Новости

Түркістан қаласының экономикалық дамуына бірден бір себеп кәсіпкерлікті дамыту

Түркістан қаласының тұрғындарының назарына еліміздегң отандық кәсіпкерлікті дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру барысы қаралды.Премьер-Министр Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шағын бизнесті сапалы дамытуға және орта бизнесті нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

«Басты мақсат – халықты жұмыспен қамтып, кәсіпкерлік субъектілерінің бәріне бірдей, тең жағдай жасау. Бұл үшін мемлекет бизнесті жүргізудің ашық және түсінікті ережелерін қабылдап отыр», деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар Үкімет басшысы Үкіметтің «Атамекен» палатасымен бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет саласына жаңа реттеу саясатын енгізу бойынша ауқымды жұмыс атқарып жатқанын еске салды. Атап айтқанда, адами факторлардың әсерін барынша азайту үшін мемлекеттік бақылауда тәуекелдерді басқару және бағалау жүйесін автоматтандыру бойынша кешенді шаралар қабылдануда.
«Реформаны «таза парақтан бастап» жүзеге асыру бизнес-ортаны реттеудің тиімділігін арттырып, кәсіпкерлерге қолайлы жағдайлар жасайды», деді Премьер-Министр.

Оның айтуынша, биыл шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 33,5%-ға жетті. Кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 1,4 млн. Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 3,5 млн адамды құрап отыр.
«Біздің мақсатымыз – кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында осы бағыттағы сапалы өзгерістерге қол жеткізу. Ұлттық жобаны іске асыру 2025 жылға қарай шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесін 35%-ға дейін ұлғайтуға, 1 млн-ға жуық жұмыс орнын құруға және мемлекеттің экономикадағы үлесін 14%-ға дейін азайтуға мүмкіндік беруі тиіс», деді Әлихан Смайылов.

Бұл орайда ұлттық жобаның көрсеткіштеріне сапалы және уақытылы қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін Премьер-Министр бизнеске арналған қарсы міндеттемелерді ескере отырып, ұлттық жобаның барлық бағыттары бойынша мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыруды тапсырды.

«Кәсіпкерлерден жаңа жұмыс орындарының ашылуын, тұрақты жалақының, зейнетақы жарналары мен салықтардың уақытымен төленуін, шығарылатын өнім түрлерінің көбеюін күтеміз», деді Әлихан Смайылов.

Одан бөлек, әкімдіктерге кәсіп ашам деген азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету тапсырылды: электрмен, сумен, жылумен қамтамасыз ету, жол салу мәселелері бойынша жедел шешім қабылдау керек. Ұлттық экономика министрлігі мен «Атамекен» палатасына бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайту жұмыстарын жалғастыру, сондай-ақ бизнеске арналған міндетті талаптарды, оның ішінде жаңадан енгізілетін талаптарды да қайта қарау тапсырылды.

«Мемлекет бизнестің тұрақты және табысты қызметіне мүдделі. Кәсіпкерлер осыны нақты сезінулері керек», деп түйіндеді Премьер-Министр.

Отандық кәсіпкерлікті дамыту – ұлы мұрат. Егер отандық кәсіпкердің шаруасы дөңгеленіп, өнімдері ішкі нарықты қамтамасыз етсе, тауар бағасының арзандауына септігі тимек. Отандық өнім – ел ырысы! Қаржы өз елімізде қалады. Экономиканың серпін алуына таптырмас мүмкіндік. Дамыған елдердің бәрінде отандық кәсіпкерлерді қолдау жолға қойылған. Барлық жағдай жасалған. Бәсекелестікке төтеп беру үшін мемлекет түрлі қаржылық қолдаулар көрсетуге дайын. Бұл жағынан біздің ел де кенде емес. Бүгінде елімізде шағын және орта бизнес аясында шаруасын дөңгелетіп, халықты жұмыспен қамтып отырған кәсіпкерлер легі баршылық. Осыған байланысты ұлттық жоба аясында тұрақты экономикалық өсуді 5 пайызға, халықтың табысын 27 пайызға арттыру да көзделіп отыр. Ал жеңіл өнеркәсіпті қолдауға қатысты мамандар тарапынан айтылып жатқан ұсыныстар да баршылық. Мәселен, отандық кәсіп иелері осы мүмкіндікті тиімді пайдалана алса, жоба аясында қолдарына қаражат алып, тігін фабрикаларын ашуға, жеңіл өнеркәсіп саласына қатысты шағын кластерлер жұмысын бастауға болады.

