Түркістанның экономикалық әлеуетін арттырып, тұрақты даму жолына бағыттау мемлекет басшысының стратегиясымен бірге жүзеге асады
Қаламыз үшін отандық кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі негізгі бағыттарды ұсынамыз.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев бірін¬ші кезекте жеке бастама мен еркін кәсіп¬керлік экономиканы дамытудың және еліміздің әл-ауқатын арт¬тырудың негізгі факторлары екенін атап көрсетті. Бұл факторлар бүгінгі отырыс тақы¬рыбының «Кәсіпкерлікті да¬мыту – ел экономикасын жаң¬ғыртудың негізі» деп аталуына түрткі болғанын айтты.
«Былтырғы жыл біздің бизнес үшін табысты болды. Нақты жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 11 пайызға көбейіп, 1,3 миллионға жетті. Шағын және орта бизнес өнді¬ретін өнім көлемі 14 пайызға артып, 26,5 триллион теңгені құрады. Экономи¬ка-дағы бұл саланың үлесі өткен жылғы көрсеткіш бойынша 25,6 пайыздан 28,3 пайызға дейін өсті. Бұл жаман көрсеткіш емес. Қазақстанда бұрын өндіріл¬меген 500-ден астам өнім түрі шы¬ғарыла бастады. Экспорттың таралым аумағы кеңеюде, отан¬дық өнімдер әлемнің 120 елінің нары¬ғына жеткізілуде. Бірақ жетістіктермен бірге, бірқатар шешімін күткен мәселе де бар. Бұл – іскерлік ахуал, тауарларды өткізу нарығы, қар¬жы¬лан¬¬ды¬рудың қолжетімділігі сияқ-ты мәсе¬лелер», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан Президенті қолайлы іскер¬лік ортаны, бизнеске тиімді қолдау көр¬сетуді және бәсекелестікті қорғауды қам¬тамасыз ету жөніндегі мін¬деттерді белг¬ілеп берді. Тарата айтар болсақ, Қ.Тоқаев ең алдымен қолайлы бизнес-ор¬таны қалыптастыру қажеттігіне екпін берді. Осы орайда Президент: «Соң¬ғы жылдары бизнесті алаң¬дат¬қан бірқатар мәселе шешілді. Саланы бақылау және қадағалау тетіктерін жетілдіру бойынша шаралар қабылданды. Мем¬ле-кет¬тік органдардың тексерулеріне қа¬тысты жұмыстар реттелді», деді.
Мемлекет басшысы екін¬ші міндет ретінде тиімді бизнес¬ті қол¬дау керектігін атады. Жек¬е¬ле¬ген игі бастамаларды жан-жақты насихаттау, қолдау мемлекеттік саясаттың басым¬дығы болып келгенін қоз¬ғаған Қ.Тоқаев: «Елбасы шешімі б¬ойын¬ша қолжетімді несие¬лен¬ді¬руді қамтамасыз ету үшін 600 млрд теңге бөлінді. Бұл «қа¬рапайым» тауарларды өндіруді ұйым¬дастырудың керемет мүмкіндігі», деді.
Сондай-ақ Президент: «Біз¬дің заң¬намада дамыған елдер¬дегі¬дей салықтық несиелер сияқ¬ты кең тараған құрал жоқ. Оны Салық кодексіне енгізу керек деп есептеймін. Жаңа кәсіп¬¬орындар 3-5 жыл мерзім¬ге инвес¬тициялық салық несие¬леріне қол жеткізуі тиіс. Бұл биз¬неске нарықта орнығып, өзін-өзі ақтауға мүмкіндік бере¬ді. Бизнесті дамытудың үлкен әлеуеті отбасылық кәсіп¬кер¬лік тәжірибесінде жатыр. Сарапшылар¬дың бағалауы бойынша, еуропалық компаниялар¬дың 60%-ын ұрпақтан-ұрпақ¬қа берілетін бизнеске, яғни отбасы¬лық кәсіпорындарға жатқызуға болады. Финляндия, Германия, Франция, Жапо¬ния, Оңтүстік Корея, Швейцария секіл¬ді елдер – отбасылық кәсіпкерлік¬тің көшбас¬шылары. Үкімет «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, осындай тәжірибені біздің елімізде де орнықтыру мәселесін ойлас¬тыруы қажет», деді. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы 2025 жылы эко¬номи¬кадағы шағын және орта бизнестің үлесін 35-40%-ға жеткізу міндетін алға қойды.
