Новости

(Қазақша) “Шығыс салбурыны-2024” фестивалінде биші “ортеке” өнер көрсетуде

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

 

 

Қазақ қуыршақ өнерінің бастауы саналған «Ортеке» былтыр ЮНЕСКО-ның адам­заттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енді.

Домбырасын қолға алып, күй төгілте бастағаны сол еді, ағаш жануар билеп қоя берді. Тұрған орнында әрі-бері секіріп, түз тағысындай ойқастайды келіп. Тұяғының дыбысы “Шығыс салбурыны-2024” халықаралық фестивалін тамашалауға келушілердің назарын бірден өзіне аударды. Тық-тық-тық… Әсем әуенге еліткен жұрт шанақтан төгілген күймен үндесе билеген қуыршақ текеге тәнті болып, әр қимылынан көз ала алмай қарап тұр. Иә, бұл – «Ортеке» биі.

Бұл туындының авторы “Шығыс салбурыны-2024” фестиваліне көршілес Қытай мемлекетінен келген өнерпаз Ерсінбек Тойғанбекұлы екен.

— Бір аптаның ішінде ұлттық құндылықтарды насихаттайтын туындыны жасап шығардым. Мұндағы басты мақсат — ата-бабаларымыздың бекзаттық мәдени мұрасын дамыту, — деді Ерсінбек Тойғанбекұлы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button