Новости

Түркістандағы өндіріс орындары

Түркістан қаласы құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындардың көптігімен мақтана алады. Әрине бастысы сан емес сапа екені анық. Облыс орталығындағы қайнап жатқан құырылыс саласы дәл осы кәсіптің өркендеуіне жол ашып отыр. Сондай-ақ бәсекелестік те кәсіпорындардың саннан сапаға жұмыс істеуіне жағдай жасауда. «Turkistan» индустриалды аймағында ашылған «СпецСтрой» ЖШС-нің бұйымдары бүгінде құырылыста үлкен сұранысқа ие. Темір-бетон бұйымдарының жол-құрылыс материалдарын шығару зауытының жалпы құны 1,100 миллион теңге. Жоба қуаттылығы орасан. Жылына мұнда 200 мың тонна асфальтбетон қоспалары өндірілсе, бетон қоспаларынан 30 мың м3 көлемінде дайындалады. Зауыттың 250-ге жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндігі бар.

Түркістанның қарқынды дамуына үлесін қосатын екінші зауыт — «EKP Group — 878» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Отандық кәсіпкер мұрындық болып, бастап отырған кәсіпорында болашақта газбетон блоктарын өндіру көзделіп отыр. Жоба құны мұнда да 1 миллиард теңгеден асады. Нақтырағы 1,041 миллион теңгені құрайды. Құрылыс саласындағы отандық өнім ретінде нарыққа шығатын өнімдер Түркістанда салынып жатқан баспаналардың бой көтеруіне бағытталатын болады. Кәсіпорын толық қуаттылығына шыққанда жылдық өндіріс көлемі 60 мың м3-ді алады деп күтілуде. Кәсіпкердің 100 пайыз өз қаражаты есебінен салынып жатқан зауытта болашақта 16 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Түркістан қаласындағы белді кәсіпорындардың бірі «Яссы құрылыс» өндіріс ошағы саналады. Кәсіпорын 2012 жылды тамыз айында өз жұмысын бастаған. Осы жылдар аралығында зауыт жол құрылысына арнлаған құрылыс метариалдарын өндіріп және Түркістан, Қызылорда, Павлодар облыстарында мектеп, балалар үйі, көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысының жүргізілуіне ат салысты. Бүгінде кәсіпорын 5,8 гектар аумақты алып жатқан үлкен кешенді өндіріс ошағына айналған. Кәсіпорын темірбетондар, бетонараластырғыш, металлоконструкция, жол және тротураға ранлған бордюлер шығарады. Зауыттың бірі ерекшелігі өндірілген өнімнің сапасын зерттеп, тексеретін арнайы зертханасы жұмыс істейді.

Зауыт жылына 138 000 тонна темір бетон бұйымдарын шығарып, ішкі нарықты отандық құрылыс заттарымен қамтамасыз етіп отыр. Алып зауытта бүгінде 400 ге жуық тұрғын жұмыс істейді.

«Яссы Құрылыс» компаниясы тек құрылыс материалдарын ғана өндіріп қоймай азық-түлік саласында да өз өнімдерін ұсынып келеді. Атап айтқанда мұнда шұжық өңдейтін зауыт, наубайхана және кондитерлік өнім өндіретін цех жұмыс істейді. Шұжық шығаратын цех 2014 жылы ашылған. Мұндағы заманауи қондырғы Польша, Германиядан әкелінген. Өнімдер Қазақстанның мұсылмандар діни басқармасымен мақұлданған, яғни халал өнім болып саналады. Себебі шұжықтар табиғи өнімнен жасалады. Құрамында ГМО, зиянды конверванттар жоқ. Шұжыққа қажетті ет өнімдері де цехтың өзнен шығады. Яғни мұнда ірі қара малды күтіп баптауға, бордақылауға арналған үлкен алаң бар.

Ал «Яссы нан» ЖШС 2014 жылы іске қосылған жобаның жалпы құны 200 миллион теңге. Тәулігіне 13,7 тонна өнім шығаратын нан зауытында 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. «Бұл наубайхана бастапқыда белгілі бір кәсіпорын жұмысшыларын нан өнімімен қамтамасыз ету үшін құрылған. Уақыт өте келе қала тұрғындарынан біздің өнімге деген сұраныс күрт артты. Нәтижесінде өнім көлемін тәулігіне 30 мың данадан 50 мыңға шығарып отырмыз. Осыған орай жаңа жұмыс орындары ашылып, наубайханамыздың өндірістік қуаты мен аумағы мейлінше ұлғайды. Қазіргі таңда мұнда нанның 40 түрі, шұжық өнімінің 15 түрі шығарылады», – дейді наубайхана басшысы. Бүгінде кәсіпкер өз есебінен жобаға қосымша 800 миллион теңге қаржы құйып, Чех Республикасынан нан жабуға арналған заманауи қондырғылар сатып алған. Қазіргі таңда мекеме Түркісан қаласын нан өнімдерімен толық қамтамасыз етіп, баға тұрақтылығын сақтап отыр. Тәулігіне 10-12 тонна ұн өнімін өндіреді. Нан – әрқашан да тұтынушылар сұранысына ие болатын өнім болғандықтан наубайхана демалыссыз жұмыс істейді. Мәселен, мұнда еңбек ететін 120 адам өткен жылы 10 миллионнан астам сапалы өнім шығарып, түркістандықтардың алғысын алған.

Ал серіктестіктің екінші бөлімі жоғары сапалы, пішіні мен дәмі тұтынушының көңілінен шығатын кондитерлік цех. Мұнда үш түрлі өнімнің 100 ассортименті пісіріліп шығады. Түркияның автоматтандырылған заманауи желісын қолданып отырған цехта 10 азамат жұмыс атқарады.

