Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА САЛЫҚ ТҮСІМІ ТӨМЕН

Түркістан облысының шаруа қожалықтарынан түскен салық түсімі осы салаға бөлінген субсидияны ақтамай отыр. Белгілі болғандай шаруалардың 80 пайыздан астамы еккен өнімдерін өздері пайдаланатын көрсеткен. Кәсіпкерлік бағытта қызмет етіп отырған қожалықтардан түскен салық 2 млд теңгеден аспаған. Өңірдегі 90-ға жуық базарлардан түсетін салық көлемі де мардымсыз.

Өткен жылдың қорытындысымен жергілікті бюджет түсімдері 113%, оның ішінде салықтық түсімдер 132% құраған. Биыл өзіндік кірістерді 200 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Өңір басшысы облыстағы барлық саладағы салық төлеушілердің нақты санын анықтау үшін жұмыс тобын құруды тапсырды.

Қазынаға түстетін салық түсімдері – мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі. Сондықтан салық төлеу мәдениетін қалыптастыру керек,-деді әкім. Аудан, қала әкімдерін, кабинетте отырып алмай, көшеге шығуға шақырды. Аралап көріп, мәселенің осал тұсын зерделеу керектігін айтты.

Қазір жауаптылар кәсіпкерлік нысандардың салығы мен жұмысшыларының жеке табыс салығының толық өндірілуін қамтамасыз ету қажет. «Ауыл аманаты», «Ауыл ел бесігі», жеңілдетілген несие алған жеке кәсіпкерлер мен субсидия алған шаруа қожалықтар бойынша талдау жүргізіп, салықтарын өндіру көзделуде.

Мамандар салық базасын арттыру мақсатында жаңа инвестициялық жобаларды қамтамасыз етпек Қосымша түсімді арттыру ету және бюджеттен бөлінген қаржылардың тиімділігіне талдау жүргізу мақсатында жаңа іс-шараларын жүргізбек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button