Заманауи спортта әйелдердің үлкен жетістіктерге жетіп, ұлттық дәстүрлерін сақтауы сирек кездесетін құбылыс. Зайсан ауданының тумасы Замзагүл Файзолланова – сондай қайсар тұлғалардың бірі.
Атом электр станциясын (АЭС) салу бойынша мәселеге қатысты да спорт шебері өза заматтық белсенділігін көрсетіп, сайлаудан тыс қалмай, Жаңатұрмыс ауылындағы участокте өз дауысын берді.
Дзюдо мен қазақ күресі бойынша спорт шебері атанған бұл талантты спортшы, 100 жылдық мерейтойлық «Alash Pride» турнирінде жеңіске жетіп, көпшілік үшін күш-жігердің, табандылықтың символына айналған.