Жаңалықтар
Түркістан қаласында жекешелендіруді жеделдетудің қажеттілігі қаншалықты?
Түркістан облысында, Түркістан қаласында жекешелендіру бағытындағы жұмыстарды әрдайым жандандырып келеді. Сонымен, жекешелендіру дегеніміз – азаматтардың жəне заңды тұлғалардың мемлекеттік меншік объектілерін немесе мемлекеттік акционерлі қоғамдардың акцияларын сатып алу. Жекешелендірудің басты мақсаты – жекшелендірілген кəсіпорындардың экономикалық өсуі арқасында ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру. Жəне де, мемлекеттік бюджет тапшылығын азайту. Қазіргі таңда еліміздің экономикасы əлеуметтік-экономикалық жаңғырту мен дамуының алғашқы сатысында. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына Жолдауында айтып өтті: «Үлкен жауапкершілікпен айтуға болады: еліміз ауыспалы кезеңді сəтті аяқтап, өзінің дамуының жаңа кезеңіне нық басып келеді. Əрине, бұл оңай бастама емес, оны жүзеге асыру үшін экономикада біртұтас жүйені қалыптастырып, жаңа білімді дүниежүзілік рынокта бəсекеге қабілетті бола алатындай инновациялық техника мен технологияға, тауарлар мен қызметтерге, мекемелерді басқарудың түрлері мен əдістеріне бұру қажет. Жеке меншік институты мен келісім-шарттық қатынастарды жан-жақты нығайтып, жекешелендіру жұмысын жалғастыру жəне барлық деңгейде жеке меншік институты мен контрактілік қатынастарға құрмет сезімін тəрбиелеу қажет. Ол бір мезгілде адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері үшін негіз қалау. Мемлекет пен жеке меншік серіктестігінің ережесін айқын анықтайтын контрактілік қатынастарды жетілдіруге қажетті тиісті шаралар қолдануға тиіс». Нарықтық құрылымның дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу жəне жекешелендіру жоспары жасалды. Ең бірінші кезекте нəтижесіздік танытқан мемлекеттік секторларды жекешелендіру қажет болды. Қазақстандағы жекешелендіру салық салу реформасы, бағаны қалыптастыру, еңбекті өтеу жəне бөлектену саясатымен қатар жүзеге асырыла бастады. Жекешелендірудің мақсаты: 1. Кəсіпорындарды мемлекет иелігінен алу. 2. Кəсіпкерлікті дамыту. 3. Еркін баға орнату. 4. Жеке меншік секторлар құру. 5. Бəсекелестік ортаны қалыптастыру. Сондай-ақ – өндірісті монополиясыздандыру, бəсекелестікті дамытуды, сыртқы экономикалық қызметте мемлекеттік монополияны бірте-бірте жою жəне жекешелендіру арқылы елге шетелдік инвестициялар мен импорттың қажетті мөлшерін əкелуді қамтамасыз ету. Нарықтық экономиканың дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу жəне жекешелендіру жоспары жасалды. «Монополиялық қызметтің шектелуі туралы» заң қабылданды. Оның мақсаты: — нарықты басқару тетігін енгізу; — ерікті бақталастық пен кəсіпкерлікті, сұранымдылықты қорғауды қамтамасыз ету; — тұтынушылардың мүддесін қорғау. Бұл заңда монополиялық басқару құрылымын тарату, тауар нарқында сапасыз бақталастықты жою шаралары белгіленген. Іскерлік белсенділіктің өсуі банктік құрылымның жаңа түрінің қалыптасуына əсер етті, бірақ құрылымдық өзгерістер республикада материалдық əл-ауқатты жақсартпады. Өндірістік тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету қысқартылды.
Қазіргі уақытта Қазақстан үшін экономиканы әртараптандыру және шикізаттық емес секторды дамыту негізгі бағыттардың қатарына еніп отыр. Әлемдік тәжірибеге көз салсақ, көмірсутегінің қаржысына ғана сүйенумен алысқа бара алмасымыз мәлім. Бұл ретте туризмнің алар орны ерекше. Туризм – демалу мақсатында, іскерлік және өзге мақсаттарда қатарынан бір жылдан аспайтын кезең ішінде саяхаттайтын және әдеттегі ортасынан тыс жерде орналасқан орындарда болуды жүзеге асыратын адамдар қызметі. Туризм халық шаруашылығында дербес сала екені айқын және бұл экономикалық құбылыс болып есептелінеді. Туризм – экономиканың қарқынды дамыған және көп табыс беретін салаларының бірі. Ол жиі аймақтық даму «катализаторы» рөлін атқарады. Туризмнің дамуы, бірінші кезекте, саяхаттауға ыңғайлы жерлердің пайда болуына қатысты. Себебі әлемдегі дәстүрлі саяхат орындары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастаған. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанда туризмге мол мүмкіндік бар және соның нәтижесінде әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуі мүмкін. Сол мүмкіндіктің бірі Түркістан аймағындағы тарихи байлықтар мен мәдени және рухани құндылықтарды сақтаудың қазіргі жағдайы – кесенелер мен ежелгі мешіттерді және қалашықтарды жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізе отырып, солардың негізінде тарихи, мәдени музей-қорықтарды қалыптастырумен сипатталады.
