Түркістан халықының қаржылық сауаттылығы және мемлекеттік қаржыны басқару мүмкіншілігі.
Түркістан қаласында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды факторы болып табылады. Қаржылық сауатты азаматтар жеке қаржыларын тиімді басқара отырып, жалпы экономикалық әл-ауқаттың артуына ықпал етеді. Сондықтан, қаржылық білім беру және ақпараттандыру бойынша шараларды жүйелі түрде жүзеге асыру қажет.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттырудың маңыздылығына тоқталып, «Amanat» партиясына үкіметпен бірлесіп «Қарыссыз қоғам» жобасын кеңейтуді тапсырғаны белгілі. «Қарыссыз қоғам» білім беру жобасы қаржы сарапшыларының қатысуымен Түркістан қаласында бастау алды. Түркістан қаласы аумағында жобаға арнайы ғимараттар әзірленіп, материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілді. Қала тұрғындарына сарапшы Жандос Әзімбай «Тиімді несие алу мен депозиттер ашуды үйрену», «Банкроттыққа тапсырудың критерилері» және «Қайтарымсыз мемлекеттік грант», «жеңілдетілген несие бағдарламасы туралы» қала тұрғындары үшін маңызды, қажетті мағлұматтар үйретті.
Бүгінгі күнге дейін қаржылық сауат ашу курсы бойынша білім алған 163 тұрғын арнайы сертификатталды, сонымен қатар 3-ші топта 65 тұрғын және төртінші топта 63 жалпы 128 тұрғын қамтылды. Әрі қарай ағымдағы жылдың соңына дейін 900 тұрғынды қамту жоспарлануда. «Қаржылық сауаттылық» курсына қатысамын деушілерге төмендегі мекен жайлар бойынша қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Тел: 1310
instagram: turkistan1310
Whatsapp: +77073331310 байланыс орталығы арқылы
Түркістан қаласы, Ғ.Мүсірепов №33 А «Яссы» т/а
Түркістан қаласы, Ханқорған №3 «Бірлік» т/а
Түркістан қаласы, Н.Төреқұлов №3А «Шауғар» т/а
Түркістан қаласы, Есенберлин №13 «Бекзат» т/а
Түркістан қаласы, Тілеумыңбасы №5 «Сауран» т/а
Түркістан қаласы, Қазыбек би №258 «Отырар» т/а
Түркістан қаласы,Мүсірепов, №17
Қазіргі таңда тұрғындарға хабарландыру тиісті ақпаратты БАҚ-құралдарына тарату және қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру шаралары жалғасуда.
Сонымен қатар, жобаға жауапты кординатор ретінде Экономика және қаржы бөлімінің бас маман заңгері Үсіпбек Ердәулет Сұлтанханұлы бекітіліп, жобаға қатысушыларға ыңғайлы аудитория ретінде Түркістан қаласы, С.Қожанов, №44 мекен жайдағы Атамекен кәсіпкерлер палатасы ғимаратының мәжіліс залы, Тәукехан даңғылы, №100 мекен жайдағы қала әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ғимараты болып белгіленген және тиісті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Түркістан қаласы халықтың қаржылық сауаты бойынша халықтың қаржылық сауатын арттыру маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттердің бірі болып табылады. Қаржылық сауаттылық әрбір азаматтың жеке қаржы ресурстарын тиімді басқаруға, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және жалпы экономикалық әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.
Қаржылық сауаттылықтың мәні мен маңызы
Қаржылық сауаттылық – бұл жеке және отбасылық бюджетті басқару, ақшаны үнемдеу және инвестициялау, кредиттік міндеттемелерді дұрыс басқару, сондай-ақ қаржылық шешімдерді дұрыс қабылдау қабілеті. Қаржылық сауаттылықтың жоғары деңгейі азаматтарға келесі мүмкіндіктерді береді:
Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету: Табысты дұрыс басқару арқылы төтенше жағдайларға дайын болу және қаржылық қиындықтардан аулақ болу.
