Новости

Салық саясатын жетілдіру арқылы шағын және орта бизнесті қолдау, салық төлеу базасын кеңейту және салықтық жеңілдіктерді оңтайландыру қажет. Бұл кәсіпкерлердің қаржылық тұрақтылығын арттыруға көмектеседі.

Түркістан қаласының тұрғындарының назарына отандық кәсіпкерліктің дамуы мен қаржылық кәсіпкерлік жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде бірнеше негізгі белгілері бар. Оның ішінде ең негізгілердің бірі – шаруашылық субьектілерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі. Олардың егемендігі нарық механизмі әрекетін қамтамасыз ететін тәртіп қалыптастырады. Жалпы бизнестің негізгі талабы – экономикалық іс-әрекеттердің әртүрлілігіне қарай іздеу мен таңдау еркіндігі.Әрбір қызметші өзі істей алатын еңбекпен айналысуға құқығы бар. Алайда қандай еркіндік болмасын көптеген жағдайлармен шектелген, олар сыртқы ортамен субьектілер әрекетінің нәтижесінен шығады. Дегенмен, кәсіпкерлік қызметтің басты шарты – барлық мүмкіндіктер деңгейі тұрғысынан шешім қабылдау өзбеттілігі мен еркіндігі болып табылады. Кәсіпкерлікке тән тағы бір сипат шаруашылық жүргізудегі тәуекелге баруы. Тәуекел – жоспар немесе болжауды қаратырылған нұсқалармен салыстырғанда табыс ала алмау немесе зиян шегудің ықтималдылығы. Шаруашылық тәуекелді негізінде мүмкін болатын және шығындар мен нәтижелердің ара – қатнасы жатады.

Кәсіпкерлік қызметтің келесі белгісі – ол толық экономикалық жауапкершілік және бұл мүліктік және кәсіпкердің өз атынан жүзеге асырылуы. Кәсіпкерлер өз міндеттері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлкіне жауап береді. Сонымен қатар, өзіне тиесілі өндіріс құралдарын тиімді пайдалану; қоршаған ортаны ластамау; өндірістің қауіпсіздік ережелерін бұзбауға; санитарлық гигиеналық нормаларды сақтауға міндетті кәсіпкерліктің жүзеге асырушыларының ерекше белгілері ретінде жаңашылдық; шығармашылық ізденіс; жауапкершілік; іскерлік этикет әрекеттері; жеке қабілеттер мен қасиеттерін жатқызуға болады. Міне осы қабілет — әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және жағдайға шығармашылықпен қарау іскерлік әлемде жоғары бағаланады және нәтижелі сипатта болады.Кәсіпкер – қызметінің сферасына байланыссыз өз қабілеттерін келесі функцияларды орындау арқылы жүзеге асырылады:нарықты зерттеу арқылы төлем қабілеті сұранысы бар тауарлар мен қызметтерді іздеу;тауарды өндіру немесе қызмет көрсету үшін қажетті ресурстарды бағалау;төмен бағалы ресурстар нарығын іздеу;бизнесті жаңа техника, технология және менеджмент негізінде ұйымдастыру және оларды басқару;маркетингтің қазіргі заманғы принциптерін пайдалану арқылы тауарлар мен қызметтерді сату, тарату;табыстарды тұтыну және жинақтау қорлары арасында, т.б. бөлу.
Кәсіпкерлік қызметті әр түрлі міндеттемелері мен белгілері бойынша сыныптауға болады, бірақ теория мен практикада келесі белгілері бойынша классификациясы қалыптасқан: меншік формасы бойынша, заңдылығы, аймақ көлемі, түрлі аймақтарға таралуы, құрушылар қүрамы, айналым көлемі, персонал саны, табыстылық деңгейі мен осу қарқыны, жаңалықтарды пайдалану деңгейі және т.б.Меншік формасына келетін болсақ нарықтық экономикада кәсіпкерлік негізінен 2 формада:мемлекеттік;жеке меншік формаларында дамып келеді. Жеке меншік:индивидуалды;коллективті формаларда көрініс табады.Заңдылық белгілері бойынша кәсіпкерлік:заңды;заңсыз;алдамшы кәсіпкерлік болып бөлінеді.Алғашқы түрлері бойынша біздің түсінігіміз бар, ал алдамшы кәсіпкерлікке анықтама беріп кетейік. Бүл кәсіпкерлік түрі азаматтарға, үйымдарға, мемлекетке залалын тигізетін, кәсіпкерлік және банктік қызметпен айналысу мақсаты жоқ, мақсаты: несие алу, салықтан босатылу, басқа да мүліктік пайда алуды және заңсыз қызмет түрін жасыру үшін қүрылған коммерциялық үйым. Қызметінің түрлі аймақтарға таралуы бойынша:жергілікті;ұлттық;халықаралық;әлемдік;аймақтық болып бөлінеді.Құрылтайшылар қүрамы бойынша:әйелдер,жасөспірімдер кәсіпкерлігі болып бөлінеді.Көптеген елдерде әйелдер және жасөспірімдер кәсіпкерлігінің дамуына қолдау көрсетумен айналысатын ассоциациялар қызмет етуде. Мысалы, Ресейде Ресей кәсіпкер әйелдер ассоциациясы құрылған.
