Олар дауыс беруге қазіргі жастардың заманауи көлігі самокатпен келді. №426 учаскеде өз таңдауларын жасады.
“Бүгін 6 қазан республикалық референдум өтіп жатыр. Сондықтан, Республика азаматы ретінде Шамалған ауылының жастары болып өз таңдауымызды ерекше жасағымыз келді. Бұл шара АЭС құрылысын қолдау мақсатында ұйымдастырылды”, — деді ауданның белсенді жастарының бірі Мөлдір Танатова.
Айта кетейік, Қарасай ауданы бойынша 117 дауыс беру учаскесі бар.