Бүгін облыс ғалымдары Марқакөл тұрғындарымен кездесті.
Бүгін Марқакөл ауданының Мәдениет үйінде атом электр станциясын салу мәселесі бойынша «Үлбі металлургия зауыты» АҚ ғылыми орталығының жетекшісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Манарбек Қылышқанов пен Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша докторы Назерке Қабылбекқызы аудан тұрғындарымен ақпараттық кездесу өткізді.
Кездесу барысында аудан жұртшылығына атом электр станциясын салудың маңыздылығы мен АЭС-тің жұмыс істеу қағидалары, артықшылықтары туралы толық ақпарат берілді.
Сарапшылар болашақта электр энергиясының тапшылығын жабу мүмкіндігі, әлеуеті сияқты АЭС құрылысының бірқатар артықшылықтарын атап өтіп, бұл бүгінгі күннің сұранысынан туған бастама екендігін айтты.
Тұрғындар да АЭС құрылысына қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.