Президенттің айтуынша, мемлекет пен бизнес арасындағы қатынас өзара сенімге негізделуі қажет. «Мемлекеттік аппарат әрбір бизнесменге заң бұзушы ретінде қарамауы керек. Мұндай ұстаным, түптеп келгенде, басқарудың репрессивті сипатына алып келеді. Мемлекет кәсіпкерлерге көмектесуге міндетті. Мұны ерекше атап өткім келеді: кәсіпкерлерге көмектесу керек. Ал кәсіпкерлер шағымданушы немесе қолдауға мұқтаж рөлінде көрінбей, мемлекеттік аппараттың теңқұқылы серіктесіне айналуға тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен қатар Президент жуық арада шешуді қажет ететін басым міндеттерге тоқталып, ең алдымен, заң үстемдігін және жеке меншіктің қорғалуын қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.

«Қылмысқа, оның ішінде экономикалық сипаттағы қылмысқа қарсы күрес тек қана заң аясында жүргізілуі керек. Мұндай асырасілтеушілік мемлекеттің мүддесіне ғана қайшы келмейді, сонымен қатар Қазақстанның деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев активтерді қайтару кезінде мемлекет пен бизнестің мүдделері арасындағы теңгерімді сақтауды келесі басымдық ретінде атап өтті. «Таяуда активтерді қайтару жөнінде заң қабылданды. Бұл заң активтерді қайтару шараларын бір мақсатқа жұмылдыруға бағытталған. Яғни, бұл – шын мәнінде, қоғамдық келісім актісі. Түптеп келгенде, бұл шара экономикамызды сауықтырып, әлеуметтік жікке бөлінушілік пен адамдар арасындағы алшақтықтың алдын алуға тиіс. Адал бизнеске, шетелдік және отандық инвесторларға бұдан қауіптенудің еш реті жоқ», – деді Президент.

Мемлекет басшысы еліміздің әлеуетті кәсіпкерлерін металлургия, химия, машина жасау және басқа да салаларда ірі жобаларды жүзеге асыруға атсалысуға шақырды.

«Сіздерде қаржы да, тәжірибе де жеткілікті, әлемдік нарықтарға шығатын байланыстар да бар. Сондықтан осындай жобаларды жүзеге асыру мәселесін қарастыруға шамаларыңыз жетеді. Елдің дамуына қаржы құюға дайын екендеріңізді көрсетіңіздер. Адал әрі өз еліне пайдамды тигізсем деген ниеттегі бизнес әрдайым құрметке лайық және олар мемлекеттің қорғауында болады. Ашығын айтайын, жоғарыда айтылған өндірістерге инвестиция салу активтердің түп төркінінің заңдылығын дәлелдеуге талпыныс ретінде қарастырылады. Егер сіз ие болған капитал тек меншік иесіне ғана емес, сондай-ақ ұлттық экономиканың игілігіне және Қазақстанның өркендеуіне қызмет етсе, онда бұл – ақшаның қайдан келгені жөніндегі сұрақты күн тәртібінен алып тастауға жақсы себеп. Алайда мұндай мәмілеге келу мүмкіндігі барған сайын азайып келеді. Оны да түсіну керек», – деді Президент.

Орта кәсіпкерліктің дамуын жеделдету – келесі маңызды міндет. Президенттің айтуынша, Қазақстанда шағын және ірі бизнес үшін өте жақсы жағдай жасалған. Сонымен қатар шағын бизнес кәсіпкерліктің аса маңызды саналатын орта буынына көшу үшін ынталандыру жұмыстары жетіспейді.

