Новости

Нарықтық бәсеке кәсіпкерлердің өндіріс қабілеттілігін арттыру маңызды

Қазіргі экономикалық жағдайда нарықта бәсекеге қабілеттілік өте маңызды. Осы орайда Түркістан қаласының тұрғындарының назарына ішкі нарықта өз тауарларымыздың бәсекелесуі тауардың сапасын арттыруға, кәсіпкерлердің тұтынушыларға жақсы сатып алу жағдайын жасауға ынталандыратындығы жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Қазақстан экономикасын жақсартудың өте сенімді жолдарының бірі өндіріс сапасын жақсарту. Нарықтық бәсеке кәсіпкерлердің өндіріс қабілеттілігін арттырып, одан ары сыртқы нарықта қалай жұмыс істеуге үйретеді. Нарықта бәсеке болса екі жақта ұтады, сатып алушылар сапасы жоғары тауар алады, ал өндірушілер бәсекелестік жағдайында шыңдалады.Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда. Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Бұл тұрғыда, өнім өңдеудің түпкі кезеңіне дейінгі жұмыстарды қамтитын өндірістік кәсіпорындарға деген жауапкершілік те ұлғая түспек. Осы тектес кәсіпорындардың қатарына тамақ өнеркәсібіндегі сүт өнімін өңдеумен айналысатын өндіріс орындарын жатқызуға болады. Аталған саланың ел экономикасындағы маңызы оның ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылық өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы беделін арттыруда көрініс табады.

Бәсекелік артықшылық және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі. Бәсеке – өндірістің шығынын төмендету мен тауарлар мен қызметтер сапасын көтеруін қамтамасыз ететін бәсекелік нарықтық ортада негізгі қозғаушы күш болып табылатын іргелі экономкалық категория. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі- нарықта өзге өндірушілерге және ұқсас тауарларды өндірушілерге өзінің өнімімен немесе тұтынушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуімен, сондай-ақ бизнесінің тиімділігімен төтеп беру. Ол әдетте кәсіпорын мкамандарымен бағаланатын болса, бәсекелестік артықшылықтар кәсіпорынның ұсыныстарын оның бәсекелестерінің ұсыныстарымен салыстырып бағалайтын тұтынушылар есебінен жүзеге асады. Яғни бәсекелестік артықшылықтар – бұл кәсіпорынның тұтынушыларға ұсына алатынөнімінің және қызметінің ерекше болуы.Бәсекелік артықшылық – бұл бәсекелік күштерге төтеп беруге және тұтынушыларды қызықтыруға мүмкіндік беретін фирманың нарықтағы орны. Бәсекелік артықшылықтың негізі ретінде кәсіпорынның бірегей активтері немесе қызмет саласындағы біліктілігі қарастырылады. М.Портер бәсекелік артықшылықтарды келесідей кәсіпорындар иеленеді дейді:неғұрлым жедел түрде мамандандырылған ресурстар мен дағдыларды жинауға мүмкіндік беретін елдерде қызмет атқаратын кәсіпорындар;егер кәсіпорынның орналасу елінде тауарға және технологияға деген қажеттілік туралы анық және толық ақпарат болса;егер әрдайым капитал салымдары болса;егер иелердің, менеджерлердің, персоналдың мүдделері сай келсе.Бәсекелестік ортаны талдау және кәсіпорынның бәсекелестік жағдайын анықтау бәсекелестік ортаның күрделілігін және динамизмін анықтауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның бәсекелік қабілеті» деп – оның бәсекелес кәсіпорындармен салыстырса технология, тәжірибелік іскерлігі, персоналдардың білімі, стратегиялық және ағымды жоспарлау, сапа, коммуникация сынды артықшылықтарымен ерекшеленуін айтады.М. Портердің негіздеуінше кәсіпорынның бәсекелік қабілетін анықтайтын бес бәсекелік күші бар:бір саланың бәсекелес кәсіпорындары арасындағы тартыс; ауыстырмалы-тауарлар шығаратын кәсіпорындар тарапынан болатын бәсеке;салаға жаңа бәсекелестердің ену қаупі;тасымалдаушылардың саудаласу мүмкіндіктері; тұтынушылардың саудаласу мүмкіндігі.

