Түркістан облысының Полиция Департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Жастар ресурстық орталығымен» бірлесіп, есірткі сататын сайттарды жарнамалайтын граффитилерді жою бойынша акция ұйымдастырды.
Полиция қызметкерлері Түркістан қаласы, Сарыағаш, Жетісай, Төлеби және Сайрам аудандарында еріктілермен бірге көшелерде, ғимараттар мен құрылыстардың қабырғаларында есірткі сайттарын жарнамалайтын жазулар мен граффитилерді анықтап, жойды.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – нашақорлықтың алдын алу, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың есірткінің таралуына теріс көзқарасын қалыптастыру.
Жыл басынан бері Түркістан облысында полицейлер есірткі заттарын насихаттау мен заңсыз жарнамалаған сурет-жазулардың 8 фактісін анықтаған.
Полиция қызметкерлері азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға, құқық бұзушылық жасамауға және заңдарды сақтауға шақырады. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері алкогольдің адам ағзасына зияны және алкогольдік масаң күйде құқық бұзушылықтардың қандай болуы мүмкін екендігі туралы ақпарат берді.