Үшінші міндет ретінде бәсекеге қабі¬леттілікті қорғау және дамыту мәсе¬лесі аталды. Осы орайда Президент баға¬лар¬дың негізсіз өсуіне жол бермеу, ашық бәсекелестікке кедергі келтірмеу қажет¬тігіне назар аударды.
Бұдан кейін Мемлекет бас¬шы¬сы нарықты дамыту ісіне ма¬ңыз берді. «Отандық биз¬нес¬тің ішкі және сыртқы нарық¬тар¬ға қол¬жетім¬ділігін кеңейту жөнін¬де шара¬лар қабылдау қажет», деген Президент жаһан¬дық бәсеке¬лестік жағдайында ішкі нарықты қорғау да өзекті екенін жеткізді.
Сондай-ақ Қ.Тоқаев мемлекет пен биз¬нестің кең ауқым¬ды әріптестігін ор¬нық¬¬тырудың маңыздылығына тоқтал¬ды. Оның айтуынша мемлекет-жеке¬меншік әріптестігінің әлеуетін ай-қындау қажет. Өткен жылдарда әлеумет нысандар – ауруханалар, балабақшалар, мектептер салуда мемлекет-жекеменшік әріптестігі кеңінен қолданылды.
Мемлекеттің экономикаға араласуын шектеу ісі де Мемлекет басшысы тарапынан негізгі міндеттердің бірі ретінде аталды. «Мемлекеттің экономикаға қатысуын шектеу қажет. Біз экономикадағы мемлекет шекарасын айқын анықтауымыз керек. Қиын кезеңде мемлекет әрқашан экономикалық өсуді қолдау ауыртпалығын өз мойнына алды. Үкіметке 1 қыркүйек¬ке дейін мем¬ле¬кеттік компаниялар үшін барлық рұқ¬сат етіл¬ген қызмет түріне тексеру жүр¬¬гізу¬ді және оларды қысқарту жө¬нінде ұсы¬ныстар енгізуді тапсыра¬мын. Сондай-ақ экономикада жаң¬а мем¬лекеттік компаниялар құруға мора¬торий жария¬лаймын», деген Қ.Тоқаев экономика¬ның жүйелі түрде бәсекеге қабілеттігін жеке кәсіп¬керлік қалыптастыратынын еске салды.
Сонымен қатар Президент отан¬дық компаниялардың қар¬жылық тұрақ¬тылығын арттыру қажеттігіне де басымдық бер¬ді. Мемлекет басшысы қазіргі уақытта банкроттық рәсімдерін өтей¬тін кәсіпорындар саны 4 мың¬ға дейін өскенін, олардың қарызы 4 триллион теңгеден асатынын атап көрсетті. Президент осы орайда Үкіметтің ЭЫДҰ елдерінің озық тәжірибесін пайдалана отырып, банкроттық туралы заңның жаңа нұсқасын қабылдау туралы мәселені қарауы тиіс екенін сөз етті.
Отандық кәсіпкерлердің Бизнес-дағдыларын жетілдіру, құзіретін арттыру ісі де басты міндеттердің бірі екенін жеткізген Президент техно¬логиялық өзгерістер мен енгізілген инновациялар өмір бойы жаңа дағдылар¬ды үйренуді талап ететінін қозғады. «2025 жылға дейін Қазақстанның еңбек нарығына 2 миллиондай жас азамат келіп қосылады. Орта және жоғары білімді мамандарға сұраныс арта¬ды. Төменгі білікті мамандар үшін жұ¬мыс орындары азаяды», деді Қ.Тоқаев. Президент, сондай-ақ төртінші өнеркәсіптік революция біліктілікті арттыруға қатысты талаптарды күшейте түсетінін жеткізді.
Соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жоғары басшылығы отандық бизнеспен жүйелі диалог жүргізу үшін Ұлттық инвесторлар кеңесі тұрақты жұмыс істейтін алаң болуы тиіс екенін айтып, Үкіметке Кеңес жұмысының жаңа форматын бекіту жөнінде жарлық жобасын әзірлеуді тапсырды.
Отырыста «Атамекен» Ұлттық кәсіп¬керлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, «Alageum Electric» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы Ерке-бұлан Ілиясов, «Textiline» жауап¬кер¬шілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры Инна Апенко, «Гормолзавод» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Асен Жақсылықов, «Меthod» жауап¬кершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Дагар Давлетовтер баяндама жасады.
Мемлекет басшысы өз сөзінде елімізде қалыптасқан ахуалды талқылап, халық игілігі үшін билік пен бизнестің өзара ықпалдастығына қатысты жолдарды айқындау қажет екенін айтты. Президенттің пайымдауынша, бүгінде біздің алдымызда бүкіл қоғамдық тыныс-тіршілікті түбегейлі трансформациялау міндеті тұр. Мұның стратегиялық мәні бар.
– Қағаз жүзіндегі әлеуметтік-экономикалық мәселе мен оның қазіргі шынайы жағдайының арасындағы алшақтық сын көтермейді. Сондықтан шұғыл түрде экономикалық саясатты қайта қарау жұмысына бірлесе кірісу керек. Таза, ашық және әділ іс-әрекеттердің жаңа тәртібін анықтаған жөн, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының пікірінше, аз ғана элиталық топтар ықпалының артуы және халықтың басым бөлігінің табысының азаюы қауіпсіздікке айтарлықтай қатер төндірді. Бұл қоғамның экономикалық, әлеуметтік, содан кейін саяси бөлінуіне әкеп соқтыруы мүмкін.
– Ұлттық табыстың әділ бөлінуі бойынша теңгерімсіздік пен проблеманың бар екені айдан анық. Халықаралық сарапшылар (KPMG, 2019 жыл) Қазақстан байлығының жартысы 162 адамның ғана қолында екенін растап отыр. Осы ретте халықтың жартысының айлық табысы 50 мың теңгеден аспайды. Бұл – жылына 1300 доллардан сәл ғана асады деген сөз. Мұндай ақшамен өмір сүру мүмкін емес. Бұлай жіктелу мен теңсіздіктің қауіпті екенін айтқан болатынмын. Жағдайды дереу өзгерту керек, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес-қауымдастықты осыдан сабақ алып, Жаңа Қазақстанның негізі болуға тиісті жаңа экономикалық саясатты қалыптастыру үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Президенттің сөйлеген сөзінде мынадай маңызды қағидаттар айтылды:
– әділ бәсекелестік;
– қабылданатын шешімдердің ашықтығы;
– мемлекеттік саясаттың болжамдылығы;
– бизнестің салықтық тазалығы;
– кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі.
Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді патриотизм мен әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісін көрсетуге, капитал, тәжірибе, басқарушылар тобы мен нарықты дәл пайымдау сияқты ресурстарды экономиканы қайта құруға жұмсауға шақырды.
–Бүгінгі сөз болып отырған реформа «тартып алуды және қайта бөлуді» көздемейтінін тағы да қайталап айтамын. Бұл ақымақтық және жауапсыздық болар еді. Міндет – сіздерді, ұлттық буржуазияны еліміздің әлеуметтік-экономикалық моделін трансформациялау үдерісіне белсене атсалысуға тарту. Өндіріске инвестиция салу, сапалы жұмыс орындарын ашу және экспорттық әлеуетті арттыру бағытындағы игі істерге жауап ретінде мемлекет жеке меншікті қорғау бойынша кепілдікті арттыруға, тұрақтылық пен мемлекеттік реттеудің болжамдылығын қамтамасыз етуге, бәсекелестікті әкімшілік ресурстардың араласуынан, жемқорлық пен фаворитизмнен қорғауға дайын, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Жаңа экономикалық бағытының негізін қалайтын басты қағидаттарға жан-жақты тоқталды.