Орта кәсіпкер, біздің бақылауымыз бойынша, әлдеқайда ширақ, мобильді және құбылмалы нарықтық жағдайларға тез бейімделеді. Иә, соңғы 7 жылда ЖІӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерлік үлесінің өскені байқалады. Бірақ бұл динамиканың негізгі қозғаушы күші – шағын кәсіпкерлік субъектілері. Олардың саны 46 пайызға көбейді. Осы орайда орта кәсіпкерлік тек 0,5 пайызға өсіп, экономикадағы үлесін 5 пайыздан 6,2 пайызға дейін арттырды. Бұл ретте ЭЫДҰ елдерінде оның үлесі орта есеппен 18 пайызға тең, ал жекелеген мемлекеттерде одан да жоғары, яғни 26 пайызға дейін. Дәл осы орта бизнесті, әсіресе өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлікті қолдау үшін елімізде әлі күнге дейін ешқандай ерекше жағдай жасалмаған, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Түркістан қаласының тұрғындарының назарына отандық кәсіпкерліктің дамуы жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде алатын орны зор. Қазіргі экономикалық өркениетті дүниенің қрылымдық даму жүйесіндегі болашағы келтірмейтін салалардың бірі – кәсіпкерлік болып табылады. Бүгінгі таңда республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі. Оның негізгі маңыздылығын ҚР-ы Президентінің «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына жолдауында: «еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басым бағыты кәсіпкерлік» деп аталынған. Сондықтан кәсіпкерлікті дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады. Оның стратегиялық маңыздылығын бағалау үшін Қазақстан экономикасының мынадай ерекшеліктеріне көңіл бөлу қажет:-айқын көрініс алған шикізаттық бағыт; -қайта өңдеу өнеркәсібінің нашар дамуы; -импортқа тәуелділігі; -инфрақұрылымның нашар дамуы; -аймақтар бойынша өндіргіш күштердің біркелкі орналаспауы.Бұл аталған біздің экономикамыздың мұндай зардаптарын шағын және орта бизнестің даму жолдарымен ғана жеңуге болады. Себебі, кәсіпкерлікті дамытудың маңыздылығы мемлекеттің экономикалық жетілуіне ықпал етуі және өндіріс, халықтың жұмыспен қамтылуына жеткілікті түрде қамтамасыз ете алуы жатады. Сол үшін кәсіпкерлік қызметті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күші деп білуіміз қажет. Осыған байланысты мемлекетте кәсіпкерліктің жан-жақты қолдау мен қорғау табуын тек кәсіпкерлікті дамытумен бірге оның нарықтық экономиканы дамытуда қосар үлесі де аз болмайды. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай шағын дамып отырған нарықтық шаруашылықтың бөлінбес, ажырамас бір элементі болып табылады. Кәсіпкерлік экономикалық өсу деңгейінің, ұлттық табыс көлемінің деңгейін де анықтайды.Негізінен, қазір Қазақстанда кәсіпкерлік ісі үлкен жетістіктерге жетіп жатқан жоқ. Сөз жоқ, көптеген тиімді , дұрыс заңдар қабылданып жатыр, бірақ олардың бірі іске асса, екіншілері іске толығымен асып жатқан жоқ. Бір жағынан, осы кәсіпкерліктің дамуына көптеген кедергілер болғалы тұр, солардың бірқатарын қарастыратын болсақ, ол біріншіден бақылаушы органдар мен жергілікті әкімдер жанынан құрылған комиссиялардың үсті-үстіне тексерулер жүргізіп, кәсіпкер қызметіне заңсыз санкциялар қолданатындығы екен. Тіпті олар соттың шешімінсіз кәсіпкердің жұмысын тоқтатып тастайтын да көрінеді.Екіншіден, жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданатын қосымша шешімдер мен қойылатын талаптар;Үшіншіден, түрлі ведомствалар мен құрылымдар тарапынан тексерулердің сансыз көптігі;Төртіншіден, кейбір мәселелерде кәсіпкердің құқықтық сауатының төмендігі;Бесіншіден, өзекті осы салаға бірыңғай мемлекет бақылау жасау саясатының жетіспей жатқандығы және осы сияқты көптеген кедергілер бар.

