ГлавноеНовости

(Қазақша) ШҚО әкімі: “Шығыс салбұрыны” — Шығыстың туристік бренді”

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Ағымдағы жылдың 10-14 қазанында Бозанбай ауылының маңында «Бүркіт төбе» алаңында дәстүрлі «Шығыс салбұрыны» халықаралық бүркітші фестивалі өтеді.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев фестиваль дайындығын бағамдап қайтты.
«Шығыс Салбұрыны» фестиваліне республиканың басқа облыстарынан, соның ішінде шет елдерден, атап айтқанда бүркітші федерациясынан, Моңғолиядан, Венгриядан, Ресейден, Испаниядан, ҚХР-дан 130-дан астам өкіл қатысады. Негізгі іс-шаралар 11-12 қазанға жоспарланған, күтіп отырған қонақтар саны 4000-нан 5000-ға дейін. «Бүркіт төбе» алаңында киіз үй қалашығы (20-дан астам киіз үй) орналасады, онда туристерді бүркіттер мен сұңқарлардың қызықты сайыстары ғана емес, сондай-ақ, көптеген ойын-сауық (түйемен сырғанау, алтыбақан, садақ ату және т.б.) күтетін болады.

Облыс әкімінің айтуынша, Шығыстың туристік брендіне айналып, дәстүрлі түрде өтіп отырған аталмыш фестиваль жыл сайын ауқымын кеңейтіп, деңгейін өрлете түсуі тиіс.

Фестивальдің барлық қонақтарына өңірдің танымал гастрофирмаларынан тамақтану ұйымдастырылмақ. Жарыс бағдарламасына түрлі санаттағы бүркіттер мен сұңқарлар сайысы, «тазы» тұқымындағы жүйрік иттердің жарысы, «жамбы ату» және «теңге ілу» додалары кіреді.

Сонымен қатар, фестиваль аясында ШҚО-ның аудандары мен қалалары халық шығармашылығы мен ұлттық тағамдар, сусындар және бал-панта сияқты жергілікті өнімдерді таныстыру мақсатында жаппай қатыспақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button