Туризмнің орталығына айналған Түркістанда туристік сервис те жедел дамып келеді. Туристер жиі келетін қалада қонақ түйлер, мейрамханалар, жалпы туристерге қызмет көрсететін нысандардың көбеюі заңдылық. Тарихқа сүйенетін болсақ, бірінші мейрамхана орта ғасырларда ашылғанын еске түсірсек, орта ғасырлық Түркістандағы мейрамхана кәсібі сонау ғасырлар қойнауынан келе жатқанын аңғаруға болады. Қазір заман тез дамуда. Көптеген кәсіп түрлері шығып, адамдар бастаған кәсіптерінен мол табыс тауып, енді бірі шығынға батуда. Ал әлемде ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын кәсіп түрі – мейрамхана кәсібі десек болады. Бүгінгі таңда қонақ үй-мейрамханалық кәсіптің дамуы өзекті мәселеге айналды. Себебі, Түркістанда қоғамдық тамақтандыру саласы, оның ішінде қонақ үй-мейрамхана саласы өте жоғары қарқынмен дамып келеді. Түркістанда қазірде тамақ өнеркәсіп саласы, мейрамхана салаларына баса көңіл бөлінеді. Себебі мейрамхана саласы тек қана туризм тұрғысынан ғана емес, кәсіптік тұрғыдан да басымдықты талап етеді. Қалада мейрамханалардың күрт өсуінің себебі де сол болар.
Сондықтан, қоғамдық тамақтандыру орындарының дайындаған өнімдері адамзаттың осындай бөлігінің денсаулығына тікелей əсер етеді. Аталған мейрамхана кәсіптері қалада тек қана тамақ шаруашылығымен айналысып қана қоймай, қаншама жастарды жұмыспен қамтып, туристердің сүйікті орнына айналады. Сонымен қатар келуші қонақтардың есінде Түркістанды ұзаққа дейін қалдырады деп сенеміз. Түркістан екі бағытта дамиды. Оның біріншісі туризм болса, екіншісі кәсіпкерлік. Қаланың алдағы басты міндеттерінің бірі туристерді қызықтыру. Бұл тұста қаладағы мейрамхана, ойын-сауық орталықтары, туристік мекемелердің атқаратын рөлі ерекше. Мейрамхана кәсібі тек қалаға көрік беріп қана қоймай, кәсіпкерлердің қалтасын қалыңдатын, шаһар әлеуметін арттырары анық. Бүгінде бұл бизнесті заманауи түрде жаргоншаласақ, жоғары элиталы, ортаңқолды, фаст-фуд деп бөлуге болады. Элиталы мейрамхана белгілі, бағасы өте қымбат, соған сай жоғары санатты жайлылық, таңдаулы интерьер, ас мәзірінің сан алуандығымен ерекшеленеді. Миддл-классты мейрамхана қолжетімді бағамен келушілерін жарылқайды. Фаст-фуд болса белгілі стандарттағы тағамдар ғана ұсынады әрі өзіне-өзі қызмет көрсетуіне тура келеді. Ортаңқолды мейрамхана иесіне жылына 100-ден 350 мың долларға дейін табыс түсіреді. Қолы жүргенде тіпті 500–мың доллардан да асып жығылуы мүмкін. Сондықтан да табысы тұрақты осы салаға ден қоюшылар басым. Түркістан бизнесті жүргізуге ең қолайлы жағдайы бар қалалар қатарына кіреді. Демек, бизнеспен шұғылданғысы келген, кәсібін ашуға оңтайланып жүрген азаматтарға жол ашық. Мұндай азаматтарды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар да көптеп қабылданып жатыр. Бұрынғыдай жөн-жосықсыз тексерулерге де тыйым салына бастады.
Түбі бір түркі елдері рухани орталық ретінде қастерлейтін Түркістан қаласы қазір алып құрылыс алаңына айналды, дамудың жаңа сатысына көтерілді. Қала қазір 3 бағытта дамып келе жатыр. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағы толығымен абаттандырылып, келушілерге қолайлы жағдай жасалуда. Ясауи мен Рәбиға Сұлтан Бегім кесенелерін қалпына келтіру, Әзірет Сұлтан қорық-мұражайының аумағын абаттандыру, Күлтөбе көне қонысының тарихи орындарын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Тарихи, мәдени орталық көз қуантатындай жасалып келеді. Осындай рухани, мәдени орталықта Визит орталығы, «Ұлы дала» орталығы, Ясауи музейі, Фараб кітапханасы, театр, республикамыздағы алғашқы халықаралық туристік және меймандостық университеті сияқты бірнеше маңызды нысан бой көтерді. Түркі жұртының рухани астанасы Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен кейінгі туристердің қызықтап, арнайы ат басын бұратын орынның бірі «Керуен сарайы». Нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерді. 188 гектар аумақты алып жатқан кешен шаһарға ерекше көрік беретін ауқымды жоба. Мұнда қонақүйлер, кинотеатрлар, мейрамханалар мен тарихи-сауда көшесі бар. Сондай-ақ, жасанды көл кешеннің көркін келтіріп тұр. Бұл алып кешен Түркістанның рухани-мәдени орталығының бір бөлігі ғана дерсіз. Себебі Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің аумағы толықтай түрленіп, сәулеттік сән салтанаты жарасқан орынға айналды. Осыдан үш жыл бұрын құрылысы қызған сектор аумағында қазір бірнеше мұражай, технологиялық кітапхана, театр мен неке сарайы бой көтерді. Түркістанда туризмді дамытуға басымдық берілген. Жан-жақты жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторларға қолдау көрсетіліп, екі жақты келісім жолға қойылды.