Қазақстандағы нарықтық экономиканың даму өзгешелігіне көңіл аударған кезде республикадағы кәсіпкерліктің елеулі түрде қайшылықты қалыптасуын көруге болады. Мысалы, Трансұлттық корпорация, Қаржы-өндірістік топтар сияқты ірі корпорациялар түріндегі кәсіпкерліктің тиімділігіне қарамастан оларды қысқа мерзім ішінде құру, жүзеге асыру өте қиын мәселе. Сонымен бірге, кәсіпкерліктің шағын нысандарын дамытуға кейбір ұйымдық және құрылымдық факторлар кедергі жасайды.Кәсіпкерлікті дамытпайынша, қазіргі кездегі экономиканы қалпына келтіру мен дамыту мүмкін емес, өйткені қазірде бизнес нарықтық қатынастарда үнемі қайта өндіріп өндіріп отыратын орта болып табылады. Қазіргі жағдайда тек бизнес қана республика мен облыс экономикасын жандандыруға қабілетті. Сондықтан да кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау жасау мен ынталандыру жалпыұлттық басымдыққа айналды. Қазақстанда іс жүзінде кәсіпкерлікті қолдау және қорғау жөнінде заңдар қалыптасты, олар үнемі жетілдіруде. «Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Үкімет қаулысымен «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қоғамдастық-сараптамалық комиссиялар» деген түсінік енгізілді және осы аталған комиссияның қызметі мен құрамы заңды түрде бекітілді. Бұл үкіметтік емес ұйымдардың ролін күшейтуге, атқарушы өкіметтң шешімдерін дайындауға кәсіпкерді кеңінен қатыстыруға, бизнес саласында бастамашылықты дамытуға жәрдем көрсетуге және оларды аймақтағы көкейкесті проблемаларды шешуге бағыттауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кәсіпкерлік саласындағы қолданылып жүрген заңдар нарықтық экономиканың түбегейлі талаптарына толығынан жауап беріп жүр. Осының өзі алға ілгерілушіліктің негізі бола алады. Кәсіпкерлікті қолдау әрі дамыту мәселелері жөнінде сарапшылық кеңестерінің негізгі міндеттері:кәсіпкерлік саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыруда консультациялық көмек;кәсіпкерлікті қорғау мен дамытудың құқықтық нормаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кәсіпкерлік субъектілерімен өзараіс-қимылы әрі ынтымақтастығы мәселелері жөніндегі құжаттарды дайындауға жәрдемдесу болып табылады.Тағы да Қазқстанда қабылданған заңдарға мән беретін болсақ, 1993 жылы 10-шы наурызда ҚР Министрлер кабинеті №207 –де «Жастар кәсіпкерліктерінің республикалық фонды», ал 1993 жылдың қыркүйек айының 15-нде «кәсіпкерлік орталығының құрылу тәртібі» жайлы заңдар қабылданған. Содан кейін біраз жылдар өтп, көптеген экономикалық және заңдық өзгерістер болды. Көптеген бизнестің кәсіпкерлері пайда болды.

