Полиция қызметкерлері отбасылық құндылықтар жайлы пікірлерімен бөлісті
Арыс аудандық полиция бөлімінде жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен «Отбасы – отан тірегі» тақырыбында танымдық кездесу өтті. Жиынға Арыс қаласы Әбу Ханифа Мешітінің имамы Рысмахан Жарылқасымов арнайы қатысты.
Шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылығын насихаттау және жанұяда мейірімді қарым-қатынас орнату. Кездесуде имам Рысмахан ағамыз “Отбасының тыныштығы, екі жастың түсінісуі” тақырыбында орамды ойларын, толғамды пікірлерін ортаға салды. Ол «Отан отбасынан басталады» деген нақыл сөздің мағынасына тереңінен тоқталып, адам баласы үшін отаннан кейінгі қасиетті ұғым – отбасы екенін жеткізді.
Қоғам қауіпсіздігі жолында қызмет етіп жүрген барлық полицейлер мен олардың жанұяларына зор денсаулық, табысты еңбек тіледі.
Кездесуде көрсетілген бейнероликтер қатысушыларға ой салып, кездесудің соңы тәртіп сақшыларымен еркін форматтағы пікір алмасуға ұласты. Полицейлер отбасылық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, жастарға үлгі боларлық әрекеттерге шақырды.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері алкогольдің адам ағзасына зияны туралы, алкогольдік масаң күйде қандай құқық бұзушылықтар болуы мүмкін екендігі туралы ақпарат берді.
Бұл кездесу отбасылық құндылықтарды нығайтуға, қоғамдағы тәртіпті сақтау мен отбасы институтын қорғауға бағытталған маңызды шара болып табылады.