұрғынның үйіндегі жер төлесінен есірткі өсімдігін тапты.

Ер азамат өзінің екі қабатты үйінің кіреберісінің төменгі жағына жертөле салып, онда гүлдің құтыларына сора есірткі өсімдігін еккен. Арнайы жарықшамдармен жасақтап, сораның жайлы өсуі үшін жағдай жасаған.

Бүгінгі таңда 10 шақты сора өсімдігі тәркіленіп, қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу жүргізіліп, істің мән-жайы анықталуда.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында есірткі қылмыстарымен күресу тәжірибесі болмағандықтан, бұл қылмысқа тосқауыл қоюдың нәтижесі төмен болып келген болатын, ал қазіргі уақытта осындай қылмыстардың алдын алу мен жолын кесуде құқық қорғау органдары айтарлықтай тәжірибе жинақтады.

Уәкілетті органдардың есірткімен күресте бірлесіп жүргізген кешенді жұмыстарының нәтижесінде есірткі тасымалдау арналарына тосқауыл қойылып, оны таратушыларға қарсы күрес күшейтілді, сөйтіп, бұл саладағы бірқатар қылмыстардың беті ашылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button