
Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі заттарын сақтады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады.
Тінту кезінде полицейлер, аудан тұрғынының құрылысы бітпеген тұрғын үйіне жасырылған, ішінде есірткіге ұқсас заты бар пакетті тәркіледі.
Сараптамаға сәйкес, есірткінің жалпы салмағы шамамен 14 грамм «марихуана» болып шықты. Ер адам өз жауабында, аталмыш есірткіні мал жаю кезінде тауып алып, өзі тұтыну үшін сақтағанын жеткізді.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Темекі шегу – адам денсаулығына ең зиянды әдеттердің бірі. Әлемдегі миллиондаған адам темекі шегудің кесірінен түрлі ауруларға шалдығып, өмірін ерте аяқтауда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, жыл сайын темекінің әсерінен 8 миллионнан астам адам қайтыс болады. Оның ішінде 1,2 миллион адам темекі шекпеген, бірақ пассивті түрде түтінмен уланған.
Темекі шегу тыныс алу жүйесін зақымдап, өкпе қатерлі ісігі, жүрек-қан тамырлары аурулары, инсульт секілді ауыр жағдайларға себепші болады. Сонымен қатар, темекі шегу адамның иммундық жүйесін әлсіретіп, инфекциялық ауруларға қарсы тұру қабілетін төмендетеді.
Темекі шегудің тағы бір қауіпті жағы – ол жеңіл есірткілерге жол ашуы мүмкін. Жастар арасында темекі шегу көбінесе есірткіні алғашқы рет қолданудың алғышарты болып табылады. Статистика көрсеткендей, темекі шегетін адамдар жеңіл есірткілерді қолдануға бейім болады. Бұл адамның психикалық және физикалық денсаулығына қайтымсыз зиян келтіреді.
Дәрігерлер мен ғалымдар темекіден бас тартуға шақырады, себебі ол тек денсаулыққа ғана емес, адамның өмір сапасына да кері әсер етеді. Әрбір темекі шегу – өз өміріңді қысқарту мен ауыр ауруларға жол ашу дегенді білдіреді.