Инвестициялық мүмкіндіктерді пайдалану: Ақшаны тиімді инвестициялау арқылы қосымша табыс көздерін құру.
Кредиттік тәуекелдерді азайту: Кредиттерді дұрыс пайдалану және олардың шарттарын жақсы түсіну арқылы қаржылық жүктемені азайту.
Қаржылық жоспарлау: Болашаққа қаржылық мақсаттар қою және оларға жету жолдарын анықтау.
Түркістан қаласында қаржылық сауаттылықты арттырудың қажеттілігі
Түркістан қаласында қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша бірнеше маңызды мәселелерді атап өтуге болады:
Инвестициялық мәдениеттің дамымауы: Халық арасында инвестициялау туралы білімнің аздығы инвестициялық мүмкіндіктерді пайдалануға кедергі жасайды.
Қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша ұсыныстар
Қаржылық білім беру бағдарламалары: Мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында қаржылық сауаттылық бойынша пәндерді енгізу қажет. Сонымен қатар, ересектер үшін қаржылық сауаттылық бойынша тренингтер мен семинарлар өткізу маңызды.
Ақпараттық қолдау көрсету: Халық арасында қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында арнайы ақпараттық материалдар, брошюралар және онлайн-ресурстарды тарату.
Қаржылық кеңес беру қызметтері: Қаржылық мәселелер бойынша кеңес беру қызметтерін ұйымдастыру арқылы азаматтарға нақты жағдайларда көмек көрсету.
Банктер мен қаржылық институттармен серіктестік: Банктер мен қаржылық институттар қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған бағдарламаларды қолдауға және өз клиенттеріне қаржылық білім беру бойынша шаралар ұйымдастыруға атсалысуы тиіс.
Бұл өскелең ұрпақтың өз қаржысын сауатты әрі жауапты басқаруына мүмкіндік береді. «Қаржылық сауаттылық» курсына қатысамын деушілерге төмендегі мекен жайлар бойынша қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Қаржы пирамидасы дегеніміз не? Қаржы пирамидасы деген ұғым қайдан шықты және қашан пайда болды? Ол несімен қауіпті? Қалай сақтану қажет? Бұл туралы Түркістан облысы мен қазақстан азаматтары үшін қандай ақпараттар білуі керек және ол ақпараттар несімен пайдалы? Бүгінгі тақырып осы төңіректе өрбімек. Пирамида ағылшын тілінен аударғанда «монументтік құрылғы»– деген ұғымды білдіреді. Қаржы компаниялары колданатын жеңіл табыс тәсілі, күдікті мәміле. Компания сатқан құнды қағаздарды алған «пирамиданың» төменгі қабатын құрайтын алаяқтыққа тартылған адамдардың ақша қаражаттары, одан бұрын құнды қағаздарды сатып алған адамдарға ішінара төленіп, сондай-ақ кең көлемді жарнамаға жұмсалады және қаржы компаниясының пайдасына алынады. «Пирамида» ерте ме, кеш пе әйтеуір бір кезде құлайды, бұл жағдайда төменгі қабаттағы қатысушылар өздерінің салымдарын жоғалтады, ал компания не күйрейді, не болмаса жаңа «пирамиданы» құруға кіріседі. Қаржы пирамидасының ерекшелігі – тез және оңай ақша табу туралы уәде. Қаржы пирамидалары көбінесе өздерін инвестициялық кәсіпорын ретінде көрсетеді. Олар, мысалы, акциялар мен облигацияларды сатып алуды ұсынады, жоғары өнімді құрылысқа, алтын өндіруге немесе ультра тиімді өндіріске инвестиция салуға уәде береді. Олар жарнама науқанында нақты және тартымды ұрандарды ұсынады: Интернет компаниясы, инновациялық жоба, криптовалюталар, тұрғын үй кооперативтері, алтын, әлеуметтік желілер.
