Қаржылық сауаттылық пен ғаламтордағы алаяқтық жайлы кездесу өтті
Түркістан қаласы Ш.Ниязов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Жастар арасындағы алаяқтық және құқықбұзушылық, қаржы пирамидасына қарсы күрестің, сонымен қатар келеңсіз жағдайлардың (зорлық-зомбылық, әлімжеттік, аутодеструктивті мінез-құлық, өзіне-өзі қол жұмсау) алдын алу» бойынша ақпараттық-насихаттық топтың кездесуі өтті. Жиналысқа Түркістан қаласы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» ММ «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспектор маманы Салтанат Ержанқызы, психолог Ақбота Маратқызы, Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Өңдірбай Еркебулан, Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ аға учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Абдиев Амангелді, Директордың тәрбие іс жөнінде орынбасары Абдураймов Раушан, мектеп мұғалімі Егенбердиева Дилраба қатысты. Олар оқушыларға тақырыптар төңірегінде баяндама жасады.
Айта кетейік:
Интернет желілеріндегі алаяқтықтың бір ерекшелігі қылмыскерлер тек Қазақстан Республикасында ғана емес, аның аумағынан тыс жерлерде де болуы мүмкін, яғни қылмыстың бұл түрі халықаралық сипатта болады. Аталған қылмыстарды ашу алаяқтар ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, желілерде тіркелу кезінде және ақша қаражаттарын алу барысында да өз деректерін жасырып жасайтындығына байланысты ерекше қиындық туғызады. Қылмыстарды объктивті тергеу мақсатында тиісті процедуралық іс-шаралар мен қажетті операциялар және т.б тергеу амалдары өткізіледі, сондай-ақ істердің тергелу барысыұқыптылықты, көптеген карточкалық аударымдар бойынша мұқият аналитикалық жұмысты, ақыл-ойдың өткірлігін және көп уақытты қажет етеді.
Азаматтардың интернет-алаяқтық туралы әрбір өтініші бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі, қазіргі уақытта ол бойынша белгілі бір сот-тергеу практикасын, оларды ашу және тергеу әдістемесіннақты әзірленген. Мұндай қол сұғушылықтардың құрбаны жасына, жағдайына, ұлтына, мамандығына және т.б. статустарына қарамастан кез келген азамат болу мүмкін. Сонымен, интернеттегі алаяқтықты жүзеге асыру барысында қылмыскерлер өздерін банк қызметкері немесе банктің қауіпсіздік қызметі ретіндетаныстырады, жалған электронды чек пайдалану, сатып алу туралы хабарландыру, жарнамалық желілер арқылы тауарларды жарнамалау және сату және онлайн-кредиттерді ресімдеу арқылы жасайды.
Интернет-қылмыскерлердің құрбаны болмас үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтау керек:
— паспорттық және өзге де дербес деректермен бөліспеңіз, банк карталарының нөмірлерін, пин-кодты, сондай-ақ ұялы телефонға келіп түскен SMS парольдерді, тіпті егер Сізге Банк қызметкерлері ретінде таныстырған болса да бермеу қажет.
– жарнамадағы ақпаратты, әсіресе жақсы басылған ақпаратты мұқият және толық оқып шығу;
– кез келген ұсыныстарға сын көзбен қарау;
– тауарды сатып алу (сату) кезінде алдын ала төлеуге келіспеу;
– белгісіз адамдарға ақша аудармау;
– күмәнді шарттармен мәмілелер жасамау;
– банк қосымшалары арқылы шоттағы шығыс лимитін белгілеп, мүмкін болатын транзакциялар мөлшерін шектеу;
– өз құжаттарыңызға қол жеткізуді шектеу (жеке куәлік, банк картасы), құжаттардың фотосуреттерін ешкімге жолдамау;
Көрсетілген мәліметтер алаяқтарға белгілі болған жағдайда, оларға алдағы уақытта микрокредиттік қаржы ұйымдарында немесе банктерде олардың атынан несиелерді оңай рәсімдеуге мүмкіндік береді.
Соңғы уақытта өзге адамның әлеуметтік желідегі аккаунтын пайдаланып, қаржылай көмек сұрайтын алаяқтардың әрекеті күшейіп кетті. Мұндай алаяқтықтың құрбандары көбейген. Бұған дейін танымал тұлғалардың, әлеуметтік желі белсенділерінің жалған аккаунттарын жасау арқылы азаматтардан ақша сұрау жиі кездесетін болса, енді алаяқтар қарапайым азаматтарға да көшкен. Алаяқтық схемасы қарапайым: кез келген адаманың әлеуметтік желідегі жалған аккаунты жасалады. Сол арқылы оның жақын туыстарына, достарына не өзге таныстарына хат жазу арқылы белгілі бір банк картасына ақша аудару сұралады. Мұндай деректер әсіресе Telegram мессенджерін пайдаланушылар арасында жиілеген. Z-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің мамандары шабуылға ұшырағандардың әлеуметтік желілерде байланыс деректерінің дербестігін сақтамағанын, сондай-ақ, байланыс деректерінің еркін таралып кеткенін айтып отыр.
