БастыЖаңалықтар

ҰҚК бірнеше өңірде арнайы операция жүргізді

Терроризмге қарсы іс-қимыл шеңберінде шілде-тамызда ҰҚК полиция органдарының көмегімен және прокуратураның үйлестіруімен Астана , Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында бірқатар іс-шара өткізді, – деп хабарлайды degeneken.kz.

Нәтижесінде Қазақстанның 5 азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған.

“Тергеу нұсқасы бойынша, олар террорлық әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында терроризмді насихаттауға, діни алауыздықты қоздыруға және адамдарды тартуға қатысқан.

Тұрғылықты жерлерін тінту кезінде қару-жарақ, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдемелер алынды”, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Айта кету керек, күдіктілердің екеуі адам өлтіру, тонау және бұзақылық үшін соттылы болған. Тағы біреуі бұрын лаңкестердің шетелдік лагерьлерінде дайындықтан өтіп, шет мемлекет аумағында қарулы қақтығыстарға қатысқан.

Қылмыстық кодекстің 174, 256, 259-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button