Айта кету керек, қаржы пирамидасына қосылу ерікті түрде және заңды қолдаусыз жүзеге асады. Бұл дегеніміз, ешкім инвестицияның қайтарылуына кепілдік бермейді.
Сонымен, Қаржы пирамидасының белгілері қандай?
Адам сенгісіз пайда, үстеме табыс уәде етіледі. Жоғары табыс келетіні жөнінде уәде тек бір рет ұйымға тарту кезінде орындалуы мүмкін, бірақ ары қарай одан да көп қаражаттан айырылып қалу қаупі өте жоғары. Компания шынайы экономикалық немесе инвестициялық қызметпен айналыспайды. Пирамида өзін тауар, несие, туристтік, құрылыс компаниясы ретінде өзін таныстырады. Алайда, шындап келгенде ескі салымшының барлық төлемі жаңа салымшылардың жарнасы есебінен төленеді. Жобалардың материалдық-құқықтық базасы жоқ, яғни, бұл компаниялар жаңадан құрылған, қаржылық есептілікке ие емес, келісім жасамайды немесе келісімдер тек ұйымдастырушылардың пайдасына көздеп жасалған әрі Қазақстан заңнамасына сәйкес келмейді. Компанияның қызметі тым жан-жақты, сол арқылы компания айқын әрі нақты қызметінің жоқтығын жасырады.
Әлеуметтік желідегі белсенді әрі мезі қылатын жарнамасы болады. Осындай жарнаманы тарату «Жарнама туралы» заңға сәйкес емес болғандықтан, аталмыш заңсыз бизнестің барлығы әлеуметтік желі мен мессенджерде кеңінен таралады. Қаржы регуляторы лицензиясының болмауы. Кез келген салым егер сыйақының мерзімі мен мөлшерлемесі көрсетілген болса депозит болып саналады. Халықтан салым алу үшін ҚР Ұлттық банкінің лицензиясы қажет, және ол екінші деңгейдегі банктерде бар. «ҚР екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» ҚР Заңына сәйкес банктер халықпен жұмыс жасап, салынған қаражаттың қайта берілуіне кепілдеме береді. Бірақ қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары лицензияны қажет етпейтіндігін мәлімдейді. азақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217- бабына сәйкес Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру, яғни тартылған қаражатты қабылданған мiндеттемелердi қамтамасыз ететiн кәсiпкерлiк қызметке пайдаланбай, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшасын немесе өзге мүлкiн не оған құқығын қайта бөлу және бiр қатысушыларды басқалардың жарналары есебiнен байыту арқылы осы активтердi тартудан табыс алу (мүлiктiк пайда табу) жөнiндегi қызметті ұйымдастыру, сол сияқтықаржылық (инвестициялық) пирамидаға немесе оның құрылымдық бөлімшесіне басшылық ету үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. Қазіргі кезде қоғам арасында желілік маркетингке (сағаттар, косметика, тұрмыстық химия т.б. сатуға) және әлеуметтік желідегі мессенджерлеріне шақырту сілтемелері арқылы қағидатына негізделген (WhatApp, В контакте, Telegram арқылы) «Қаржылық перамидалар» көбеюде. Әдетте «Қаржы пирамидалары» өздерін инвестициялық кәсіпорын ретінде көрсетеді. Олар көбіне акциялар мен облигацияларды сатып алу, жоғары өнімді құрылыс, зергерлік бұйымдарға салуға уәде береді.
«Қаржы пирамидасы» — бұл табыс алудың алаяқтық схемасы. Сізге өте жоғары пайыздық мөлшерлемелермен инвестиция құю ұсынылады да кепілдендірілген табыс беріледі және осылай табыс табуға таныстар мен достарды белсенді тартуды сұралады. Абай болыңыз, табысты деп жүрген инвестициялық компанияңыз қаржылық пирамидаға айналуы мүмкін. Қаржы пирамидасының ерекшелігі — тез және оңай ақша табу туралы уәде беру болып табылады. «Қаржы пирамидасының» белгілері келесідей болады:
— Ақшалай қаражатының ауқымды сомасын салу қажеттілігі.
