Новости

Бюджеттік басқарудан – нәтижиелерді басқаруға ықпал

Өткен жылы мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «бюджеттік басқарудан» «нәтижелерді басқаруға» көшу арқылы бюджет жүйесін реформалау басталды. Бұл міндет бюджет процесіне қатысушылардың ашықтығын, жауапкершілігін және тәуелсіздігін арттыратын жаңа кодексті қабылдау аясында шешілетін болады. Қазірдің өзінде аймақтық саясатта маңызды реформалар жүргізілді. Мысалы, әкімдерді тікелей сайлауды енгізу мен әкімшілік реформа. Дегенмен, бюджетаралық қатынастарды түбегейлі өзгерту өзекті болып табылады. Жаңа экономикалық модельге көшу шеңберінде өңірлердің бюджеттік дербестік деңгейін арттыру қажет. Корпоративтік табыс салығы мен басқа да төлемдер түрлерінен түсетін түсімдердің бір бөлігін өңірлерге аудару туралы шешім қазірдің өзінде оң нәтиже берді. Өткен жылы өңірлік табыс өсімі 30 пайыздан асты.

«Бюджеттің екінші деңгейіне кемінде екі триллион теңге аудару міндеті тұр. Біртіндеп фискалды орталықсыздандыру нәтижесінде жергілікті бюджет кірістерінің құрылымында республикадан түсетін трансферттердің үлесі орта есеппен 25%-ға дейін төмендеуі керек, қазір бұл көрсеткіш 50%-ды құрайды. Сонымен қатар, облыс әкімдеріне бюджетті дербес қалыптастыру құқығын беру керек деп ойлаймын. Бұл, ең алдымен, өзекті мәселелерді жергілікті жерлерде шешуді айтарлықтай жылдамдатады», – деп атап өтті Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті бюджетке түсетін салықтардың бөлігі бойынша преференцияларды айқындау жөніндегі өкілеттіктерді өңірлерге беру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Бұл шара кәсіпкерлікті дамытуға елеулі серпін беріп, аймақтардың тұрақты ілгерілеуіне ықпал етеді.

Бұл бастаманы Түркістан облысының ардагерлер кеңесі ерекше қолдады.
«Бүгінгі күні әкімдердің қолында тек оларға беретін бюджет бар, бірақ мемлекет басшысы өз жолдауында салықтардың бір бөлігі орнында қалатынын атап өтті. Осылайша, бұл қаражатқа әкімдердің өздері билік ете алады. Әрине, қуанбасқа болмайды. 2 мыңнан астам адам тұратын елді мекендердің де өз бюджеті бар. Бұл жергілікті әкімдерге оны толықтыруға серпін береді, мемлекет бұдан тек ұтады», – дейді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.


Басқа жаңалықтар

Back to top button