Кентау қалалық полиция бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Т. Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебінде зорлық-зомбылықтың алдын алу және оның жолын кесу бойынша дәріс өткізілді. Іс-шараға Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы М. Құттыбаева мен жоғары сынып оқушылары қатысты.
Дәріс барысында оқушыларға отбасылық-тұрмыстық қатынастағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мен олардың заңды құқықтары туралы түсіндірілді. М. Құттыбаева балаларға мұндай жағдайларда мектеп психологына немесе кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторға жүгіне алатындығын еске салды.
Сондай-ақ, оқушыларға тәртіпті болуға, жақсы оқуға және уақытты тиімді пайдалануға шақырылды. Мұғалімдер полицияға танымдық және профилактикалық сабақ бергені үшін алғыстарын білдірді.
Полиция қызметкерлері мектептерде осындай профилактикалық жұмыстардың жүргізілуінің маңыздылығын атап өтті. Оқушылар арасында зорлық-зомбылыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері алкогольдің адам ағзасына зияны туралы және алкогольдік масаң күйде қандай құқық бұзушылықтар болуы мүмкін екендігі туралы айтты