Даму қарқыны мен табыстылық деңгейі және түсімділігі бойынша кәсіпкерлік ұйымдарды:қарқынды өспелі;даму қарқыны бәсең;жоғары табысты;рентабелділігі төмен үйьшдар деп жіктейміз.Өзінің қызметінде инновацияларды, жаңалықтарды, жаңа технологияларды, жаңа тауарларды өндіру мүмкіншіліктерін әрдайым іздестіру, жүмыстарды атқару, қызмет көрсету, жаңа өткізу нарықтарын жаулау, өндіріс факторларын жаңадан комбинирлеу негізінде жаңа сүраныс пен үсыныстың қалыптасуы прогрессивті маркетингтің инновациялық менеджментін қолдануда кәсіпкерлік қызмет шығармашылық-іздестірушілік, өнімді белгілі әдістер мен белгілі еңбек өнімдерін ұдайы өндіруге бағытталған және т.б. болады.

Кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі болып қаржылық кәсіпкерлік табылады. Оның қызмет аясы- айналым, баға алмасулар. Қаржылық қызмет өндірістік және коммерциялық, сонымен қатар жеке де болуы мүмкін .Қаржылық кәсіпкерліктің негізгі қызмет алаңы болып коммерциялық банктер мен қор биржалары табылады.Коммерциялық банктер- бүл коммерциялық үйымдарды төлемді негізде несиелейтін, ақшалай салымдарды қабылдаған және де басқа есепті операцияларды клиенттер тапсырмасымен орындайтын акционерлік типтегі қүрылым. Коммерциялық банктің табыс көзіне депозиттік және қарыз қүралдарының пайыздық ставкаларының айырмасынан түскен түсім жатады.Коммeрциялық банк операциялары 3 топқа бөлінеді:пассивті;активті;коммиссиялы-делдалдық;
Қор биржасы- капитал мобилділігінің жоғарлауына әсер етіп, активтердің нақты қүнын шығаруға септесетін ылғи қызмет атқарып тұратын, үйымдасқан-әрленген бағалы қағаздар нарығы түсіндіріледі. Қор биржасының қызмет ету принцип! үсыныс пен сүранысты оперативті реттеуге негізделген.Қор нарығында бағалы қағаз катировкасы жүргізіледі. Олар биржадан өтетін барлық бағалы қағаздар үшін сатып алушылар мен сатушылар биржаларының бағамдары бойынша әрдайым арнайы мамандармен бағаланып отырады. Ағымдаға бағамдар әрдайым арнайы формулалар бойынша есептеліп, биржалық белсенділік индексін алуға негіз болып, сол уақытта белгілі акцияларды сатып алуға болатындығын корсегеді.Сондай-ақ айта кететін бір жайт мемлекеттік-монополистік капитализм жағдайында бағалы қағаздарды сатуда биржа рөлі біршама төмендеді. Мүның басты себебі бағалы қағаздарды сатудың үлкен үлесін өздеріне шоғырландырған мықты несие-қаржылық институттардың қүрылуы болды. Бағалы қағаздарды сатуда мемлекеттік облигациялар-ң ұлғаюы да әсер етті.
