БастыЖаңалықтар
Шекаралас аудандарда инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда
ШҚО-да Марқакөл ауданының әкімідгі мен «ГРК МЛД» ЖШС және «East Copperproduction LLP» компаниясымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты – ауданда серіктестік орнатып, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру.
– Келісім аясында әлеуметтік нысандар салу, көшелерді абаттандыру, жолдарды жөндеуді жоспарлап отырмыз. Бұл жаңадан құрылған шекаралас аудан үшін өте маңызды меморандум, – деді Марқакөл ауданының әкімі Рүстембек Кемешев.