ГлавноеНовости

(Қазақша) Өңірлік кеңестің отырысында АЭС салу мәселесі талқыланды

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

«AMANAT» партиясының ШҚОФ жанындағы өңірлік экологиялық кеңестің отырысы өтті.

Жиынның күн тәртібінде климаттың өзгеруіне және халықтың денсаулығына әсер ететін өнеркәсіптік кәсіпорындардың парниктік газдар шығарындыларын азайту шаралары туралы және өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша ірі қалаларда атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын азайту сияқты бірқатар мәселелер қаралды.

«Экологияны жақсарту біз үшін басты мақсат. Бұл бағытта атқарылып жатқан шараларда аз емес.

«AMANAT» партиясыда өз кезегінде экологиялық мәселелерді шешуге барынша басымдық беруде»,-деді өңірлік кеңестің мүшесі Зейнулла Султанбеков.

Сонымен қатар жиын барсында кеңес мүшелері атом электр станциясының экологиялық тұрғыда тиімді тұстарында талқылады.

«Атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті қадам ғана емес, сондай-ақ төмен көміртекті экономикаға жаһандық көшу жағдайында елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторы болып табылады. Атом электр станциясы Қазақстанға қазіргі энергетикалық мәселелерді шешуге және болашақта тұрақты дамудың негізін жасауға көмектеседі»,- деді Өңірлік кеңестің төрағасының орынбасары Татьяна Чернышова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button