БастыЖаңалықтар

Риддер қаласының тұрғындарына ыстық су беру уақыты белгілі болды

2024-2025 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындық шеңберінде Риддер ЖЭО-да негізгі және қосалқы жабдықтарды, сондай-ақ жылу желілерін күрделі және ағымдағы жөндеудің ауқымды бағдарламасы жүргізілуде. Аталған жұмыстар қаланы суық күндеріне дайындаудың ажырамас бөлігі болып табылады және Риддер халқы мен кәсіпорындары үшін жылу энергиясының сенімді берілуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Риддер қаласының әкімдігі және табиғи монополиялар департаментімен бірлесіп ұйымдастырған баспасөз туры шеңберінде ЖЭО-да қазандықтарды жөндеу жұмыстары толық жүргізіліп жатқаны және әр кезеңде айтарлықтай нәтижелер тіркелетіні белгілі болды. Атап айтқанда, бас инженер Кирилл Голотаның айтуынша, 2024 жылдың қыркүйек айының басындағы жағдай бойынша бірқатар қазандық агрегаттарында негізгі жөндеу жұмыстары аяқталып, оларды іске қосуға дайындық басталып кетті. Барлық жөндеу жұмыстарын жүргізуге жауапты бас мердігер “ДимСтрой” ЖШС болып табылады.

– Қазір таңда №3 және №6 қазандық агрегаттары бойынша дайындық 97% құрайды. Олардың іске қосылуы 20 қыркүйекке жоспарланған, белгіленген мерзімнен ертерек өту мүмкіндігі бар, – деп мәлімдеді спикер.
Сондай-ақ, Кирилл Голотаның айтуынша, кәсіпорынға жабдықтар жоспар бойынша жеткізіледі және 20 қыркүйекке дейін қала тұрғындары ыстық сумен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ негізгі жабдыққа материалдарды жеткізуде кідірістер болғанын, бірақ бұл мәселе шешілгенін және монтаж жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Риддер ЖЭО-да қазандықтарды жөндеуден басқа, қосалқы жүйелерді қайта құру және жаңғырту жалғасуда. Бұған үшінші қазандыққа арналған шкафтарды монтаждау, кабель төсеу, бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату және кабельдік конструкцияларды монтаждау орындалған орташа қысымды операторлық қазандықтарды қайта құру жұмыстары кіреді. Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін (ТП АБЖ) баптау жүргізілуде, бұл қысқы кезеңде ЖЭО жұмысының сенімділігін арттырудың маңызды кезеңі болып табылады.

– Қазір уақытта техникалық су коллекторында жұмыстар белсенді атқарылуда, онда диаметрі 150 мм екі ысырманы монтаждау және одан әрі сынай отырып циркуляциялық су құбырында бекіту арматурасын монтаждау аяқталды, – деді ЖЭО бас инженері.

Қалалық ТҮКШ бөлімінің мәліметінше, электр желілері мен тарату құрылғыларын жөндеуге және жаңғыртуға да аса назар аударылады. Қазіргі уақытта 6 кВ және 0,4 кВ тарату құрылғыларында электр жабдықтарын, сондай-ақ қуаты 1600 кВА күштік трансформаторларды бөлшектеу және монтаждау жүргізілді. 6 кВ тарату құрылғыларындағы жұмыстардың жалпы ілгерілеуі 75% құрайды, бұл негізгі кезеңдердің аяқталуы жақындығын көрсетеді.

Негізгі жұмыстардан басқа станцияда теміржол жолдары мен тепловозды жөндеуді қоса алғанда, қосалқы міндеттер жүргізіледі. Аталған іс-шаралар қыс мезгілінде жанармай мен материалдарды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, багерлік сорғы станциясында жөндеу жұмыстары жүргізілуде: диаметрі 159 мм ұзындығы 30 метр құбыр демонтаж жасау және 10 метр учаскеде диаметрі 325 мм құбыр орнатылды.
ЖЭО-да жөндеулермен қатар жылу желілерін қайта құру бойынша жұмыстар атқарылуда.

– 2024 жылдың қыркүйек айының басындағы жағдай бойынша жөндеу жұмыстарын орындаудың жалпы деңгейі 97 % құрайды. Ірі мердігерлер де жоғары нәтижелер көрсетуде: “Восток Котлы” ЖШС жұмыстардың 98% аяқтап, “ВостокВзрывПром” ЖШС міндеттердің 90% -. орындады, ал “ВК РМК” ЖШС іс жүзінде жұмыстарды 99,9% көрсеткішімен аяқтады, – деп мәлімдеді Риддер қаласының ТҮКШ бөлімі.

Жалпы, Риддер ЖЭО-да 2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы маусымға дайындық белсенді жүріп жатқанын байқауға болады. Барлық негізгі жөндеу жұмыстары аяқталу сатысында, бұл станцияның алдағы суық айларда қала тұрғындарына сенімді жылуды қамтамасыз етуге дайын екендігін көрсетеді. Аталған жұмыстардың барлығы қала мен облыс билігінің ерекше бақылауында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button