Кәсіпкерлік Қазақстан экономикасының маңызды элементі
Қазіргі таңда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Содан болар, бүгiнгi таңда шағын және орта кәсiпкерлiктің серпiндi дамып келе жатқаны белгiлi. Соның ішінде, шағын кәсiпкерлiктің саны қарқынды түрде өсiп келедi. Осы ретте Түркістан қаласының тұрғындарының назарына кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыты екендігін хабарлаймыз.
Осылайша, мемлекет бүгінгі күні кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің нарық экономикасының толыққанды қатысушысы ретінде өз қызметтерін жүзеге асыруларына қажетті жағдайды қамтамасыз етіп отыр. Шағын және орта кәсіпорындармен жұмыс істетуді көздейтін жалпыұлттық институттар құрылуда. Шағын және орта бизнеске атаулы қолдау көрсетуді жүзеге асыратын арнаулы «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қоры» құрылып, табысты жұмыс жүргізуде. Кәсіпкерлікке қолдау көрсету үшін бес мемлекеттік бағдарлама қабылданып, жүзеге асырылуда. Кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға және бизнестің билікпен арадағы іс-қимылдарының жаңа моделін құруға бағытталған “Жеке кәсіпкерлік туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Кәсіпкерлердің белсенділігін ынталандыруды көздейтін айтарлықтай салықтық жеңілдіктер заңдық деңгейде қарастырылды. Оның сыртында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және салық салуды жақсарту жөнінен үлкен жұмыстар атқарып жатыр. Мәселен, осылайша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, шағын және орта бизнесті жеделдете дамыту шаралары жөнінде бағдарламалар әзірленіп, салық заңына түзетулер енгізілуде.
Мемлекет басшысы реформалар жүргізілген жылдар ішінде оған барлық қажетті жағдайлардың жасалғаның атап керсетті. Тәуелсіздіктің алғашкы жылдарында, тауардың мейілінше тапшы, гиперинфляция мен халыктың тұрмыс деңгейінің күрт төмендеген жылдарының өзінде-ақ отандық кәсіпкерлікті құру жұмыстары басталды. Ол қиын шешімдер кезеңі еді. Экономикада мемлекеттік меншік басымдықта болды. Нарық қатынастарын дамыту үшін заңдық база мүлде болған жоқ. Қолданыстағы заңдар жеке меншік пен кәсіпкерлік қызмет үшін кері әсер етерлік сипатта болды. Ең қауіптісі – қоғамдық пікір де оған қарсы тұрды. Осы жылдар ішінде мемлекет экономиканы ырықтандыру бағытында бірізділікпен әрі берік алға басты, ал ол бизнестің дамуы үшін нақты негізді камтамасыз етті. Бірінші кезекте экономикадағы құрылымдық жаңғыруларды жүзеге асыруға мүмкіндік берген қажетті заңдар қабылданып, нарық каты-настарының қисынына қайшы келетін құқықтық нормалар күшін жойды. Келесі ірі кадам мемлекеттік меншікті сатылап жекешелендіру болып табылды. Соның нәтижесінде бүгінде онеркәсіп өндірісі көлемінің 85 пайызы жеке секторда өндіріледі. Елдің ІЖӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі шамамен 25 пайьз құрайды, экономиканың жеке секторында еңбекпен қамтылған халықтың 60 пайыздан астамы еңбек етеді. Бизнес құру жолындағы бюрократиялық кедергілер айтарлықтай азайтылды. Тек соңғы жылдары ғана лицензияланатын қызметтердің 350-ге жуық түрлері қысқартылды. Кейбір ляцензияларды беру өңірлік деңгейге көшіріліп, процедуралар айтарлықтай қарапайымландырылды. Бүгінде біздің елімізде кәсіпкерлікті дамытудың перспективасы айқын көрініске ие. Жеке бизнесті, ең алдымен шағын және орта бизнесті қолдау мемлекеттік саясаттағы түйінді мәселелердің бірі. Ол “Қазақстан-2030” Стратегиясы, “2010-стратегиялық жоспарда” және Қазақстанның 2015 жылға жейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясы тәрізді негізгі құжаттарда бекітілген.
