Новости

Кедергісіз кәсіпкерліктің дамуы Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартып, тұрақты даму үшін негіз қалайды.

Түркістан қаласы үшін кедергісіз кәсіпкерліктің пайдасы бірнеше маңызды аспектілерді қамтиды:

1. Экономикалық даму: Кедергісіз кәсіпкерлік жаңа бизнес мүмкіндіктерін ашып, жергілікті экономикаға инвестицияларды тартуға көмектеседі. Бұл жұмыс орындарының пайда болуына және тұрғындардың өмір деңгейінің артуына алып келеді.

2. Жергілікті өнімдер мен қызметтердің артуы: Кәсіпкерлер жаңа өнімдер мен қызметтер ұсынып, бәсекелестік ортаны қалыптастырады. Бұл тұтынушылар үшін таңдауды арттырады.

3. Инновация: Кедергісіз кәсіпкерлік кәсіпкерлердің жаңа идеяларды іске асыруына мүмкіндік береді, бұл инновация мен технологиялық прогресті ынталандырады.

4. Кәсіпкерлердің білімін арттыру: Кәсіпкерлік экосистема шеңберінде білім беру мен тәжірибе алмасу мүмкіндіктері артады. Бұл кәсіпкерлердің кәсіби деңгейін көтереді.

5. Әлеуметтік тұрақтылық: Жұмыс орындарының көбеюі мен тұрғындардың экономикалық жағдайының жақсаруы әлеуметтік тұрақтылықты нығайтады.

6. Туризмді дамыту: Түркістанның тарихи және мәдени маңызы, кедергісіз кәсіпкерлікті дамыту арқылы туристік қызметтердің артуына ықпал етеді.