Дамыған елдердің көпшілігінде экономикалық өсудің шешуі бір факторы бизнесті жан-жақты дамыту болып табылады. Олардағы кәсіпорындардың жалпы санының ішінде фирмалардың үлесі 80 – нен 99 пайызға дейінгі мөлшерді қамтып, елдің жалпы ұлттық өнімінің 50 пайызға жуығын өндіруді қамтамасыз етіп отыр. Кәсіпорындардың шаруашалақты жүргізуге икемділігі – ғылыми – техникалық прогрестің негізгі бір қозғаушы күшіне айналған.Мысалға, Жапонияда концерндер мен басқа да ірі кәсіпорындар Жапония экономикасы «айсбергінің шыңы» ғана деп айтуға болады. Бұл жерде бизнес өзара бәсекеге түсіп қана қоймай, сонымен қатар қызмет ету саласын бөлісу негізігде бірін-бірі толықтырып отырады. Жапонияда бірқатар салаларда, атап айтқанда, аяқ киім, тігін және галантерея өндірісінде, дәрі-дәрмек құрастырушы бұйымдармен конструкциялар өндіруде, бөлшек саудада қызмет көрсету саласында өндірістік және тұрмыстық техникаларды жөндеп, қалпына келтіруде бизнес басым орын алады.Әсіресе соңғы кезеңдерде АҚШ-та да бизнес кеңінен дамып отыр. Ол жұмыскерлер саны 50 адамға дейінгі фирмалардың жиынтығы болып табылады. Бұл фирмалар американдық барлық барлық фирмалардың 99 пайызын құрайды. Бұлардың негізгі бөлігі ұсақ, көбінесе жанұялық немесе жеке кәсіпорындар. Мұндай фирмалардың 87 пайызында саны 20-дан аспайтын, ал 80 пайызында 10-нан аспайтын адам жұмыс істейді. АҚШ-та фирмалар жалпы ұлттық өнімнің 40 пайызын өндіреді, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпте — 21 пайыз, құрылыста 80, ал көтерме саудада – 86, қызмет көрсету саласында – 81 пайыз.АҚШ экономикасында олар ғылыми-техникалық прогресс саласына жататын барлық жаңалықтарды жасаудың, игерудің және өндіріске енгізудің тең жартысына жуығын қамтамасыз етеді.Германияда кәсіпкерліктің басты сипаттамасы – ең алдымен меншік құқы мен кәсіпорынды тікелей басқарудың бірлігі болып табылады. Екінші сипаттама – кәсіпорын қызметінің айшықтылығы, оның көлемінің шектеулігі, қожайын мен жұмыскер арасындағы өзіндік ерекше қатынас сипатын білдіріп, өндірістің түпкі нәтижесі үшін екі жақтың да бірдей мүдделілігін, ынталылығын тудырады. Үшіншіден, кәсіпорын өмірінде басқарушы ролінің ерекше маңыздылығы : ол шаруашылықтың нәтижелігіне тек қана мүлік иесі болғандықтан ғана емес, сонымен бірге оның өзінің де өндіріспен де тікелей айналысып, оны ұйымдастыруға барлық жағынан қатысуынан көрінеді.Төртінші – істі жанұялық негізде жүргізу, яғни кәсіпорын қызметін нәтижелі ұйымдастыруға, жүргізуге атадан балаға мұра ретінде машықтану. Бесіншіден – кәсіпкерліктің тағы бір сипатты белгісі ретінде кәсіпорынды қаржыландыру мәселесін айтуға болады. Егер алыптар қажетті ресурстарды негізінен капитал нарығы арқылы алатын болса, ал кәсіпорындар банктердің аздаған несиелеріне арқа сүйейді, сондықтан да олар үшін қаржыландыру мәселесі басты проблема болып табылады.
Кәсіпкерліктің барлық кешенді ішкі және сыртқы проблемалары олардың өз күшімен шешілуі мүмкін емес. Германияда бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесінің негізінде жатқан басты принцип — өздігінен, мүмкіндігінше, өз бетінше дамуды барынша ынталандыратын көмек беру болып табылады. Бағдарламаның мақсаты – бизнестің тиімділігімен бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Осыған байланысты мынадай шараларды атап өтуге болады. Фирмалардың позицияларын нығайтуға байланысты — картельдік құқық. Картель қызметін қадағалаушы ведомство кәсіпорындардың кооперациялануына жеңілдік жасайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button