Салық саясатының мақсаты өңірдің қажеттілігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Салық саясаты ұғымына жаңа салық пен бюджетке төленетін төлемдерді белгілеу, қолданыстағылардың күшін жою жатады. Сондай-ақ салық және бюджетке төленетін төлем мөлшерлемелерін, салық салынатын нысандарды, салық базасын өзгерту жөніндегі шаралар жиынтығын қамтиды. Салық саясатын осы саладағы уәкілетті орган жүзеге асырады. Нарықтық экономика салыққа тәуелді болғандықтан, салық базасының көзін тауып ұлғайту – басты міндет. Көлеңкелі экономикамен күрес жүргізіп, қазына қаржысын еселеген жөн. Бұл бағыттағы жұмыстар тоқтауға тиіс емес. Осылай деген Түркістан қаласының әкімі кәсіпкерлердің заң талаптарын бұзып, табысын жасырып, салықтан жалтару әрекетіне бей-жай қарамау керектігін айтты. Қала әкімі сондай-ақ жаңа кәсіп ашу бағытындағы жұмыстарға күш салуды тапсырды. Жергілікті бюджеттің салықтық түсімдері бойынша жоспардың толық орындалуын жіті бақылауда ұстауды жүктеді. Түркістан әкімі аумақтық кірістер органдарымен бірлесіп, жұмыс атқаруда. Бюджет жоспарын орындау, түсімдердің өсу қарқынын қамтамасыз ету бұл баршамызға ортақ іс. Салық жүйесі – мемлекеттің қаржылық қуатының басты тірегі һәм негізгі кіріс көзі. Сол арқылы мемлекет өзінің көптеген қоғамдық-әлеуметтік, саяси-экономикалық мәселелерін шешіп, азаматтарына жағдай жасап, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сондықтан азаматтарынан салық алмайтын мемлекет жоқ.
Елімізде 40-тан астам салық түрі бар. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасынан кейін былтыр салық міндеттемелері мен төлемдер біраз жеңілдеді. Салық төлеу – әр азаматтың міндеті. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің және Wildberries, Ozon сияқты ірі сауда алаңдары өкілдерінің қатысуымен «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында былтырғы жылдың желтоқсан айында дөңгелек үстел өткен болатын. Кездесу кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру және қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларды құруға бағытталды, ол маркетплейстермен жұмыс істеу кезінде салық мәселелерін түсіндіру арқылы жүзеге асырылды. Іс-шара аясында арнайы салық режимдерін пайдаланатын және электрондық сауда алаңы арқылы электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылатын пилоттық жоба қаралды. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жобаның негізгі идеясы салықтық әкімшілендіруге клиентке бағытталған көзқарасты қалыптастыру екенін айтты. Сонымен қатар, салық жүктемесін барлық салық кезеңіне біркелкі бөлу арқылы кәсіпкердің қателіктерге жол бермеу және салық міндеттемелерін орындауды жеңілдету мүмкіндігі анықталды. Бұл пилоттық жоба Қазақстан Республикасында 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап жүзеге асырылғаны және 2024 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанда әрекет ететіні белгілі болған.
Салық – мемлекет жеке және заңды тұлғалардан салатын және мемлекеттік бюджетке аударылатын міндетті ақшалай салым. Салықтар өміріміздің барлық саласында – шаруашылықта, ел аумағын қорғау, азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру мен қорғау, сондай-ақ білім беруді, медицинаны, мәдениет пен басқа да салаларда мемлекет алдына қойылған мақсаттарды іске асыру үшін пайдаланылады. Сонымен қатар, мемлекет басшысы өзінің Жолдауында қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету екенін ерекше атап өтті. Бұл орайда, өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беру аса маңызды. Ендеше мұнда машина, ауыл шаруашылығына қажетті техника жасау саласы өте маңызды рөл атқарады. Ол – өнеркәсіптің технологиялық дамуының негізі. Тұтыну нарығының тұрақты жұмыс істеуі мен қанығуын қамтамасыз ететін ұлттық экономиканың өзегі.
Осы орайда, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Мейрам Пшембаев баспасөзге берген сұхбатында машина жасаудың барлық өңдеуші саланы дамытуға қосқан үлесін өзекті ете түсу үшін іске асырылып жатқан бірқатар шаралар туралы айтқан болатын. Білікті маман не дейді? Пікіріне назар аударайық.
