Түркістан облысы аудандарының бірінде полицейлер “Нашақорлыққа жол жоқ!” шарасын өткізді

Нашақорлық – адам денсаулығы мен болашақ ұрпаққа қауіп төндіретін қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі. Полицейлер оның зияны мен салдары туралы халықты құлақтандыру мақсатында тұрақты негізде түрлі алдын алу іс-шараларын жүргізуде.
Мәселен “Қарасора” іс-шарасы аясында Мақтаарал ауданының тәртіп сақшылары, прокуратура және жастар ресурстық орталығының өкілдері бірлесіп, “Нашақорлық пен синтетикалық есірткіге жол жоқ!” тақырыбында халық пен жастардың бойында есірткіге қарсы сананы қалыптастыруға бағытталған ауқымды қызмет атқарды. Яғни іс-шара аясында қоғамдық орындарда және аудан орталығының көшелерінде бейнероликтер көрсетілді.
Сондай-ақ жаднамалар таратылды және тыйым салынған заттарды, оның ішінде синтетикалық есірткілерді тұтыну мен тарату және олардың денсаулыққа тигізетін зардаптары туралы түсіндірмелер берілді.
Полицейлер тұрғындардың назарын салауатты өмір салтын ұстануға, дұрыс жолды таңдауға және жаман әдеттерден бас тартуға шарқырып, нашақорлықтың алдын алу бойынша осындай іс-шаралар алдағы уақытта да жүргізіле беретінін жеткізді.
Алкоголь, темекі және есірткі – адам ағзасына ең қауіпті зиянды заттар. Бұл әдеттер адамның физикалық және психикалық денсаулығына ауыр әсер етіп, ұзақ мерзімді ауруларға және ерте өлімге әкеледі.
Алкоголь ішімдіктері бауырды, жүрек-қан тамырларын зақымдап, миға зиян келтіреді. Алкогольді жиі және көп мөлшерде тұтыну бауыр циррозы, жүрек аурулары және психикалық ауытқулардың дамуына әкелуі мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жыл сайын 3 миллионға жуық адам алкогольдің әсерінен көз жұмады.
Темекі шегу де адам ағзасына үлкен зиян келтіреді. Темекі өкпе рагына, жүрек-қан тамырлары ауруларына, тыныс алу жүйесінің созылмалы ауруларына себепші болады. Әлемде жыл сайын темекінің әсерінен шамамен 8 миллион адам қайтыс болады, оның ішінде пассивті шегуден зардап шегетіндер де бар.
Есірткілер, әсіресе синтетикалық және жеңіл есірткілер, адамның жүйке жүйесіне терең зиян тигізеді. Есірткіге тәуелділік тез дамып, адамның өмірін толықтай өзгертіп, психикалық ауруларға, есірткінің мөлшерін көбейтіп, өлімге әкелуі мүмкін. Есірткі қолдану адам өмірінің барлық аспектілеріне теріс әсер етіп, отбасымен, қоғаммен қарым-қатынасты бұзады.
Бұл зиянды заттар тек жеке адамның денсаулығына ғана емес, жалпы қоғамға да кері әсерін тигізеді. Дәрігерлер мен мамандар халықты осы заттардың зияны туралы ақпараттандырып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Алкогольден, темекіден және есірткіден бас тарту – денсаулықты сақтаудың және ұзақ әрі сапалы өмір сүрудің негізгі жолы.