Новости

(Қазақша) ЕСКІ КӨЛІКТЕРГЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚ ТӨМЕНДЕТІЛЕДІ

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Елімізде ескі көліктерге салынатын салық төмендетіледі. Бұл туралы бүгін Мәжілісте жаңа Салық кодексінің жобасын таныстыру барысында баяндалды.  Қолдануы 10 жылдан асқан автомобильдер үшін салық сомасы 30 пайызға, 20 жылдан асқандары үшін 50 пайызға төмендемек. 

 

ЕРЖАН БІРЖАНОВ ҚР  ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

«Жүздеген мың ескі транспорттар бар. 10-20 жыл болған. Ескі москвичтер әлі жүр. Омен таксоваттап жүр. Мысалы, ескі үйдің бағасы арзан ғой. Сол сияқты біз ескі көліктің бағасына қарай салық алатын боламыз. Көбі сынып тұр. Трегистрациядан алынбаған. Жыл сайын ақшасы келіп тұрса қиын ғой»

 

БАНК СЕКТОРЫ МЕН ОЙЫН БИЗНЕСІНЕ ЖОҒАРЫ КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫ ЕНГІЗІЛМЕК

Бұдан бөлек, елімізде банк секторы мен ойын бизнесіне жоғары корпоративтік табыс салығы енгізілмек. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин айтты. Зерттеу нәтижелері бойынша корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесін саралау ұсынылады. 20 пайыз базалық мөлшерлеме сақталады. Банк секторы мен ойын бизнесі үшін 25 пайыз жоғары мөлшерлеме белгіленеді. Жаңа Салық кодексімен елімізде «сән-салтанат» салығы енгізіледі. Енді, жиынтық құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік объектілері бойынша мүлік салығының жоғары мөлшерлемесі, кедендік құны 75 млн теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге акцизбен қосымша салық салу қарастырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button