Өндіріс саласы қай мемлекеттің болмасын дамуында маңызды рөлге ие екені сөзсіз. Өйткені экономикасы мықты мемлекеттердің бюджетінде де ақшасы көп, халқының да әл-ауқаты жоғары болады. Осы ретте Президенттің қойып отырған талабы: тауарларды өзімізде өндіру керек, ол тауарлар сапалы болуы тиіс және тек ішкі нарықты қамтып қана қоймай, шетелге де бәсекеге қабілетті тауарларды шығаруымыз қажет. Міне, осы тұста машина жасау саласының алатын орны ерекше. Өйткені машина жасау – ең жоғары технологиялық орта. Ол 37 саланы қамтиды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы машиналары, энергетика, тау-кен, мұнай-газ, металлургия, теміржолға арналған машина жасау, электротехника және т.б. салалар бар. Бұл салаларда ашылған бір жұмыс орны аралас салаларда 8-10-ға дейін жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Мәселен, бір ауыл шаруашылығының өзінде егін, мал, құс, балық шаруашылықтары бар. Жер жырту, егін егу, шөп ору, жем дайындау, мал жайғау сияқты кіші салалары көп, соның әрқайсысында өзіндік мақсаттағы техникалары бар. Шаруашылық пен өндіріс механизация, автоматизация болса ғана мол өнім береді. Өйткені қазір қолмен ешкім ештеңе істемейді ғой. Сол секілді тау-кен саласында да ауыр-ауыр техникалар, ортанқол агрегат көп. Мұның барлығы – біздің саланың нысандары. Энергетика саласында: ТЭЦ, ЛЭП, турбиналар, қазандықтар қаншама, теміржол саласында қаншама вагон, локомотив, рельс және оның бекіту элементтері бар. Бір сөзбен айтқанда, біздің сала қарапайым бұранда мен тетікшелерден бастап ғарыштық аппараттарға дейін қамтиды. Сондықтан да машина жасау саласын экономиканы дамытудың негізгі драйвері деуге болады.
Салық саясатында мемлекетті салыстырмалы дербестігі көрінеді. Салық механизмі арқылы салық саясатын өзгерте отырып, мемлекет экономикалық дамуды ынталандыруға немесе оны ырықтандыруға мүмкіндік алады. Салықтық реттеу елдің шаруашылық өмірін қамтиды, өйткені салықтық шаралар базистік қарым-қатынасты қондырмаға ықпал ететін басты әмбебап құрал болып табылады. Мұндай реттеудің мақсаты-компанияның ішкі және сыртқы, әсіресе инвестициялық қызметі үшін жалпы салықтық ахуалды жасау және капитал қозғалысының басыңқы салалық және аумақтық бағыттарын ынталандыру үшін пұрсаттылықты салық жағдайын қамтамасыз ету болып табылады.
Осы саланың Қазақстандағы ахуалына тоқталсақ, бұл төңіректе бірсыпыра жұмыс атқарылып жатыр. Қазір Қазақстанның машина жасау саласында 5 410-нан астам кәсіпорын бар, ал жұмыспен қамтылғандар саны – 118 мыңнан астам адам. Әлемдегі ең көп сатылатын өнім – бұл машина жасау өнімдері. Ол – әлемдік экспорттың 40%-ы. Осыдан-ақ бұл саланың маңыздылығын түсіне беріңіз. Мәселен, 2022 жылы Қазақстанға 50 млрд АҚШ долларының тауарлары кірген екен. Оның ішінде 20 млрд доллары, яки жартысына жуығы машина жасау саласына тиесілі. Олар дегеніміз – машиналар, құрал-жабдықтар, қондырғылар, агрегаттар, аспаптар және тағы басқалар. Осы ретте біздің ішкі өндіріс осыдан 10 жылдай бұрын 370 млрд теңгеге жеткенін ерекше атап кеткім келеді. Бізде мемлекеттік Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы жұмыс істеді. Бұл соның арқасында, яки ҮИИД-1 кезінде қол жеткізген жетістіктер. Өйткені оның алдында көрсеткіштеріміз одан ондаған есе төмен болатын. Осы бағдарлама аясында машина жасау бағытында жаңа мен жоғарыда айтқан 37 саланың 6 саласы басым бағыттар ретінде таңдалып алынды. Олар – теміржол, мұнай-газ, энергетика, автомобиль құрастыру, ауыл шаруашылығы және тау-кен машина жасау салалары, яки мемлекет тарапынан осы салаларға басымдық беретін боп шешім қабылданды. Бұл өз кезегінде зор нәтиже беріп, импорттың азаюына, отандық өнімнің артуына әкелді. Өзімізде машина жасау саласында бұрыннан бар кәсіпорындар жандандырылды. Жаңадан зауыттар пайда болды. Оның ішінде айта кетсек, Америкамен бірігіп осыдан 15 жыл бұрын General Electric атты тепловоз шығаратын зауыт құрылды. Бұл бұрын бізде мүлдем болмаған. Сол секілді Alstom Transport-пен электровоздар, Тальгомен адам таситын вагондар, одан бөлек жүк таситын вагондар шығарыла бастады. Тракторлар, комбайндар құрастырыла бастады. Менің ойымша, бұл осы бағытта атқарылар қыруар шаруаның басы ғана. Әлі де алда тұрған міндет көп. Табиғатында машина жасау саласын «ауыр өнеркәсіп» деп атайды. Олай дейтіні, мәселен тау-кен саласында жер қойнауынан қазба байлықтарды қазып