«Мәселен, сіз белгілі бір зат не тауарды сату туралы хабарландыруды интернетте орналастырдыңыз делік. Алаяқтар сізге хабарласып, оны сатып алу жөнінде келіседі және сіздің банктік картаңызға тауарға ақша аудару үшін сілтеме жібереді. Одан әрі сілтеме бойынша өтіп, сіздің банк картаңыздың CVV/CVC-коды көрсетілген деректерін енгізу ұсынылады, оларды енгізген соң банк картасының шотынан ақша алынады. Осылай алаяқтар әлеуметтік инженерияның көмегімен төлем картасының мәліметін алып, қаржыға қол жеткізеді» дейді қызмет мамандары. Осы орайда интернет алаяқтарынан сақтану үшін KZ-CERT қызметі келесі кеңестерді ұсынады:
Интернет жүйесі арқылы келген сілтеме бойынша өткен кезде мекенжай жолына, яғни, доменнің дұрыстығына, акция жүргізетін ұйымның не компанияның ресми атауындағы артық символдарға назар аудару керек.
Әлеуметтік желілердегі өз профиліңіздің дербестігін баптауларда байланыс деректерін (қызметтік және жеке телефон нөмірі) көпшілікке қолжетімді етпеген дұрыс. Мобильдік нөмірді (бизнес-аккаунт) көрсету қажет болған жағдайда, жеке және жұмыс нөмірлерін бөлу қажет, яғни, жеке нөмірді туыстармен және жақындармен байланысу үшін ғана пайдаланған дұрыс.
Есептік деректеріңізді үнемі тексеріп, көп факторлы аутентификация пайдаланылатын сенімді парольдерді қолданыңыз.
Браузерде, операциялық жүйеде және мобильдік құрылғыларда пайда болатын түрлі терезелер мен хабарламаларға қатысты абай болыңыздар.
Банк картаңыздың деректерін сақтап, картаның сыртқы жағындағы 3 санды CVV/CVC-кодын ешкімге айтпаңыз. Сондай-ақ, банктен келіп түсетін SMS-кодты ешбір жағдайда бейтаныс жандарға хабарламаңыз.
Интернетке қол жеткізудің ашық қоғамдық Wi-Fi-нүктелеріне сенбеңіз, сонымен қатар өз аутентификациялық деректеріңізді қорғалмаған сымсыз желілер арқылы енгізбеуге тырысыңыз. Бопсалаушылардың телефон бойынша талаптарын орындамаңыз, ал егер Сіз интернет-алаяқтардың құрбаны болсаңыз ең жақын полиция бөліміне немесе 102 телефоны арқылы дереу жүгініңіз. Жеке деректерді, жеке куәлік деректерін, банк карталарының деректерін және тағы басқа мәліметтерді қамтитын құжаттарыңыздың көшірмелері бен банк картасының суретін ешкімге жібермеңіз.
Күдікті интернет-ресурстар немесе ақшалай пайдаға үміттендіретін сілтемелер айқындалған жағдайда KZ-CERT қызметіне (1400 (тәулік бойы) нөмірі, қызмет сайты, Telegram мессенджеріндегі «ҚР ақпараттық қауіпсіздігі» тобына не жеке хабарлама жіберу арқылы) хабарлаңыз.
Бөтен адамның мүлкін жымқыру, теріс жолмен алдау не болмаса заңсыз жеке бастың өзге де мүддесiне орай жымқыру, жою, бүлдiру көшіру бұл алаяқтық болып есептеледі. Жалпы қазіргі қоғамда алдау, сенімге қиянат жасау, біреудің ала жібін аттау, бөтен мүлікті ұрлау кең таралған қылмысқа айналып отыр. Оның ішіндегі қоғамға кері әсерін тигізіп жатқан алаяқтықтың өте қауіптісі — ол интернет арқылы жасалатын алаяқтық. Ұялы телефонның әр жағында халықпен интернет арқылы кері байланыс жасап сауда-саттықпен қызмет көрсетіп, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар болып отыр. Интернеттің арқасында күнін көріп жүрген алаяқтардың қылмыстық іс-әрекеті, әдіс-тәсілдері күнделікті өзгеріп, жаңарып отырады. Қылмыстық кодекстің 190-бабы екінші бөлігінің төртінші тармағында интернет-алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Аталған қылмыстың құрбаны болудан сақтану жөнінде қанша түсіндіру жұмыстары жүргізілгенімен, тұрғындар салымдар салу арқылы оңай олжа табу, басқа өңірлерден арзан затқа қол жеткізу мақсатында ақша аударымдарын жасап, алаяқтардың тұзағына іліну фактілері толастамай, үдей түсуде.Бұл фактілердің алдын алу үшін бірінші сақтық танытқан жөн. Сақтансан сақтаймын деген. Адам тек өзің-өзі ғана алаяқтықтан аман алып қала алады. Алаяқтың арбауына берілмей, сергелдеңге түсуден сақтану өз қолыңызда. Сақтансаң сақтаймын деген.