БастыЖаңалықтар

МАГАТЭ біздің мамандардың біліктілігін жоғары бағалап отыр – Дарын Бөрбеков

Ядролық физика институтының Астана филиалы директорының орынбасары Дарын Бөрбеков МАГАТЭ біздің мамандардың біліктілігін жоғары бағалап отырғанын, атом энергетикасы саласындағы отандық мамандардың біліктілігі өзгелерден кем түспейтінін айтты. Сонымен қатар, ел ішінде АЭС-ке қатысты жиі айтылып жатқан күдік-күмәндарды толық жоққа шығарды.

«Бізде білікті мамандар бар ма өзі?»

Дарын Бөрбековтің айтуынша, атом энергетикасы саласында кәсіби мамандар бар. Қазақстанда тек қана ядролық физика институты жұмыс істеп тұрған жоқ. Басқада Ұлттық ядролық орталық бар. «Қазатомөнеркәсіп» секілді ірі компания бар.

Чернобыль мен Фукусима қайталанбай ма?

Маман мұны жоққа шығарып отыр. Өйткені, қазір технология ілгері дамыған.

«Атом реакторларының бірнеше буындары бар. Бірінші, екінші, үшінші және үшінші +, төртінші буын деп аталады. Бізге ұсынылып жатқандары – үшінші және үшінші+ атом реакторлары. Чернобыль мен Фукусимадағы реакторлар екінші буынға жатады. Олар бір контурлы болған. Бізге ұсынылып жатқандары – екі контурлы. Дүниежүзінде 415 астам атом реакторы жұмыс істеп тұр. Соның 200-ден астамы – екі контурлы реакторлар. Оларда ешқандай ақау, апаттық жағдай болмаған», – дейді Дарын Бөрбеков.

Маманның айтуынша, Чернобыль мен Фукусимадағы апат кезінде екеуінде де адам факторы бар. Активті зонаны – активті қауіпсіздікті қосу үшін адам қосу керек. Үшінші+ буында адам факторы толығымен алынып тасталған. Төтенше жағдай болса, барлығы автоматты түрде сөндіріледі. Тіпті, автоматика істен шыққан жағдайда, пассивті қауіпсіздік жүйелері бар. Бұл – қарапайым физика заңдарымен, гравитациямен жұмыс істейтін қауіпсіздік деңгейі. Гравитация арқылы материалдар түсіп, нейтрондарды бойына сіңіріп алады да, реакцияны тоқтатады.

АЭС энергиясы неге қымбат?

Кейбір адамдар АЭС салынғанымен, қуаттың бағасы арзандамайды. Олай болса, мұндай құрылыстың қажеті бар деушілер де бар.

«Сарапшылардың айтуы бойынша, құнын ақтау үшін құрылысқа кеткен шығындарды он-он бес жылға бөледі. Содан кейін қанша баға қойғымыз келеді, сонша баға қоя аламыз. Құны ақталған АЭС-терде электр қуатының өзіндік бағасы 2-3 цент қана болады», – дейді маман.

Зиянды қалдықтарға көміліп отырамыз ба?

Маманның түсіндіруінше, ядролық физикада «жерлеу» деген ұғым жоқ, ұзақ мерзімді сақтау деген түсінік бар. Ядролық отындық 9 пайызға дейін ғана жанады. Қалғаны сол жерде қалады. Өйткені, ядролық таблеткалар құты ішіне салынады.

  1. «Отынды қайтадан өңдеп, қайта пайдалануға болады. Сондықтан оларды ешкім лақтырмайды, арнайы контейнерлерге салынып, сақталады. Ядролық жарылыс АЭС-те болуы мүмкін емес. Өйткені, табиғатта уран 17 пайызға байытылған. АЭС-те 4,5 пайызға дейін ғана байытылады. Ал ядролық қару үшін 95 пайыздан жоғары байытуы қажет. Фукусимада ядролық жарылыс болған жоқ. Тек сутегі жарылды», – дейді Дарын Бөрбеков.

Басқа жаңалықтар

Back to top button