Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық халықтық штабының өкілдері Өскемен қаласындағы Политехникалық колледжінің ұжымымен кездесіп АЭС –ке қатысты азаматтардың сұрақтарына жауап берді.
«Біздің сіздермен жүздесудегі басты мақсатымыз 6 қазанда АЭС салуға қатысты өттетін жалпыұлттық референдум бойынша ақпаратпен таныстыру. Сонымен қатар сіздердің тараптарыңыздан туындаған сұрақтарға жауап беру»,- деді халықтық штаб мүшесі Сергей Коротин.
Бүгінде әлемнің 31 елінде шамамен 415 ядролық реактор жұмыс істейді. Ең көп АЭС саны АҚШ-та. АЭС арзан ғана емес ең сенімді энергия көзі болып саналады.