Новости

(Қазақша) ПРЕЗИДЕНТ: ВЕНЧУРЛЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТӘСІЛІ ИННО­ВА­ЦИЯ­ЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ ҚОСУҒА ҚАЖЕТТІ НЕГІЗГІ ҚАРАЖАТ КӨЗІ БОЛУҒА ТИІС

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Президент  жалпы ІТ саласы, жасанды интеллект туралы айтқанымен, соның ішінде қаржы технологияларына ерекше көңіл бөлуді жөн көрді.

Бизнес-инкубатор, коммерцияландыру орта­лығы, технопарк, құрастыру бюросы сияқты инно­вациялық инфрақұрылымдар құруға қатысты жеке бастамаларға сөз жүзінде емес, нақты іспен қолдау көрсететін пәрменді шаралар керек екенін айтқан Пре­зидент шетелдің озық тәжірибесін пайдаланған жөн екеніне тоқталды.

– Венчурлық қаржыландыру тәсілі инно­ва­ция­лық жобаларды іске қосуға қажетті негізгі қаражат көзі болуға тиіс. Сондықтан жобаларға еліміздегі және шетелдегі инвесторлардың қызығушылығын арт­тыру үшін құқықтық және қаржылық мәселенің бә­рін шешу қажет, – деп саланың құқықтық негізін дұрыс қалауға мән беру керек екенін баса айтты.

Қазақстан финтех қауымдастығы еліміздегі қар­жы технологияларының басында онлайн кредит беру ұйымдары тұрғанын айтады. 2014 жылдың басында қаржыландыру нарығы жаңа құбылыс – онлайн-несиелеу нарығында жұмыс істейтін ком­паниялар пайда болды. Бірінші кредиттік бюроның мәліметіне сүйенсек, 2015 жылы, бір жыл ішінде онлайн несиелеу нарығы орта есеппен 45 пайызға өсіп үлгерген.  Жалпы, онлайн немесе цифрлық қаржы ұйым­дарының, кей елдерде тіпті банк­тердің пайда болуы әлемдік финтехтің дамуындағы ал­ғышарт болды. Толығымен онлайн, салалық емес ме­кемелер дәстүрлі банк моделін бұзды. Мобильді қо­сымшаларға және тұтынушылардың ыңғайына қа­рай икемделе білген цифрлық банктер дәстүрлі банктерді өз стратегияларын қайта қарауға мәжбүр еткен еді.
Криптонарық пен блокчейн индустриясының дамуы да – қаржы технологияларының маңызды бө­лігі. Bitcoin және Ethereum сияқты крип­товалю­та­лар инвесторлардың да, технологтардың да на­за­рын бірден аударды. Бұл сала елімізде халыққа кең та­ралмаса да, мүлдем келген жоқ деп теріске шы­ғару­ға болмайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button