ГлавноеНовости

(Қазақша) Полиция білім ордаларын тексеріп, оқушылармен кездесулер өткізуде

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Алмас Серікбаев аудандағы бірнеше мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың түрлері, атап айтқанда, құмар ойындар, лудомания және есірткінің алдын алу тақырыптары талқыланды.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастарды қазіргі қоғамда белең алып отырған қылмыстар мен құқықбұзушылықтар туралы ақпараттандыру. Алмас Серікбаев құқықбұзушылықтың алдын алу үшін жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру қажеттігін атап өтті.

Шарада жастарға лудомания мен нашақорлықтың зияны туралы бейнемазмұндар көрсетілді, бұл әрекеттердің соңы немен аяқталатынын сезіндіру мақсаты қойылды. Бұл тәсіл жастарға осы мәселелердің салдарын түсінуге көмектеседі.

Аталған шара облыстың бас полицейі Мұрат Талапұлының тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылып жатыр. Профилактикалық жұмыстар оқушыларды құқықтық сауаттандыруға, оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алуға септігін тигізетіні анық.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері алкогольдің адам ағзасына зияны, алкогольдік масаң күйде қандай құқық бұзушылықтар болуы мүмкін екендігі туралы да ақпарат берді.

Бұл кездесулер білім ордалары мен полиция арасында тығыз байланыс орнатуға, жастардың құқықтық сауатын арттыруға, сондай-ақ олардың арасында тәртіп пен заңдылықты сақтауға ықпал етуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button