Түркістан облысы полиция департаментінің бастығының нұсқауына сәйкес, 17-19 қыркүйек аралығында облыс аумағында «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау. Сонымен қатар, түнгі уақытта ата-анасының бақылауынсыз үйден тыс жерлерде, компьютерлік ойынханалар мен мейрамханаларда болуына тыйым салу, сондай-ақ бала тәрбиесіне немқұрайды қарайтын ата-аналарды анықтап, тиісті шаралар қабылдау болып табылады.
Құрметті ата-аналар, балаңыздың өміріне өзіңіз жауапты екеніңізді ұмытпаңыз! Әрбір ата-ананың назарына кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты айналысуды ескертеміз.
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтарды және кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстарды алдын алу мен болдырмауға, олардың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шара аудан көлемінде жалғасатынын хабарлаймыз.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері алкогольдің адам ағзасына зияны, және алкогольдік масаң күйде құқық бұзушылықтар болуы мүмкін екендігі туралы ақпаратпен де тұрғындарды таныстырып жатыр.
Бұл шаралардың мақсаты – жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтарды алдын алу және қоғамда жауапкершілікті арттыру.