ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде «Ажырасу – Алла сүймейтін іс» атты шара өтті.
Атаулы жиында Әйел-қыздар секторының жауапты маманы А.Амирханова: «Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Менің шапағатыма ие болғысы келген адам менің сүннетімді сақтасын, менің сүннетім – некелесу» — деп өз хадисінде айтып кеткен. Қазіргі қоғамдағы ең белең алған тақырыптардың бірі – ажырасу. Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас Алла разылығын алуға бағытталуы тиіс. Алла разылығы үшін қиылған неке отбасылық өмірдің барлық қиындығына төтеп береді» дей келе, отбасылық құндылықтардың берік болуының негіздерін түсіндірді.
Ол өз сөзінде отбасы бүтін болса Отан бүтін болатындығын, отбасы тәрбиесі аң басты құндылық екендігін кең көлемде баяндады.
Жиын барысында қатысушылар сұрақтар қойды. Сектор жетекшісі А.Амирханова бұл шараның маңызды әрі тағылымды болғандығын жеткізіп, қатысушыларға алғыс айтты. Жиында белсенді шәкірттерге «Алғыс хат» берілді.