— Инвестицияға жоғары қызығушылық, жылдам кері қайтару туралы уәде;
— Төлем алу үшін таныстарыңызды көптеп тарту қажет, сосын олар өз ақшаларын сол жерге салуы тиіс.
— Компания қаражат жинау қарсаңында тіркелген, оның ең төменгі жарғылық капиталы және жалғыз құрылтайшысы бар. Тіркеуді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында «Салық төлеушілерді іздеу» сервисі арқылы тексеруге болады .
— Әлеуметтік желілердегі белсенді жарнама, түрлі таныстырылымдар, түрлі жүлделер ұтысы, сыйлықтар, сапарлар, үнпарақтар, поштамен және электрондық поштамен жаппай тарату .
— Шарттарында егер бірдеңе дұрыс болмай қалса, ешкім жауапкершілікке тартылмайтынын анық көрсетеді.
— Компания өзін микроқаржы ұйымы, «несиелік бюро», « қарызға қарсы бағдарлама», «қаржылық қызмет көрсету орталығы» деп атауы мүмкін. Олар келесі қызметтерді ұсынады: «Сізге банктен бас тартылды ма? Біз көмектесеміз!» «Біз сіздің несиеңізді қайта қаржыландырамыз! Қарыздан құтыл!»
— Олар қолма-қол ақшаны қабылдайды немесе Интернет-төлемдер мен аударымдардың әртүрлі жүйелерін компанияның банктердегі арнайы есеп шоттарын пайдаланбай қолданады.
Қаржы пирамидасының желісінде болсаңыз не істеу керек?
1) Тағы бір рет, бұл компанияның «Қаржылық пирамида» екендігіне көз жеткізіңіз және жоғарыда сипатталған белгілерін ұстаныңыз.
2) Егер сіз бұған сенімді болсаңыз және қаражатыңызды кері алғыңыз келсе, бұл оңай болмайтынына дереу дайындалыңыз.
3) Сіздің қолыңызда алаяқтарға ақша аудару фактісін растайтын құжаттар болса (келісім, банктік шот бойынша үзінді көшірме , қолма-қол ақшаны беру туралы бұйрық), сіз пирамидаға кірген адамға дереу хабарласыңыз.
4) Егер пирамида схемасы әлі де күшінде болса, компанияға жазбаша шағым беріңіз. Ақшаны қайтарып беруді талап етіңіз және ақшаны қайтарып алмасаңыз, қылмыстық іс қозғау үшін құқық қорғау органдарына хабарласатын ұйымдастырушыларға хабарлаңыз.
5) Егер олар сізге бермесе, олар «ақша қазір жүйеде, оны қайтара алмайсың» деп жауап берсе, дереу құқық қорғау органдарына хабарласып, алаяқтарға бұл туралы хабарлаңыз. Әдетте бұл жағдайда ақшаны қайтарып алу мүмкіндігі әлдеқайда жоғары болады. «Қаржылық пирамида» құрбандарының арасында көп қаражаттарынан, мүліктерінен айырылған азаматтар көп. Көбісі ақшаны жоғалтуға көніп, ешқандай шара қолданбай жатады. Бұл алаяқтардың адамдарды алдауды жалғастыруына ықпал етеді.
Алаяқтықтың бірнеше схемалары бар: «жанр классикасы» – бұл схемаға тартылған қатысушылардың салымдары бұрын тартылған қатысушыларға төлеуге бағытталатын, көптеген қаржылық пирамидалар қолданатын ақша тарту схемасы. Алаяқтар өз қызметін жасыру үшін жиі қолданылатын схемалардың бірі желілік маркетинг түрінде жүзеге асырылады. Желілік маркетинг те, қаржылық пирамидалар да иерархиялық құрылымға ие, халықты тарту бағдарламасы, яғни маркетингтік жоспар, өнімді немесе қызметті сатудан бонустар төлеу.