«Консультант» сөзі латынның «кеңес беруші» дегенінен шыққан. Бұл сөз белгілі бір салада өз мамандығы бойынша сауалдарға кеңес беруші маман екенін түсіндіреді. Шетелдік практикада басқару сұрақтарына коммерциялық ақылы кеңес беру «консалтинг» деп аталады.Нарықты экономикалы өнеркәсібі дамыған елдерде консул ыациялық қызмет формасындағы интелектуалды капиталға салымдар жаңа жабдықтар мен озық технологияға салымдарға қарағанда тиімдірек деп есептелінеді.Консалтінгтік қызметтер ауызша бірлік кеңестер формасында болуы мүмкін. Бірақ олар жиі-жиі консалтингтік жобалар түрінде үсынылып, келесі негізгі этаптардан түрады:проблеманың анықталуы;жобаның шешімдерін дайындау;жобаның жүзеге асырылуы;Қорытынды этап жоба көлеміне тәуелді, бірнеше айға созылуы мүмкін. Кеңес беру әдістері әр түрлі болуы мүмкін, неғүрлым кең қолданылатын 3 түрі бар:эксперттік;үрдістік;баулашы;
Экспертік кеңес беруші- консалтингтің неғүрлым белсенді емес формасы. Мүнда кеңес беруші өзі диагностика жасап, шешімдерді дайындап оларды ендіру туралы түсінік береді, ал клиент кеңес берушіні қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді.Үрдісті кеңес беруде- кеңес беруші фирма мамандары жобаның дайындалуының барлық кезеңдерінде клиентпен озара белсенді қызмет атқарады. Оган өз идеяларын айтуга мүмкіндік береді. Баулушы кеңес беруде мамандардың басты мақсаты идеялардың тууына, шешімдердің табылуына қолайлы жағдай дайындау арқылы барлық . теоретикалық және практикалық ақпараттарды үсынады.Өндірістік кәсіпкерлікті кәсіпкерліктің жетекші түрі деп айтуға болады. Мүнда өнім, тауар, жүмыстар, қызметтер, белгілі рухани қүндылықтар жасалады.Бірақ нақ осы қызмет аясы нарықтық экономикаға өтуде: шаруашылық байланыстар-ң құлауы, материалды-техникалық жабдықтардың бүзылуы, өнім өткізудің күрт төмендеуі, кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлауы секілді негативті өзгерістерді бастан өткерді.
Өндірістік қызметпен айналысқысы келген әр кәсіпкер ең алдымен қандай тауар өндіруді және қандай қызмет түрін көрсеткісі келетінін анықтап алуы тиіс. Содан соң бүл кәсіпкер маркетингтік зерттеугу кошеді. Тауарға сүранысты анықтау үшін ол тікелей түтынушылырмен, тауарды сатып алушылармен, когерме және бөлшек сауда үйымдарымен байланысқа түседі. Бүл келіссөздерің формальді аяқталуы болып кәсіпкермен келешек тауар сатып алушы арасында жасалған келісім шарт табылады. Мұндай келісім шарт кәсіпкерлік тәуекелділікті минимумдауға септеседі.Өндірістік кәсіпкерліктің келесі сатысы өндіріс факторларын жалға алу немесе иемдену. Өндіріс факторлары қатарына: өндірістік қорлар, жүмысшы күші, ақпарат және т.б. жатады. Өндірістік қорлар өз кезегінде негізгі және айналым қорларына бөлінеді.Негізгі өндіріс қорларына: қүрылыс, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш жіне реттеу қүралдары, өндірістік инвентарь және басқада негізгі қорлар.Өндірістік айналым қорларын шикізаттар, негізгі және көмекші материалдар, жанармай және энергетика ресурстары, күны аз тез тозатын қүралдар және ремонтқа қажетті бөлшектер қүрайды.Қаржы қүралдарына және оның есебі кәсіпкерлік істі жүзеге асыру ақшалай шығындармен байланысты өндірістік кәсіпкерлік қызметте ақшаға жалпы қажеттілікті мынандай формуламен есептеуге болады.

Отандық өнімдердің сұранысқа ие болуы, жеке кәсіпкерліктің дамуы еліміздің өркендеуіне алып келетін тура жолдардың бірі. Осы ретте Түркістан қаласының тұрғындарының назарына отандық кәсіпкерліктің дамуы жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Мемлекет басшысының Қазақ­стан халқына Жолдауында биз­нес-ортаның ахуалын түбе­гей­лі жақсарту және оның ая­сын кеңейту Қазақстанның Үшін­ші жаңғыруының негізгі басым­дық­тарының бірі болып белгіленгенін атап көрсетті. «Мемлекет пен кәсіпкерлердің мүдделерін қатар ескере отырып, бизнестің дамуына тиімді әрі қолайлы орта қалыптастыру – біздің басты міндетіміз болып табылады.
