БастыЖаңалықтар

Халықтық штабтың мүшелері Айнабұлақ аулының тұрғындарымен кездесті

Халықтық штабтың мүшелері Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылының тұрғындармен кездесіп атом электр станциясының маңыздылығын түсіндіріп азаматтардың сұрақтарына жауап берді.

«Бұл жағдайды Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен Əділетті Қазақстан қағидаттарының іс жүзінде орындалуы деп қабылдаған абзал. Өйткені Президент Қ.Тоқаев атап өткендей, «Азаматтар референдумда дауыс берген кезде АЭС салуды жақтаған немесе қарсы болған сарапшылардың дəйекті пікірлерін барынша таразылап, ой елегінен өткізіп барып шешім қабылдауға тиіс. АЭС саламыз ба, салмаймыз ба, мұны халық шешеді»,-деді аудандық халықтық штабтың төрағасы Болатбек Балғабаев.

Атом энергиясын бейбіт мақсатта Қазақстанның экономикасын дамытуға пайдалану туралы шешімінің ар жағында еліміздің экономикалық дамуы, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатының артуы, экологиялық мәселелерді шешудің жатқанын ескерген жөн.

Тұрғындармен кездесуге аудандық «Достық» газетінің редакторы Нургул Калыкова, аудандық мәслихат депутаты Ризабек Шәкенұлы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрсынхан Молдаханов қатысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button