Желілік маркетингтің принциптері өнімді сатудан пайда табуға негізделген. Осы мақсатта сертификаттар, зергерлік бұйымдар, косметика, дене күтіміне арналған өнімдер қолданылады. Көптеген адамдардың желілік маркетингке күмәнмен қарайтынына қарамастан, бастапқы төлемнің белгілі бір мөлшерін ғана төлеп жылжымайтын мүлік сатып алу ұсынысы көпшілік үшін өте тартымды келеді. Жылжымайтын мүлік, автомобиль және басқа да қымбат мүлік сатып алуға ақша жинауға көмектесетін компаниялар белсенділік көрсете бастады. Жинақ бағдарламасына енгізетін жарна жинақ сомасына қарағанда азырақ. Мысалы, қатысушы алты ай мерзімге 800 доллар салады, ол алты айдан кейін 19 200 доллар сыйақы алады. Сыйақы сомасына шақырылған қатысушылардың саны мен олардың салымдарының мөлшері әсер етеді. Сондай-ақ, 200% және одан да көп мөлшерде сыйақы төлеуді көздейтін бағдарламалар бар, бұл ретте қатысушының құқықтарды беруі немесе мүлікті кепіл ретінде қалдыруы негізгі талап болып табылады.
Қазақстанда соңғы уақытта қаржы пирамидаларынан зардап шеккендердің саны өсуде. Тек 2023 жылы осындай 100-ден астам компания анықталды. Алаяқтар азаматтарды алдау үшін неғұрлым күрделі схемаларды ойлап табады. Қылмыскерлер қандай әдістерді жиі қолданады және қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың құрбаны болмау үшін не істеу керек?
Алаяқтықтың бірнеше схемалары бар: «жанр классикасы» – бұл схемаға тартылған қатысушылардың салымдары бұрын тартылған қатысушыларға төлеуге бағытталатын, көптеген қаржылық пирамидалар қолданатын ақша тарту схемасы. Алаяқтар өз қызметін жасыру үшін жиі қолданылатын схемалардың бірі желілік маркетинг түрінде жүзеге асырылады. Желілік маркетинг те, қаржылық пирамидалар да иерархиялық құрылымға ие, халықты тарту бағдарламасы, яғни маркетингтік жоспар, өнімді немесе қызметті сатудан бонустар төлеу. Бүгінгі таңда алаяқтар азаматтардан ақша алудың неғұрлым күрделі схемаларын жасауда. Қазақстанда қаржы пирамидаларының белгілері бар 100-ден астам компания анықталды. Алаяқтардың ең танымал әдістері – бұл желілік маркетинг, тұтыну кооперативтеріне тарту, сондай-ақ қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жобаларға инвестиция салу. Желілік маркетингтің принциптері өнімді сатудан пайда табуға негізделген. Осы мақсатта сертификаттар, зергерлік бұйымдар, косметика, дене күтіміне арналған өнімдер қолданылады. Көптеген адамдардың желілік маркетингке күмәнмен қарайтынына қарамастан, бастапқы төлемнің белгілі бір мөлшерін ғана төлеп жылжымайтын мүлік сатып алу ұсынысы көпшілік үшін өте тартымды келеді.
Жылжымайтын мүлік, автомобиль және басқа да қымбат мүлік сатып алуға ақша жинауға көмектесетін компаниялар белсенділік көрсете бастады. Жинақ бағдарламасына енгізетін жарна жинақ сомасына қарағанда азырақ. Мысалы, қатысушы алты ай мерзімге 800 доллар салады, ол алты айдан кейін 19 200 доллар сыйақы алады. Сыйақы сомасына шақырылған қатысушылардың саны мен олардың салымдарының мөлшері әсер етеді. Сондай-ақ, 200% және одан да көп мөлшерде сыйақы төлеуді көздейтін бағдарламалар бар, бұл ретте қатысушының құқықтарды беруі немесе мүлікті кепіл ретінде қалдыруы негізгі талап болып табылады.