Қ.Тоқаев айтып өткендей, дамыған елдерде мемлекет кәсіпкерлікке, технологияларды ұсыну, тиісті эко­н­омикалық ақпарат беру және инновациялық қызмет түрлерін ынта­ландыру арқылы ғана қол­дау көрсетеді. Біздің елде өн­діріс пен жоғары технологиялы биз­несті дамытуға ерекше назар аударылуға тиіс. Мемлекеттік қол­дау дәл осындай кәсіпкерлікке бағыт­талуы керек, соның ішінде олар­ды квазимемлекеттік сек­тор тарапынан тапсырыспен қамта­масыз етудің маңызы аса зор. Қ.Тоқаев өз сөзінде Үкіметтің Салық кодексін жеңілдетіп, кәсіп­керлерге ыңғайлы әрі қо­лайлы ету қажет екендігін айтты. «Сенат өз тарапынан бұл жұмысты заң­намалық тұрғыда қамтамасыз етуге дайын», деді ол. Соны­мен қатар, палата Төрағасы заң­да қарастырылған ерекше жағ­дай­ларда ғана мүліктен күштеп айыру көзделетінін, сондықтан, жеке меншікке қол сұқпаушылық туралы Конституция ережесін қатаң сақтау керектігін қадап айтты. «Егер құқық бұзушы­лық, соның ішінде қылмыстық іс кәсіпкерлік қызметке қатысты болмаса, онда жеке меншікке қол сұ­ғыл­мауы тиіс. Қылмыскер жа­са­­ған нақты қылмысы үшін ғана жауап беруі керек. Оның ие­лі­гіндегі меншік, атап айт­қан­­да, бизнесі мен мүлкі бөтен адам­­­дар­дың арасында бөліске салын­­бағаны жөн. Біз құқықтық мем­лекетте өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан, бұл мәселеде ешқандай екіұштылыққа жол берілмеуге тиіс», деді Қ.Тоқаев.
Президент Жол­дауын іске асыру аясында пар­ламентшілер алдына экономика сала­сындағы қылмыстарға қатыс­ты қолданылатын жазаларды жеңіл­дету, кәсіпкерлік ортадағы құқық бұзушылықтарға қатысты санк­ция­ларды алып тастау бойын­ша заң шығару жұмыстарын жал­ғас­тыру мәселесін қойды. Бұл көп жағ­дайларда тым жалпылама түсін­ді­ріліп, кәсіпкерлердің қыз­метіне зиян келтіріп отырған Қыл­мыс­тық кодекстің жалған кәсіп­кер­лік туралы бабына да жаңа көз­қараспен қарауға қатысты. Қ.Тоқаев өз сөзінде қоғамда кәсіп­­­керлікті насихаттау мәсе­ле­сіне ерекше назар аударды. Ол ай­­тып өткендей, кәсіпкерлік негіз­дерін оқытуды студенттік шақтан, тіпті, мектеп қабырғасынан бастап қалыптастыру керек. «Бизнес жүр­гізуге қатысты тиісті білім беру бағ­дарламалары қажет. Жастардың кәсіпкерлікпен айна­лысуына тос­қауыл болатын жағ­дай­­лардың жо­лын түбегейлі кесіп, бизнеспен айналысу тартымды, беделді әрі қол­жетімді болуы үшін ең жақсы ахуал туғызуымыз керек», деді ол.
«Соңғы жылдары қабылданған шаралардың арқасында шағын және ірі бизнес тұрақты дами бастады. Алайда орта кәсіпкерліктің даму қарқыны әлі де бәсең. Жаңа экономикалық үлгіге көшу үшін оны «қолмен көтеруге» тура келеді. Ең алдымен, орта бизнестің дамуын тежеп тұрған кедергілерді жою қажет. Орта кәсіпкерліктің басым бөлігі әбден дамыған кезде бөлшектеніп кетеді. Өйткені оларға шағын бизнес деңгейінде қалған әлдеқайда «қолайлы». Үкімет шағын бизнесті өзара бірігіп, ірі кәсіп иелері болуға ынталандыру үшін заңға өзгерістер енгізуі керек», деді Президент.

Мемлекет басшысы өз сөзінде еліміздің нарығында белсенді жұмыс істеп жатқан табысты орта кәсіпорындар көп емес екенін де тілге тиек етті.
«Еліміздің нарығында белсенді жұмыс істеп жатқан табысты орта кәсіпорындар көп емес. Оларға қолдау көрсету қажет. Мұндай кәсіпорындардың әрқайсысына қатысты нақты жоспар әзірлеу керек. Сол арқылы олардың өндіріс қабілетін арттырып, өнім көлемін екі-үш есе көбейту қажет. «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын біріктірген жөн. Оны шағын және орта кәсіпкерлікті қолдайтын кешенді бағдарламаға айналдыру керек», деп нақтылады Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button