Бүгін АЭС құрылысын қолдау жөніндегі халық штабының мүшелері Өскемен су арнасының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесуде атом электр станциясын салу мен пайдаланудағы қауіпсіздік, жергілікті мамандардың құзыреті, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері талқыланды.
«Егер АЭС бой көтеріп, ел игілігіне берілсе, көмір жағу арқылы өндірілетін энергияның үлесі қазіргі 61-ден 40 пайызға дейін төмендейді. Осылайша, атом электр станцияларының құрылысы 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуде қабылданған стратегиясын орындаудың негізгі қадамы болмақ»,-деді штаб мүшесі Сергей Коротин.
Жиын соңында жиналғандар энергетикалық проблемаларды шешу және тұрақты дамуды қамтамасыз ету ісіндегі атом энергетикасының маңызын түсіндірілді.