Инфрақұрылымды дамыту: Кәсіпкерлердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін инфрақұрылым (жолдар, байланыс, энергия) дамиды. Түркістан қаласында ағымдағы жылдың басында «Кедергісіз кәсіпкерлік» жобасы өз жұмысын бастады. Жобаның мақсаты – қала кәсіпкерлері мен кәсіп бастауға ниетті азаматтарға кәсіпкерлік саласында заң аясында сүйемелдеу мен қолдау көрсету болып табылады. Жоба аясында кез келген кәсіпкерлер мен азаматтар – мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз гранттар, субсидиялар мен жеңілдетілген пайызды несиелер бойынша толық ақпараттар алуына мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері қалада 167 азаматқа сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде, Жеңілдетілген пайызбен несиелендіру бойынша – 46 адам, Жаңадан кәсіп бастау бағытында берілетін қайтарымсыз гранттар бойынша – 62 адам, Жеке кәсіпкерліктің немесе заңды тұлғалардың құжаттарын рәсімдеу жұмыстарына заң аясында көмек көрсету – 15, Әр түрлі әкімшілік кедергілерге заң аясында құқықтық көмек көрсету – 28 адам. Түркістан қалалық Бизнесті қолдау және туризм бөлімі «Кедергісіз кәсіпкерлік» жобасы аясында Түркістан қаласының тұрғындарына жеңілдетілген пайызды несиелер, қайтарымсыз гранттар, субсидиялар және т.б. сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттік несиелеу бағдарламалары аясында консультациялық кеңестер мен бағыт-бағдарлар беруде.Сонымен қатар, Түркістан қаласының білім ошақтарының, арнаулы оқу орындарының түлектері мен студенттеріне, жастарға кәсіпкерлікке баулу мақсатында индустриалды аймақта орналасқан зауыт, фабрикаларға, әр түрлі бағыттағы өнеркәсіп орындарына шолу ұйымдастырылды. Жалпы, «Кедергісіз кәсіпкерлік» ақпан айынан бастап іске асырылды. Тікелей ұялы байланыс нөмірі: 8707-412-11-43 немесе 8(72533) 57919. Жоба жұмысын бастағалы Индустриалды аймақтан жобаны іске асыру мақсатында жер учаскесін алуға заң аясында сүйемелдеу жүргізілді – 4 жобаға; Жобаны іске асыруға сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді – 3 жоба; Жеңілдетілген несие алуға заң аясында құжаттарын рәсімдеуге – 3 жобаға сүйемелдеу жүргізілді. Одан бөлек, жоба аясында Түркістан қаласында іске асырылған өңдеу саласындағы 4 инвестициялық идеяға жеңілдетілген несиелер бойынша заң аясында құжаттандырырылды. Кәсіпкерлік қызмет – бұл шаруашылық қызметтің кәсіпкерлік қызмет субъектісінің пайда (табыс,пайда) табуға бағытталған өз бетінше жүргізетін бастамашылық қызметі болып табылады. Өз кезегінде, шаруашылық қызмет ол тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік билік және басқару органдары, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілер тағайындаған ережелерге сай жүзеге асырылатын экономикалық қызмет түрлерінің бірі. Кәісіпкерлік қызмет – кәсіпкерлік тәуекелге негізделген және жүйелі түрде пайда (табыс) табуға бағытталған шаруашылық қызмет. Кәсіпкерлік қызметтің заңдық белгілері қатарына төмендегілерді жатқызу керек: кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы және дербестігі; меншіктің болуы; тәуекел сипаты; пайда (табыс) алуға деген мүдделілік. Кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы мен дербестігі кәсіпкердің жұмыс бағыттары мен әдістерін таңдау еркіндігі, шешімдерді тәуелсіз қабылдауы, әлдекімдердің жеке істерге араласуына жол бермеуі, құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруы. Олардың сақталуын, сот арқылы қорғалуын қамтамасыз етуі дегенді білдіреді. Кәсіпкер кез келген заңға қайшы келмейтін келісім талаптарын өз қалауы бойынша айқындап алуға, өзінің құқылары мен міндеттерінің ауқымын белгілеуге құқылы. Меншіктің болуы кәсіпкердің өз қызметін жүзеге асыруының негізі болып табылады. ҚР Конституциясының 26-бабының 4-тармағына сәйкес, кез келген адам өзінің мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін пайдалануға құқылы. ҚР Азаматтық кодексі айқын бекіткендей, меншік құқымен шаруашылық жүргізу немесе тікелей басқару үшін оқшау мүлкі бар ұйым заңды тұлға деп танылады. (33-баптың 1-тармағы), сондықтан оқшау мүліктің болмауы қандай да бір ұйымның заңды тұлға тиісінше кәсіпкерлік қызмет субъектісі деп танылмауына себеп болады. Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелді сипаты нарықтық қатынастардың өзіндік ерекшеліктеріне негізделген. Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелдігіне контрагенттің келісім-шарт міндеттерін орындамауы немесе 2 қанағаттанарлықсыз дәрежеде орындауы сияқты, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүлікті құрту немесе бүлдіру, кәсіпкерлік қызметтен мүмкіндігінше пайда, табыс ала алмау да жатады. Сол себепті кәсіпкерлік қызметті іс жүзінде жүзеге асыру бойынша барлық жауапкершілік кәсіпкерге жүктеледі. Кәсіпкерлік қызметтің маңызды белгісі пайда, табыс табу, өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізу болып табылады. Пайда ақша қаражаттары түрінде де, басқадай материалдық және материалдық емес құндылықтар түрінде де болуы мүмкін. Бұл салынған ,капитал пайыздары, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан түскен үлес немесе тұтас пайда болуы да мүмкін. Табыс табу кез келген түрдегі еңбекке қатысуға, оның ішінде өз капиталын да қатыстыруға байланысты болады. Айтарлықтай маңызға ие (бірақ қолданыстағы заңдарда бекітілмеген) тағы бір белгісі ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың жүйелілігін айтуға болады. Кәсіпкерлік қызметтің жүйелілігі аталған қызмет бір жолғы сипатта емес және ұзақ мерзім немесе тіпті шектеусіз уақыт ішінде іске асырыла алады дегенді білдіреді. Жеке және мемлекеттік кәсіпкерлік Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің негізгі формалары болып табылады. ҚР Азаматтық кодексі меншік түріне қарай жеке және мемлекеттік кәсіпкерліктің аражігін ажыратып көрсетеді. Жеке кәсіпкерлік жеке меншікке, ал мемлекеттік меншік мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылықпен басқару құқына негізделген (ҚР АК 10-бабының 1-тармағы). Мемлекеттік кәсіпкерлік деп мемлекеттің өзінің кәсіпкерлік қызметін емес, шаруашылық жүргізу құқығы бар мемлекеттік кәсіпорындар іске асыратын кәсіпкерлікті түсіну керек. Мемлекет кәсіпкерлік қызмет субъектісі бола алады және екі қасиетте: кәсіпкерлік қатынастарды реттеуші (сатылас қатынастар) ретінде әрекет етуі мүмкін. Соңғы жағдайда дәл сол мемлекеттік кәсіпкерлік туралы сөз болып отыр. Демек, мемлекеттік кәсіпкерліктің негізгі ұйымдық-құқықтық формасы мемлекеттік кәсіпорын болып табылады. Ақырында, мемлекеттік меншік түріне байланысты мемлекеттік кәсіпорындарды төмендегідей түрлерге бөлуге болады: Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар (яғни республика меншігіндегі кәсіпорындар) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар (коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар) «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 34-бабы, ұлттық экономиканың құрамдас бөліктерін құрайтын стратегиялық маңызды салаларда қызмет ететін акционерлік қоғамдар ұлттық компания болып саналады. Құрылтайшысы және жалғыз акционері ҚР Үкіметі болып саналатын, ұлттық компаниялар мен басқадай акционерлік қоғамдардың меншік құқымен иеленген акциялар пакеттерін тиімді басқару үшін құрылған акционерлік қоғам ұлттық холдинг болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті тек коммерциялық заңды тұлғалар ғана емес, сонымен қатар коммерциялық емес ұйымдар (мемлекеттік мекемелер) да жүзеге асырады. Жеке кәсіпкерлікті екі негізгі түрге: заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі (мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі) және жеке тұлғалардың заңды тұлға құрмаған кәсіпкерлігі деп бөлуге болады. Дара кәсіпкерлікке: өзіндік және бірлескен кәсіпкерлік жатады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button