ГлавноеНовости

(Қазақша) Түркістан облысының полициясы үш күнде 600-ден астам құқық бұзушылықты анықтады

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Түркістан облысында өткен жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері үш тәулік ішінде 680-нен астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Осы акция аясында 60 ата-ана балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Балалардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуының 572 фактісі анықталды. Сонымен қатар, жасөспірімдердің ойын-сауық орындарында түнгі 22:00-ден кейін болуының 21 фактісі, ұсақ бұзақылықтың 14 дерегі, және қоғамдық орында мас күйінде болудың 3 фактісі тіркелді.

Кентау қаласында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз дәмханада түнгі 22:00-ден кейін болған жасөспірім анықталды. Мекеме иесі мен кәмелетке толмаған баланың ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, құқық бұзушылық жасауға бейім 36 кәмелетке толмаған және 25 қолайсыз отбасы профилактикалық есепке алынды.

Жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында полицейлер оқу орындарында құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

«Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының негізгі мақсаты – жасөспірімдер қылмысының алдын алу, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуына және басқа да құқық бұзушылықтарға жол бермеу. Полиция қызметкерлері сондай-ақ алкогольдің адам ағзасына зияны туралы, және алкогольдік масаң күйде қандай құқық бұзушылықтар болуы мүмкін екендігі туралы хабардар етуде.

Түркістан облысының полицейлері аталған акциялардың жалғасатынын және құқық бұзушылықтарды алдын алу, жастардың құқықтық мәдениетін арттыру бағытында жұмысты күшейтетінін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button