Қазіргі кезде, кәсіпкерлік Қазақстан экономикасының маңызды элементі болып табылады. Осы тұрғыдан кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау шаралары өте орынды болып табылады. Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында келесідей институттар құрылып қазіргі кезде өз қызметтерін көрсетуде: «Технология трансферті және инжиниринг орталығы» АҚ; «Маркетингті-сараптамалық зерттеулер орталығы» АҚ; «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ; «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ. Сонымен қатар, мемелекеттік қолдау мен отандық кәсіпкерлердің өз ынталары нәтижесінде келесідей одақтар құрылған: «Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіптік палата Одағы» ЗТБ; «Қазақстан кәсіпкерлеріның форумы» ЗТБ; «Атамекен» Қазақстанның жұмыс берушілері және кәсіпкерлерінің жалпыұлттық одағы» ЗТҚ.Отандық кәсіпкерлікті дамыту, әртүрлі кәсіпкерлік салалардың құрылымын жетілдіру мен оларды тиімді пайдалану шаралары алдағы экономикасы тұрақты дамығн, индустриялы ел болуымызға жол ашпақ. Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешенін дамыту ісіндегі нақты мәселелердің бар екеніне назар аударып, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың алдына бірқатар міндет қойды.
Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев әлемде тұрақты әрі жоғары сұранысқа ие тиімділігі жоғары дақылдарды (жасымық, зығыр, соя) өсіруге көшу есебінен еңбек өнімділігін арттыру қажеттігін айтты. Оның айтуынша, органикалық ауыл шаруашылығы өндірісін дамытып, заманауи агротехнология мен инновацияны енгізу керек.
– Үкімет агрохимия қызметін күшейту, гербицидтердің, минералды тыңайтқыштардың және элиталық тұқымдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде түбегейлі шаралар қабылдауы қажет, – деді Президент.
Мемлекет басшысы Үкіметке өндірістің ел аумағында орналасу әлеуетін зерттеу арқылы ауыл шаруашылығы техникалары паркінің тозуына қатысты мәселені шешуді тапсырды. Әлемдік тәжірибені ескере отырып минералдау негізінде топырақтың құнарлылығын жақсарту – маңызды міндет. Мемлекет басшысы бұл мәселені шешу үшін шетелдік инвесторларды тарта отырып, ел аумағында тыңайтқыштар мен пестицидтер шығаратын дайын лицензиясы бар зауыттар салуды тапсырды. Президент барлық ауыл шаруашылығы жерлерінің есебін алу ісін аяқтаудың, жер кадастрын цифрландырудың және жерлердің пайдаланылуын ғарыштық мониторинг жасау арқылы анықтауға көшудің маңыздылығына арнайы тоқталды. Баяндамада мал шаруашылығын дамыту мәселесіне зор көңіл бөлінді. Мемлекет басшысы қой етін, құс етін, қозы етін өндірудің, сүтті мал шаруашылығын дамытудың және мал шаруашылығы өнімін экспортқа шығару ісін ілгерілетудің келешегі бар деп есептейді. Бұл үшін алдағы 10 жылда қосымша 50 миллион гектар жайылымдық жер пайдалануға беріледі. Сонымен қатар Президент Үкіметке жем-шөп бағасының жоғары болу себебіне қатысты мәселені түбегейлі реттеуді тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің қайта өңделген өнімдері сыртқы нарықта кедергілерге тап болып жатқанын айтты. Осыған байланысты Мемлекет басшысы отандық тауарларды мақсатты түрде ілгерілетуді және шетелдік серіктестердегі өзгерістерге қатысты дер кезінде әрекет етуді тапсырды.
Мемлекет басшысы отандық аграрлық ғылымды дамыту ісіне және кейінгі жылдары деңгейі айтарлықтай төмендеген кадрлардың әлеуетіне арнайы тоқталды.
– Ұлттық аграрлық ғылым-білім орталықтарындағы еңбеккерлердің тек 20 пайызының ғылыми дәрежесі бар. Сондықтан аграрлық салада болашағы бар жас ғалымдардың пулын жасақтау қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан Президенті ауыл халқының 85 пайызы тұратын келешегі бар тірек елді мекендерді дамыту қажеттігін айтты. Оның айтуынша, бұл елді мекендер жол, қол жетімді байланыс жүйесі мен Интернет, білім беру және денсаулық сақтау нысандары, мәдениет және спорт кешендері сияқты инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілуі тиіс.Мемлекет басшысы ауылдық жерлерде бұқаралық спортты дамыту үшін 3 жыл ішінде 100 дене шынықтыру және сауықтыру кешендерін салуды тапсырды. Соның ішінде 22 нысан биыл іске қосылады.Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл тұрмысының сапасын жақсарту жөнінде жүйелі шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.
– Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, әсіресе ірілері шетте қалмауы тиіс. Аграрилер мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі қағидатына сәйкес ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты әлеуметтік жауапкершілікті бөлісуі қажет, – деді Мемлекет басшысы.
Республикалық кеңес барысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, «Зенченко и К» коммандиттік серіктестігінің директоры Геннадий Зенченко, «Агрофирма «Родина» ЖШС-нің бас директоры Иван Сауэр, «ҚазЭкспортАстық» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Руслан Молдабеков, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев және «Bioperations» ЖШС құрылтайшысы Әлихан Талғатбек баяндама жасады.