Нәтижесінде 1,5 миллиардқа жуық АҚШ долларының инвестициясы тартылды. «Әзірет – Сұлтан» кешеніне келушілер саны жобамен 4 айда жарты миллионға жетіп жығылады. Яғни облыс орталығы Түркістанға көшірілген сәттен бастап келушілердің өсу қарқыны 161% құрайды. Ал көне шаһардың әкімшілік-іскерлік орталығы ұлттық нақыш пен заманауи жаңашылдықтардың ұштасқан ордасы. Мұнда облыс әкімдігінің жаңа ғимараты, конгресс-холл мен медиа орталық бой көтеріп, пайдалануға берілді. Кейбір әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің құрылысы әлі де жүргізілуде. Қазіргі таңда теннис орталығы, мұз сарайы, ескек есу, ат спорты кешені осы жылдың көлемінде пайдалануға беріліп жатыр. Сонымен қатар әкімшілік-іскерлік аумағында туристік рекрациялық орталығы салынуда. Жасанды көл. Ол жерде демалыс орны болады. Аймақтың тағы бір жетістігі – өз әуежайының пайда болуы. Қазір Түркістаннан еліміздің барлық ірі қалаларына ұшуға болады. Түркия мен Қырғызстанға халықаралық әуе рейстері де бар. Болашақта Ташкентпен әуе қатынасын жандандыру жоспарланып отыр.
Түркістан қаласы – Түркістан облысында орналасқан. Шығысында тарихи қала Отырар, батысы Жаңақорған ауданымен (Қызылорда) солтүстігінде Созақ, Кентау қаласымен шектесіп жатқан киелі жер. Еуразия кіндігінде орналасқан, Ұлы Жібек жолының дархан даласына айналған өлке де ертеден қала соғылды, мәдени ошақтар салынды. Ғажайыбы сырға толы өзен-көлдер мен тау-тастар, ормандар мен шөлейіттер массиві тарихи кезеңдердің куәсі болды. Мыңжылдық өркениет тоғысы бар шежірелі қалалар талай соғысты бастан өткізді. Қазақ хандығының, Қыпшақ ұлысының, Түрік қағанатының астанасы болған қалалар да жетерлік. Ондай қалалардағы ескерткіштер, мәдени орындар, ескі ғимараттар шежірелі тарих болып қалмақ. 1500 жылдан астам тарихы бар, Қазақ хандығының астанасы болған, шартарапқа кеткен керуен жолдарының тоғысқан жері, Ұлы Жібек жолының орталығына айналған Түркістан қаласынан бастамақпыз. Түркістан қаласы – Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Шығысында тарихи қала Отырар, батысы Жаңақорған ауданымен (Қызылорда) солтүстігінде Созақ, Кентау қаласымен шектесіп жатқан киелі жер. Бүгінде Түркістан қаласы тұрғындарының саны 250 мыңға жетіп отыр. Түркістан қаласы – Қазақстанның тарихи туризмінің таптырмас ордасы. Әсіресе туризм кластерінің басым бағыты көлік инфрақұрылымы қолайлы жолға қойылған.
Түркістан қаласының тарихи туризмінің басты нысаны ретінде 1991 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Республикалық музей ретінде құрылған «Мемлекеттік тарихи-мәдени Әзірет Сұлтан қорық музейін» айтуға болады. Тарихи музей қорына Қазақ хандарының зираттары, ұлы астроном, ғалым Ұлықбектің қызы Рәбия Сұлтан Бегім мазары, ортағасырлық «Шығыс моншалары», Жер асты мешіті, т. б тарихи нысандарды жатқызуға болады. Ескі Күлтөбе қаласы, ортағасырлық Түркістан қалаларының қазіргі орны, қала басындағы тарихи музейлер мен тарихи мәдени орталықтар – туристерді өзіне шақыра алатын нысандар. Саяхат сапары Күлтөбе қаласынан бастау алады. Өйткені Күлтөбе – қазіргі Түркістан қаласының ескі орны. Бүгінгі таңда ескі қаланың жоғарғы қабатының тарихи белгілері бұзылған. Бірақ саяхаттаушы туристерге ескі қала орны ерекше қызығушылық тудыратыны анық. Сондай-ақ Күлтөбеден Түркістан қаласының 1500 жылдық тарихын дәлелдейтін деректер табылған.