алады, оны сол күйі шикізат етіп сатуға болады, бұл – бірінші кезең. Металлургия саласында оны металға айналдырып, қалыпқа құяды. Оны да жартылай өнім ретінде сатуға болады. Ол – екінші кезең. Бұл екеуі біздің елде жолға қойылған деуге болады. Ал енді машина жасау – осы екі кезеңнен кейін жүзеге асатын ең бір ауыр да қиын сала. Өйткені мұнда бір детальды шығару үшін түрлі қорытпаны пайдаланып, оларды технологиясын тауып араластырып, мысалы әуелі жоғары легирленген болат темір алып, оны жонып, қажет бөлшекті жасау керек. Көптеген кезеңнен өтуге тура келеді. Бұл көптеген қосалқы саланың, соның ішінде ғылыми-инженерлік саланың басын біріктіретін процесс. Айталық, бір тепловоздың өзі 11 мыңнан астам детальдан тұрады. Оның барлығын шығарып қана қоймай, құрастыру керек. Осы ретте мақтанышпен айта кету керек, осы тепловоз құрастыруда бүгінде қазастандық үлес 25-30%-ға жетіп отыр. Біздің Павлодар, Қарағанды, Петропавл, Алматы қалаларында орналасқан кәсіпорындар оның түрлі бөлшегін өзімізде шығара бастады. Бірі – қаңқасын, бірі – сүйрегішін, бірі – шанағын, бірі – фара шармын, бірі тежегіш колодкаларын жасап жатыр. Келешекте тепловоздың моторын ғана шығармайтын болармыз, бірақ сол моторға күрделі жөндеу жүргізетін жағдайға жеттік. Бұл да бір жеткен жетістігіміз. Бұл тек тепловозға қатысты мысалдар. Болмаса басқа салалардағы техникаларға да қатысты осыны айтуға болады. Жылдан-жылға бұл үлес арта бермек. Осы себепті машина жасауды өндірістің ең жоғарғы шыңы деп бағалауға болады. Сондықтан да мұндағы атқарылар жұмыстардың күрделігін осы тұрғыдан бағалар едім. Осы ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қойып отырған экономиканы әртараптандыру міндеті бүгінде одан да әрі өзекті бола түсіп отыр. Металдарды терең өңдеу, мұнай, газ және көмір химиясы, ауыр машина жасау, уранды конверсиялау және байыту, автокомпоненттер өндіру және тыңайтқыштар сияқты бағыттарға назар аудару қажет. Басқаша айтқанда, жоғары деңгейдегі қайта бөлу кластерлерін жасау керек. Бұл тұрғыда Президент:
«Мемлекет ірі кәсіпорындармен бірлесіп, өндірістің барлық сатысы өз елімізде болуын қамтамасыз етуі керек. Ол үшін өндіріс саласын реттейтін және ынталандыратын түрлі тәсілді қолдану қажет. Өңдеу өнеркәсібі шикізатты көңілге қонымды бағамен жеткілікті көлемде алуы керек, – деп атап өткен болатын.
Президенттің осы тапсырмаларын орындау барысындағы жұмыстарға тоқталайық. Біздің Президентіміз қызметіне алғаш кіріскен жылы еліміздің машина жасау саласы 1 триллион теңге өнім өндіретін. Сондықтан да өзінің алғашқы 2019 жылғы Жолдауында Қасым-Жомарт Кемелұлы отандық өңдеу өнеркәсібін қолдау бойынша бірқатар тапсырма беріп, машина жасау саласының мәселелерін жеке бақылауына алды. Жалпы, машина жасау өндіріс саласының жартысын алып жатыр деуге болады. Бұл әлем бойынша солай қалыптасқан. Соның нәтижесінде Үкімет «Машина жасауды дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасын» қабылдады. Соның аясында Президент тапсырмасымен «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң қабылданды. Бұл қаншама жылдан бері қабылданбай келе жатқан заң еді. Отандық өндірушілерді қолдау және өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды қаржыландыру мақсатында өнеркәсіпті дамыту қоры құрылды. Оған 2022 жылы 250 млрд теңге қаржы бөлінді.
Сондай-ақ саланы дамыту жөнінде бірқатар шара, соның ішінде машина жасаудың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және өңдеуші кәсіпорындарды қолжетімді шикізатпен тиімді бағамен қамтамасыз ету шаралары қабылданды. «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңның 46-бабын және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің 61-63-баптарын іске асыру шеңберінде Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі офтейк-келісімшарттар, офсеттік келісімдер және отандық кәсіпкерлерді ынталандыру туралы келісімдер жасасу жөніндегі тиісті қағидалар әзірленді. Офтейк-келісімшарттар дегеніміз – отандық машина жасаушылар өндірген өнімдерді өткізуге, яки сатып алуға берілетін кепілдік. Тұтынушы кәсіпорындар, мысалы мемлекеттің қатысы бар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ сынды компаниялар міндетті түрде сатып алуға тиіс. Олай етпесек, отандық компаниялар банкрот болады. Жалпы, бұл проблема біздің экономиканы көптен бері тежеп келген еді. Осындай көптеген мәселені Президент шешіп берді.