Мұндай клубтар қазақстандықтарға круиздер, жолдамалар, саяхаттар, бизнесті құру және ілгерілету бойынша тренингтер, маркетинг, инвестициялау, копирайтинг, сондай-ақ хиромантия, астрономия, психикалық тепе-теңдікті жақсарту, психология, нумерология, символдар, магия және т.б. ұсынады. Бұл жағдайда қатысушы басқа адамдарды тарта отырып, бағдарламаға байланысты белгілі бір мерзім ішінде кіру жарнасын 1-3 жылдан 5-10 жылға дейін төлеуі керек. Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың тағы бір құралы – бинарлық опциондар платформасы. Процесс мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: ұйымдастырушы әлеуметтік желілер арқылы жеке тұлғаларды бағалы қағаздар нарығындағы операциялар бойынша оқытуға тартады. Бұдан әрі, оқытуды өткізгеннен кейін клиентке бағалы қағаздарды сатып алу және сату операциялары, бинарлық опциондармен операциялар жасау мүмкіндігі болатын арнайы платформа ұсынылады. Клиент демо-шотты және адамның ақша табуына жағдай жасайтын платформаны қолдана отырып операцияларды жүзеге асыра бастайды. Әрі қарай, клиент нақты ақшаны қолдана отырып операцияларды жүзеге асырады. Егер клиентте ақша қаражаты жеткіліксіз болса, онда ол шақырылған әрбір қатысушы үшін бонустар ала алады. Бұл платформалардың көпшілігі шетелдік, ал Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген компаниялар тек консультациялық қызмет көрсетеді. Бұл ретте, платформа әдейі барлық операциялар пайдаланушылар үшін тиімсіз болатындай етіп жасалған.
Алаяқтардан қалай сақтану керек? Егер Сізге қысқа мерзімде үлкен кірістілік ұсынса, сыйақы алу үшін бірнеше қатысушыны тартуды ұсынса, Сіз БАҚ-тан және интернеттен жаппай жарнамалық науқанды көрсеңіз, сақтануыңыз керек. Компанияның беделін және ол ұсынған ақпараттың дәйектілігін зерделеңіз. Депозит тартуға құқығы бар барлық қаржы ұйымында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арқылы қаржы реттеушісінің лицензиясы болуға тиіс. компанияның иелері және басшылығы туралы ақпаратты тауып алыңыз, сондай-ақ оның қайда тіркелгенін біліңіз. Егер басшылық туралы деректер құпия, ал компанияның өзі әлдебір оффшорлық аймақта тіркелген болса, онда ойлану керек. Қазақстанда соңғы үш жылдың өзінде ғана қаржы пирамидаларын құрудың 180 жағдайы тіркелді. Жалпы зиян 8,3 млрд теңгені құрады. Мынаны есте сақтау керек: қаржы пирамидалары қаржы ұйымдарына жатпайды және қаржы реттеушісінің депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге лицензиясы болмайды, тиісінше қаржы реттеушісі бақыламайды. Реттелмейтін ұйымға ақша салған кезде олардың толық жоғалып кету деңгейі жоғары болады, себебі оның қатысушыларының арасындағы өзара қарым-қатынас өзара сенімге негізделді және ақшаны беру және шоғырландыру бойынша іс-әрекеттерді қатысушылардың өздері жасайды. Сондықтан, қаржылық алаяқтыққа ұрынып қалмау үшін, қаржылық сауаттылықты арттыру, қол қою алдында барлық құжатты мұқият оқу және мамандардың консультациясын алу, сұрақтар қою, Сізге ұсынған өнімді зерделеу қажет. егер Сіз ақшаңызды сеніп тапсыратын ұйымда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы болса, онда Агенттікке шағым жасай аласыз, бірақ қаржы пирамидалары болған жағдайда, Сіздің ақшаңыздың сақталуына ешкім кепілдік бере алмайды. Ұйымда лицензияның болуын Агенттіктің finreg.kz сайтынан тексеру қажет.