Бизнес-жоспарды жақсылап жасау мекеме басшысын немесе менеджерді дайындау үшін көмек болады. Егер сіз фирманың бизнес-жоспарын дұрыс әрі сауатты түрде жасай алатын болсаңыз, онда сіздің фирмаңыз табысты, тиімді ж/е басқаруға қолайлы түрде жұмыс жасайтын болады. Болашақта болуы мүмкін жағдайларға байланыс болжамдарды автоматты түрде жасап, тез арада тиісті шешімді қабылдайтындай деңгейге жетесіз.Бизнес-жоспар дегеніміз бір мекеменің немесе фирманың қызмет өнімділігін анықтап, басқаратын негізгі тетіктік құрал. Бизнес-жоспар жасау фирманың бизнесін, қызметін дұрыс жолға қоюға ж/е басқару саласын сауатты басқару мен оңтайландыруға мүмкіндік береді.Инновациялық кәсіпкерліктің негіздері Инновациялық кәсіпкерлік – шындық пен мүмкін жағдайдың аралығындағы үлеспеушіліктерді (мәселелерді) шешуімен байланысты, өнім мен қызмет түрінде жаңа ойды нарыққа дейін жеткізуге арналған, экономикалық пайда алуға бағытталған мақсатталған қызмет. Осы процесс Қазақстанның жағдайында екі жорамалмен түсіндіріледі. Бірінші жорамал бойынша, осы процестің негізінде технологиялық қозғау салу жатыр, ал екінші бойынша — нарық сұранысын қысымы жатыр. Кәсіпкерлікте, соның ішінде инновациялық та, ерекше экономикалық субъекттің – нарық экономикасымен байланысты кәсіпкердің, өзгеше қызметін білдіретін, оқиғамен байланысты қиын экономикалық мазмұн бар. Осымен байланысты кәсіпкершіліктің өзі қайта өндіру, тауар мен капитал айналу, өндірістік қорларын беру процестеріне келтіретін нарық экономика элементі ретінде алға шығады. Нарық құрылымының элементі бола тұра, кәсіпкершілік нарықтық жүйе жағынан ықпалын көреді, нарық экономикасының заңдарына бағынады. Ол ұлттық экономикасына өсімділік пен тұрақтылық келтіріп, оның жағдайы мен жұмыс істеуіне әсер етеді. Демек, кәсіпкерлік – экономикалық жүйесін қайта өндіру процесін ұйымдастыратын, оған жағдай жасайтын фактор. Инновациялық кәсіпкерлік қызметі – ертеде пайдаланбаған коммерциялы нәтижелі қорларды өндіріске еліктіру арқасында ұлттық байлықтың көбеюін мойындайтын нарық экономикасы мен мемлекеттердің экономикалық дамуының маңызды факторы. Инновациялық қызмет кәсіпкерлік құрылымдардың әрекетінде өндіріс нәтижесін көтерудің негізгі факторы болып табылады. Инновациялық кәсіпкерлік ғылыми-техникалық және өндірістік салалар арасындағы (делдалдық) рөлдерді байланыстырып дамытуды көздейді. Инновациялық кәсіпкерліктің соңғы мақсаты жаңа дәуірдің бәсекеге қабілетті ғылымды қажетсінетін өнімді сериялық өндіруді және әлемдік стандарттар деңгейіндегі жоғарғы сұранысты жылдам реттейтін кәсіпорындарды дамыту болып табылады.
Инновацияны ендіруді жылдамдатуға бағытталған заңнамалық базаны жетілдіру Қазақстанда инновациялық қызметтің еркіндігін қорғауға және мемлекеттік қолдауға бағытталған қолданыстағы құқықтық базаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және заңдар мен нормативтік актілерді шығару үрдісі қарастырылуда.

Республикадағы инновациялық іс-әрекеттер ғылымның ары қарай дамуы оның заңдылық және нормативтік базаларын жетілдіруге байланысты. Дүниежүзілік тәжірибеде, шағын инновациялық кәсіпкерлік қызметіне және дамуына ең қолайлы жағдай ғылыми технологиялық орталықтарда инкубаторларда, технопарктерде, технополистерде ұйымдастырылады екен. Бұл ұйымдар шағын инновациялық кәсіпорындарды бір қалада шоғырландырып, оларға ғылыми-техникалық зерттеу лабораторияларын, өндіріс – тәжірибелік цехтарын және жалға бөлмелер ұсынады. Бұл жерде мемлекеттік қаржы, коммерциялық банктер және венчурлі қорлар қаржылары шоғырланады. Әдетте ғылыми технопарктер мынадай жерлерде орналасады: жоғары оқу орындары, университеттер мен институттар бар жерлерде; өндіріс зоналарын, жер телімдерін, лабораторияларды жалға алуға мүмкіндік бар жерлерде; мемлекет тарапынан қолдау мен салық жеңілдіктерін алуға мүмкіншілік бар жерлерде;автокөлік, теміржол магистралдарына және шикізат көздеріне жақын жерлерде. Инкубатор – инновациялық қызметтің көптеген түрлерін ұсынушы кешен, ол бір немесе бірнеше ғимаратты алып тұрады, ал шағын инновациялық фирмалар осы ғимарат ішінен белгілі бір территорияларды жалға алып, қызметін бастайды, инкубациялы период 2-3 жыл, осы мерзімнен кейін фирмалар өз бетінше қызмет жасау үшін бұл кешеннен шығып кетеді. Технопарк – ғылыми-техникалық, территориалды комплекс, негізгі мақсаты шағын бизнес фирмаларының қызмет етуіне тиімді, ыңғайлы жағдай қалыптастыру. Олар жоғары оқу орындары, лабораториялар тұсында қалыптасады. Техноплис – жеке қала негізінде құрылған ғылыми-өндірістік құрылым. Негізгі құрылымы – технопарктер, инкубаторлар, ғылыми орталықтар мен университеттер. Ғылыми-технологиялық аймақ – ірі оқу орындары, ірі өндіріс кәсіпорындары шоғырланған, территориясы шектелмеген ғылыми өнім өндіруге маманданған аймақ.
Дүниежүзілік тәжірибе көрсетуіне қарағанда, шағын инновациялық кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаттың басты бағыты. Сонымен қатар ғылыми-техникалық саясаттың басты бағыты – шағын инновациялық фирмалардың қызметін тікелей қаржыландыру.

Басқа жаңалықтар

Back to top button