Тәттілерге қосылатын қоспалар Ресей, Түркия мемлекеттерінен арнайы алып келінеді. Өнімнің бағасы қол жетімді. Сонымен қатар, тәулігіне 10-15 бас мал сойылатын зауытта шұжықтың 8 түрі жасалады. Яғни, мұнда айына 30 тонна жылына 300 тоннадан астам дайын өнім шығарылады. Шұжыққа қосылатын арнайы қоспалар Түркия мен Австриядан әкелінеді. Мұнда да он адам еңбек етеді. Дәмі тіл үйіретін тәттілердің де атаулары сан алуан. Мәселен «Фруктовый», «Киевский», «Маковый», «Шоколадты», «Бал қосылған», «Грильяж», «Дуэт», «Даниэла» т.б. «Поляк-германиялық технологиямен жабдықталған цехта қазіргі уақытта өз ісін меңгерген, «он саусағынан бал тамған» кондитер мамандар 12 сағат жұмыс ауысымымен еңбек етеді. Олардың әрқайсысының өз атқаратын жұмыстары бар, яғни қамыр дайындау процестерін бақылау, крем дайындау, тәттілердің арасына салма әзірлеу, т.б. «Яссы нан» цехы бүгінде Түркістан қаласын ғана емес, сонымен қатар Кентау, Шәуілдір, Иқан, Атабай, Шорнақ, Шобанақ елді мекендерін түрлі нанмен, тортпен, тәтті нан-тоқаш өнімдерімен, шұжық өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. 3 цехта 10 инженерлік-техникалық жұмысшы, жалпы 120 адам жұмыс істейді. Мұнымен қатар 500-600 адамға арналған той-жиындарға тапсырыс қабылдайды. Осыншама қызу қайнаған жұмыс барысында мекеме қайырымды іс жасауды да назардан тыс қалдырған емес, жағдайы төмен отбасыларға, медреселерге жиі қаржылай көмек көрсетіп, нан тарқатып отырады.

«БаяндыҚұрылыс» ЖШС – 13 жылдан бері нарықта жүрген, түркістандық компания. «Баянды құрылыс» ЖШС-нің ҚР Президетінің жарлығы бойынша үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы ұлттық экономиканы 2020 бағдарламасына сай полиэтилен құбырларын шығаратын зауыт 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап осы бағдарлама бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. 2011 жылы бұл зауытта ф20-тан бастап ф250 дейін полиэтилен құбырларын шығаруда. Кәзіргі күнге бұл мекеме ф20-тан бастап, ф800-ге дейін полиэтилен құбырларын шығарады. Аталған кәсіпорын бүгінде 31 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Түркістанда жылына 72 мың данадан аса темір-бетон бұйымдарын өндіруге қауқарлы «Нұр Строй ЛТД» ЖШС 2008 жылы іске қосылған. Бүгінде мекемеде 200-ге жуық тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорынның жылдық айналымы 6 млрд теңгеден асады. Сондай-ақ мұнда айына 5 мыңнан аса темірбетон, 4 мың тоннадан астам асфальт жабындысы, темір қоршаулар, темір бағаналар, плита жабындылары, т.б үй жағдайына қажетті құралдар өндіріледі.

Айта кетейік, Түркістан қаласында өнеркәсіпті дамытуға біршама көңіл бөлініп келеді. Оған дәлел, өткен жылы шаһардың негізгі капиталына тартылған инвестициялар арқылы қалада «Ali Construction Group» ЖШС, «Grand Strоy Kaz» ЖШС, «Бозарық АБЗ» ЖШС секілді ірі жобалар жүзеге асырылған.

Одан өзге, Түркістан қаласының индустриалды аймағында 20 кәсіпорын іске қосылып, мыңнан аса адам жұмыспен қамтылды. Ондағы кәсіпорындар – жиһаз жасау, күйдірілген кірпіштер дайындау, бетон бұйымдары, жол құрылысы материалдары, темір торлар, POS терминалдары сынды өнім түрлерін шығарады.

Айта кетейік, елімізде құрылыс материалдарына сұраныс артып келеді, мұны ресми статистика дәлелдейді. Өткен жылы (қаңтар-желтоқсан) елімізде 1 249,5 миллиард теңгеге құрылыс материалдары өндірілді. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,3 пайыз ға жоғары (1 133 миллиард теңге). Өндірістің ең көп өсуі отқа төзімді бұйымдар (+12,6 пайыз), керамикалық кірпіштер (+70,9 пайыз), портландцемент (+0,4 пайыз), гипсокартон (+0,6 пайыз) және құрылыс ерітінділері (+17,5 пайыз) бойынша байқалады. Сондай-ақ, құрылыс материалдары 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,7 пайыз ға ($220,6 миллион) артық экспортталған. Заттай көріністе экспорт көлемі 17,2 пайызға ұлғайып, 1 484,2 мың тоннаға жетті, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңінде 1 265,9 мың тонна деңгейінде болған. Импорт көлемі керісінше 4,4 пайызға аз көресеткіш көрсетіп отыр. 2023 жылдың қаңтар-қараша айларында еліміздегі құрылыс материалдары нарығының көлемі $3 368 миллион құрады, онда ОТӨ үлесіне 68 пайыз, импорттық өнімнің үлесіне – 32 пайыз келеді. Құрылыс материалдары өндірісінің үлкен көлемін көрсеткен қалалар Астана (өндірістің жалпы көлемінде 14 пайыз), Алматы (8,8 пайыз) және Шымкент (8,5 пайыз) қалалары болып табылады.


Басқа жаңалықтар

Back to top button