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі, азаматтарды, қаржы мәселесінде сергек болуға, өз қаражаттарын күмәнді қаржылық ұйымдарға салмауға шақырады. Барлық өңірлерде және әртүрлі форматта алаяқтық жобалар көбеюде. Соңғы уақыттарда Интернет желісі арқылы «жалған қаржылық компаниялар» туралы ақпарат жиіледі. Еліміздегі ірі мұнай өндіруші «ҚазМұнайГаз», «ТеңізШевройл» сияқты, сонымен қатар «Байтерек Инвест», «Каспи банк» мемлекеттік цифрлық жобаларға ақшалай инвестиция жасау туралы ұсыныстар әлеуметтік желі бетін аралап жүр. Алаяқтар, елдің сенімін жаулау үшін, компаниялардың логотипін, танымал тұлғалардың бейнесін пайдалануда. Осы тектес жарнамалар шындыққа жанаспайтынын ескертеміз! Тек Алматы қаласының тұрғындарынан 2 млн.АҚШ доллары және 630 мың теңге көлеміндегі қаражатын жинап алған «TheFiniko» қаржы пирамидасына қатысты іс Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментімен қалалық прокуратурамен бірге тергелуде. Осы қаржы пирамидасын құрушыларға алданған 300-ден астам адам шағымданған. Қаржы нарығын реттеу агенттігінің қорытындысына сәйкес, аталған компания әлемдік биржалардың ешқайсысында тіркелмеген. Алайда оны сауда және инвестиция платформасы деп жариялаған құрушылары адамдарды жалған жарнамамен тартып, ақша құюға сендірген. Бүгінгі күнге бұл қаржы пирамидасының негізін қалаған үш азамат қамауға алынды. Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Не работа» атты қаржы пирамидасын ұйымдастыру дерегін анықтап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру шараларын жүргізуде. Ұйымдасқан топ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін тартылған қаражатты өз бағытына пайдаланбай, жеке тұлғалардан қаржылық пирамидаға активтерді тартуды қамтамасыз еткен. Пирамидаға тартылған қаражат сомасы 80,5 млн. теңгені құрады. Тергеу амалдары жүргізілуде. Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінде «GAP» ТК (Global Asar Project) басшылығына қатысты қылмыстық іс тергелуде. Батысқазақстандық әріптестер анықтағандай, 2021 жылы БҚО аумағында қаржы пирамидасы құрылған, яғни кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін тартылған қаражатты пайдаланбай, активтерді қайта бөлу және кейбір қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен байыту арқылы жеке тұлғалардың жарнасынан кіріс алу бойынша әрекет ұйымдастырған. Зардап шеккен 14 адамға келтірілген жалпы шығын 15 млн. теңгеге жуық. Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті WhatsApp-тағы топтар арқылы құрылған пирамиданың жолын кесті. Қылмыстық схема екі бағыт бойынша қатысушылардан қаражат тартқан. Біріншісі – жаңа қатысушыларды тарту арқылы салым сомасының 70%-ы көлемінде сыйақы төлеуге уәде беріп, 4 – 5 күнге дейінгі мерзімге азаматтардан инвестиция жинақтау. Екіншісі – «Cтандарт», «Vip» және «Premium» деген үш позицияға азаматтардан инвестиция тартып, 150000 теңгеден 10000000 теңгеге дейінгі салымдар сомасында қаражат жинақтау. Салымдар мобильді банкинг арқылы қабылданған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кету керек, пирамиданың мақсаты – жаңа қатысушыларды тарту. Әдетте, пирамиданың негізін қалаушылар қомақты соманы жинап алған соң төлеуді тоқтатады да барлық ақшамен жоғалып кетеді. Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды қаржы пирамидаларына тартатын алаяқтардың айла-амалынан сақтандырудың барлық шараларын жасауда.