ГлавноеНовости

(Қазақша) Энергетика саласын дамыту талқыланды

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары атом және энергетика саласын дамыту мәселелері бойынша Энергетика министрлігінің өкілдерімен кездесу өткізді. 

Жүздесуде отандық энергетика нары­ғының қазіргі жай-күйі мен мәселелері тал­қыланды. Сенаторлар металлургия, көлік, IT, медицина, фармацевтика және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу сала­ларында жаңа жобаларды жүзеге асыру барысында туындаған электр энергиясы тап­шылығының өсе түскеніне баса назар аударды. Осыған байланысты энергетика­лық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін таза энергия көзі ретінде атом электр стансасын салудың маңызы зор болып отыр.

Іс-шара барысында қатысушылар технология мен құрылыс ауданын таңдау, сондай-ақ қауіпсіздік, экология және әлемдік тәжірибе мәселелерін талқылады. Депутаттар кездесу қорытындысы бойынша АЭС салу бастамасына қолдау білдірді және осы жобаның барлық мән-жайын халыққа кеңінен түсіндіру қажеттігін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button